жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Қазақстандағы биотехнологияның дамуы, 9 сынып
Пəн: Қазақ тілі мен əдебиеті |
Мектеп: Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ
|
||
Күні:29.01.21 |
Мұғалімнің аты-жөні:Ысқақова Әсемгүл Асланқызы |
||
Сынып: 9 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Бөлім |
8-бөлім. Биотехнология жаңалықтары. |
||
Cабақ тақырыбы: |
Қазақстандағы биотехнологияның дамуы |
||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарла-масына сілтеме) |
9.3.4.1 мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау; 9.5.1.2 шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді жазбаша, ауызша жұмыстарда орынды қолдану |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлығы: тақырып бойынша өз ойын жеткізеді. Көбі: автордың идеясын бағалайды. Кейбірі: тақырып бойынша көтерілген мəселені талқылайды. |
||
Бағалау критерийлері |
Тұжырымдарды анықтап, дəлелдей алады. |
||
Тілдік мақсаттар |
Пəнге тəн лексика мен терминология: экологиялық апат,биотехнология,энергия көздері. |
||
Тілдік бағдар: Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырады. |
|||
Бастапқы білім |
Халықаралық көрме, табиғат апаттары жайында пікір айтады. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-əрекет |
Дерек-көздер |
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Бір қадам алға...» Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстеліне жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады. Мағынаны ашып, мəнін тану үшін оқушы бұл кезеңде жаңа ақпаратпен танысады,мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Қызығушылықты ояту. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Ойтүрткі. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.Мәтінді оқу. Дескриптор: –сұрақтарға жауап береді; – мәтінмен танысып,биотехнология жайында ойларын айтады. |
|
|
Сабақтың ортасы |
Мағынаны ажырату. Ойқозғау. «Мағынаны тану». Ойлау мен үйренуге бағытталған əрекет мағынаны тану (түсіне білу) деп аталады.Тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс істеп, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады (арнайы мəтіндер, тапсырмаларды, түрлі амалдарды қолдана беру, əртүрлі əдістерге сəйкестендіру т.б.). 2-тапсырма.Мәтінді оқып, «Биотехнологияны дамыту үшін не қажет?» деген сұрақ бойынша пікірлеріңді шартты бағыныңқылы сабақтастың баяндауыштарын пайдалана отырып дәлелдеу. 3-тапсырма. «Кластерлер» əдісі қолданылады. «Жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дəптердің) ортасындағы шеңберде көрсетіліп, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы əңгімелейді. 4-тапсырма. Мəтіннен шартты бағыныңқылы сөйлемдерді тауып жаз. 5-тапсырма. «Кім жылдам?» Берілген сызба бойынша шартты бағыныңқы сөйлемдер құрастырыңдар. Дескриптор. –мәтінмен жұмыс жасайды; –шартты бағыныңқылы сөйлемдердің жасалу жолын түсінеді; – негізгі ақпаратты топта баяндайды; – мəтінге қатысты сөздерді пайдаланады; – сұрақтарға жауап береді. Қалыптастырушы бағалау. «Бағалау парақтары» негізінде қорытындылайды. Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы кері байланыс жасалады. 1-баспалдақ. Тапсырмаларды орындай алмадым. 2-баспалдақ. Аздап қиналдым. 3-баспалдақ. Тапсырманы орындай алдым.
|
Интер-белсенді тақта Аудиокітап Стикер Бағалау парағы
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия.«Бір ауыз сөз» немесе «Бағалау ағашы» Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып, ағаш суретіне жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Дескриптор. – пікірі мен көзқарасын білдіреді. – талқылауға қатысады. Үй тапсырмасы. 5,6- тапсырма. |
|
Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс. |
|
|
|
|
|
Рефлексия. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім жəне неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||
|
|||
Жалпы баға Сəтті өткен екі нəрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру жəне оқытуға қатысты): 1. 2. Қандай екі нəрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (Сабақ беру жəне оқытуға қатысты): 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген