400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстандағы эканомикалық жетістіктер. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып мұғалімдеріне көмек ретінде пайдасы тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 МГ

Күні: 11.11.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Амангалиева М.Х.

Сынып: 4-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Ортақ тақырып:

Бөлімше:

Сабақ тақырыбы

Мəдени мұралар

3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

Қазақстанның экономикадағы жетістіктеріі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

-ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қазақстанның экономикадағы жетістіктері туралы біледі;

Көптеген оқушылар:

  • Еліміздегі өнеркәсіпті қалаларды картадан табуды үйренеді:

  • сұрақтарды талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Кейбір оқушылар:

  • Интернет ресурстарын пайдалана отырып, өндіріс саласында қандай жаңа өнімдер өндіріле бастағанын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • ХХ–ХХІ ғасырларда Қазақстан аймағында қандай өндірістік кəсіпорындар салынғанын біледі, өндірістік кәсіпорындардың қай қалада орналасқанын картадан көрсетеді

  • еліміз үшін тың игерудің қандай маңызы болғанын түсінеді.

  • Сұрақтарға толық нақты жауап береді

Тілдік мақсаттар

Тың жер, сыртқа шығару сөздерінің анықтамасына мəн беру. Түсіндірме сөздік.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Өндіріс, өнеркəсіп, пайдалы қазбалар, тың жəне тыңайған жерлерді игеру, өнімнің жаңа түрлері.

Диалогке/жазылымға қажетті сөйлемдер:

ХХ ғасырда елімізде пайдалы қазбалар өндіріле бастады. Пайдалы қазбалар табылған жерлерге қалалар тұрғызылды.

ХХІ ғасырда елімізде өнімнің жаңа 500 түрін шығаратын кəсіпорындар ашылды.

Талқыланатын сұрақтар:

  • ХХ ғасырда Қазақстанда қандай өндірістік кəсіпорындар тұрғызылды?

  • Түрксіб теміржол құрылысының экономика үшін қандай маңызы болды?

  • Қазақстандағы қандай фирмалардың өнімдері шетелде жақсы танылған?

  • Тың игерудің еліміз үшін қандай маңызы болды?

  • Қазіргі таңда елімізде өнімнің қандай жаңа түрлерін өндіру қолға алынып жатыр?

Жазылым.

Суретші Əбілхан Қастеевтің «Түрксіб» картинасына сипаттама беру (5–6 сөйлем).

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, Аймектеп, интербелсенді тақта

Алдыңғы білім

Экономика туралы түсінік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық.

«Алақан» тренингі

Оқушыны бір-бірінің алақанын қысу арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.


(Ж, Ұ) Дəптердегі үй тапсырманың орындалуын тексеру (В1, 2, 3-тапсырмалары)

«Кезектескен интервью» әдісі.

(Әр топқа өткен сабақтардан сұрақтар беріледі. Микрафон қолдану.

1.Біздің ата тегіміз кімдер болған?

- сақтар, ғұндар, түркілер

2.Олар қай заманда өмір сүрді?

- біздің заманымыздан бұрын және біздің заманымызда

3. Оны қайдан білеміз?

- Уақыт тізбесінің көмегімен

4. Біздің ата бабаларымыз қандай шаруашылық түрімен айналысқан?

-Көшпелі мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысқан.

5. Ғұндардың зергерлік бұйымдары нелер болған?

- Мойынға тағатын әшекей және сақина болған

6.Бұл тайпалардың киімдері қалай тігілген?

-Атқа мінгенде ыңғайлы, суықта жылы, жазда салқын әрі жеңіл болатындай етіп тігілген.

7. Ең алғашқы қалалар қай жерлерде бой көтерген?

- Сырдария мен Жетісу маңында бой көтерді.

8. Қазақ хандығы неше жүзге бөлінген?

- Үш жүзге; ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз

,,,,,,,, ,,,,,,


,,,

Мұғалім: Экономика сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

«Экономика» сөзі грек тілінен алынған. Мағынасы «үй шаруашалығын жүргізу өнері» дегенді білдіреді.

Экономика сөзінің қазіргі мағынасы тек отбасының шаруашылығын басқару дегенді емес, тұтас мемлекеттің шаруашылығын басқару дегенді білдіреді.

Оқу мақсатын таныстыру

Сен

  • ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қазақстанның экономикадағы жетістіктері туралы білесің;

еліміздегі өнеркәсіпті қалаларды картадан табуды үйренесің:

Күтілетін нәтижені анықтау

-Балалар, бүгінгі сабағымызда Қазақстанның экономика саласында жеткен жетістіктерін сөз ететін боламыз.

Сабақтың соңында мен сіздерді мына бағалау критерилері бойынша бағалайтын боламын.



Оқушылар орындарында тұрып көршілерінің алақанын қысады.








Сұраққа жауап берген оқушыны ауызша мадақтау,

толықтыру жасау, бағыттау.




















ЭКОНОМИКА.




Сабақтың ортасы































































Сергіту сәті




«Болжау» әдісі.

Берілген суреттерден бүгінгі сабағымызда еліміздің экономикасында қандай өндірістер туралы айтатынымызды болжап көрейік. (қысқаша оқушылардан бір екі сөйлемнен сұрау)

Осы жерде оқушылар мен сіздерге халық ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңін оқуды ұсынғым келім тұр.

Түр кіргізді далама, Мұқтажы жоқ елімнің,

Шексіз мақта, көп егін. Үйінен табады керегін.

Алтын, күміс, қорғасын, Қарағанды, Қарсақбай,

Мұнай, көмір, жез бен мыс Ембі менен Балқаштай,

Жылдан-жылға көбейіп, Кеннің әлденешеуін,

Кеңейтіп келеді көлемін. Тағы тауып беремін.

-Оқушылар, өлең жолдарында ел экономикасы қалай сипатталған?

-Қандай пайдалы қазбалар айтылған?

-Өлеңде кен орындары бар қай жерлер туралы айтылған?

Ширату тапсырмасы (Жұптық, ұжымдық жұмыс)

https://bilimland.kz/kk/courses/dunietanu/pajdaly-qazbalar/lesson/pajdaly

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі