400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында

Мектеп: Сүгір Бегендікұлы атындағы

№4 орта мектеп

Сағат саны: 1 сағат

Күні: 28.02.2020


Мұғалімнің аты-жөні: Кенесариева Нұржанат Шәудірбайқызы

Сынып: 7


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы

Зерттеу сұрағы

Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы қалай басталды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


7.4.2.1 – капиталистік қатынастардың экономикаға ықпалын анықтау

Тарихи концепт (фокус)

  • өзгеріс пен сабақтастық

Сабақтың мақсаты

Капиталистік қатынастардың Қазақстан экономикасына ықпалын анықтап, оның қазақ халқының өміріне әсерін талдау

Бағалау

критерийлері




Сыни ойлау мен талдау - Қазақстандағы капиталистік қатынастардың даму барысын түсіндіріп, оның пайдасы мен зиянын талдайды;

Синтез - Қазақстандағы капиталистік қарым-қатынастар туралы білімді жинақтап, түйіндейді

Тілдік мақсаттар

Капиталистік қатынастардың енуіне байланысты қазақ халқының өміріндегі өзгерістер туралы мәтіндерді талдайды (оқылым, айтылым, тыңдалым дағдылары)

ХІХ ғ. Қазақстанда салынған кен орындары мен темір жолдар туралы (тыңдалым мен жазылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Өндіріс, ақша-қаржы жүйесі, банк, жалдамалы жұмысшы табы , буржуазия, жатақ, ереуіл

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Патша өкіметінің көздеген мақсаты...

Капиталистік қатынастардың дамуының Қазақстанның әлеуметтік/экономикалық/ саяси/мәдени саладағы болған өзгерістері, мыналар... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуының қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді салдарлары...

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамығанын қолдаймын, себебі...

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамығанын қолдамаймын, себебі...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясы Ресей империясының отаршыл саясатының экономикалық экспансия бағытын талдау барысында жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

География пәнінің білімдері картамен жұмыс жасау барысында жүзеге асады;

Қазақ тілі пән білімдері оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларына арналған тапсырмаларды орындауда сабақтастық жүзеге асады

Бастапқы білім

XIXғ Қазақстанның Ресей, Қытай, Орта Азия мемлекеттерімен сауда қатынастарының дамуы мен қазақ халқынының өміріндегі жәрмеңкелердің ролі туралы біледі




Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

1-сабақ

Қызығушылықты ояту












00-07 мин



(Б) Ұйымдастыру сәті. Топтастыру.

Өткен материалды еске түсіру мақсатында тақырыпқа қатысты суреттер мен кілт сөздері пайдаланып, «Сан қилы сұрақтар» әдісі бойынша тарихи әңгіме құрастыру ұйымдастырылады. Тарихи әңгімеде тарихи фактілер мен статистикалық мәлімет берілуі де талап етіледі.

Кілт сөздер:

Тау-кен орындары, темір жол, қаржы операциялары, ауыл шаруашылық өнімдері, шетел және орыс капиталистері, ақша, капитал, өндіріс, ақша-қаржы жүйесі, банк, жалдамалы жұмысшы табы , буржуазия, жатақ, ереуіл т.б


М Оқушылардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады. Бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Оқушылардың ойларын осы сабақта басты зерттелетін мәселеге шоғырландырылып, болжам жауаптары арқылы зерттелетін мәселе бағытталады. Осы тақырыпқа байланысты видео көрсетіледі.

  • Оқушылар видеодан не көрдік?

  • Қандай ой түйдік?


Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. – Алматы

Қосымша-1

Карточкалар


Мағынаны тану




07-15 мин























15-38 мин



Зерттеу мен талдау

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс Сыныпқа қима қағаздар таратылады. Сол қима қағаздарды құрастырғанда суреттер шығады. Сынып суретке байланысты төрт топқа бөлініп отырады.

Т Сыныпты төрт топқа бөлдік Әр топқа салалар бойынша мәтін беріледі. Мәтінді оқып болғаннан кейін , топ ішінде талқылайды, ақпаратты сыныпқа жариялайды

Төрт топ мына тақырыптар бойынша жұмыстанады.

1-топ.Тау кен өндірісі; Темір жол

2-топ.Ауыл шаруашылығы;

3-топ. Сауда жәрмеңкелері

4-топ. Сауда жәрмеңкелері

Кері байланыс. Топтық бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек»

Топты бағалау критерийлері:

- мазмұнды ашуы;

- сөйлеу шеберлігі;

- регламент сақтауы

Кері байланыс.Мұғалімнің бағалауы.


Интерпретация. Білімді жинақтау

2-тапсырма.

  • Б Қазақстанда капиталистік қатынастар қашаннан бастап пайда бола бастады?

  • Орыс капиталистері өз қаржыларын Қазақстан өндірісінің қай салаларына салды? Неліктен?

  • XIXғ II жартысында Қазақстанда шетел капиталистерінің қолына өткен өндіріс орындарын атаңыз.

  • Ауыл шаруашылығында капитализмнің белгілері бар екенін дәлелдеңіз.Ауыл шаруашылығының қандай өнімдері көптеп шығарылды?

  • Қазақстанда қандай темір жол тараптары бар екенін және олардың салыну себебін түсіндіріңіз.

  • Қазақстанда банктар қай қалаларда пайда болды?

  • Капиталистік қатынастардың дамуы қазақ қоғамына қалай әсер етті

Бағалау: мұғалімнің түрлі смайликтер арқылы бағалауы

3 тапсырма.

Оқушыларға осындай тапсырмалар беріледі. Әрбір оқушы кітаппен дәптермен жұмыс жасайды. Орындап болған соң оқушы көршісімен дәптерін ауыстарып, дайындалған тапсырманы орындап, иесіне қайтып береді. Оқушы орындалған тапсырман тексеріп, көршісіне балл қояды.

1 топ.Сәйкестендіру

2 топ: Топтастыру

3 топ: Семантикалық карта құрастыру

Бағалау. Бірін – бірі бағалау «Балдық жүйе 1,2,3,4,5балл)











Қосымша-2

Суреттер топтамасы















Қосымша-3

Мәтін-таратпалар

Ой-толғау





38-40мин

Рефлексия (өзін-өзі бағалау)

Мен білдім
Маған киындық тудырды?
Тақырып бойынша сұрақтар бар?


Үйге тапсырма

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы барысында қандай жаңа өндіріс түрлері пайда болды? тақырыбына әңгіме жазып келу





Стикерлер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі