400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспар тарих пәні мұғалімдеріне көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында


Тексерілді ДОІЖО:

Мектеп: №180 ЖББМ


Сағат саны: 1 сағат

Күні:14.02.2020


Мұғалімнің аты-жөні: Абдиманапова Ж.Ы.


Сынып: 7 «Б»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстандағы отаршылдық қоныс аудару саясаты

(Алғашқы сабақ, 1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


7.1.1.2 – Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау



Сабақтың мақсаты

Барлығы: Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен мақсатын біледі;

Көбісі: Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуін талдайды;

Кейбірі: Қоныс аударушылардың негізгі қоныстанған аймақтарын анықтайды;



Бағалау

критерийлері




Сыни ойлау мен талдау- Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен мақсатын, оның жүзеге асыру барысын талдайды;


Синтез- Ресей империясының қоныстандыру саясатының мән-мағынасын нақтылайды


Тілдік мақсаттар

Мәтін мазмұнын талдау барысында оқылым, тыңдалым, айтылым жазылым дағдылары жүзеге асады.


Пәндік лексика мен терминология:

Ходоктар, Шоқындыру, миссионер, шіркеу, басыбайлы шаруа

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қоныстандыру саясатының мақсаты...

Менің ойымша ...

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды/айтарлықтай маңызды болды, өйткені……

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу; материалды білуге және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру.

Құндылықтар:

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Пәнаралық байланыстар


География, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті.


АКТ қолдану дағдылары


Интернет, бейне баян, презентация, АКТ, карта т.б.


Бастапқы білім

Оқушылар бөлімді меңгеру барысында 8.3A Отарлау және ұлт-азаттық күрес бөлімінде алған білімдеріне негізделеді

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы




2 мин














(Б) Ұйымдастыру сәті.

Амандасу

Оқушыларды түгендеу

Топқа бөлу

Оқушыларды Қазақстанның облыстары арқылы топқа бөлемін

1-топ: Ақмола

2-топ: Семей

3-топ: Орал

4-топ: Жетісу

5-топ: Сырдария



Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.

(Б) Суреттер топтамасымен жұмыстану арқылы оқушылар сабақ тақырыбына болжам жасайды.




Сұрақ: -Суретті көріп сізге қандай ой келді?


(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.


  • Тарихи концепт (фокус): өзгеріс пен сабақтастық

Презентация



Қазақстан тарихы 8-сынып

«Атамұра», 2018.


Қабылдинов З.Е., Ж.Н. Қалиева., А.Т.Бейсембаева



Сабақтың ортасы







2 мин

























16 мин





































2 мин









12 мин









2 мин




2 мин


Зерттеу сұрағы: Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамының өмірін қалай өзгертті?


(М) Ресейдегі басыбайлы құқық туралы қысқаша ақпарат беріледі. Басыбайлы құқықтың неліктен жойылғанын және қарапайым шаруалар үшін бұл Ереженің маңыздылығы айтылады.Оқушылар «басыбайлы құқық» ұғымының мағынасын түсінуі үшін оның негізгі белгілері туралы түсінік беріледі.


  1. Шаруалардың жеке топтары арасындағы айырмашылықтар жойылады;

  2. Шаруалардың құқығына, қосымша табыс іздеуіне шек қойылады;

  3. Шаруаларды бірте-бірте азаматтық құқығынан айырады;

  4. Феодалдың шаруаны қуып жіберуге құқығы болады.

Оқушылар осы белгілерге қарап отырып, басыбайлы шаруалардың жағдайын түсініп, аталған құқықтың жойылуының маңыздылығын біледі.


Бағалау: Әр топқа бағалау парақтары таратылып беріледі сол бойынша әр топ бір-бірін бағалайды


Бағалау критериилері:

  1. Қоныс аудару саясатының себептерін анықтайды

  2. Қоныс аударудың салдарын талдайды



Зерттеу мен талдау



1-тапсырма. «Ойлан, жұптас, топтас,бөліс» әдісі бойынша

5 - топқа бөлінген оқушыларға оқулықтан мәтіндер беріледі. Мәтіннің мағынасын топ ішінде өзара талқылап, мәтінге қатысты пікірлерін сыныпқа жариялайды.


1 топ-Ақмола: «Шаруаларды Қазақстан аумағына жаппай қоныс аударту себептері». Осы мәтінді оқи отырып қоныс аударудың 5 себебін анықта.

2топ-Семей: «Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы». Осы мәтінді оқи отырып Орыс қоныс аударушыларына берілген жеңілдіктер туралы 5 дәлел келтір.

3 топ - Орал «Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі». Осы мәтінді оқи отырып қоныс аударудың жергілікті қазақ халқына тигізген 5 салдарын анықта.


4 топ - Жетісу: Оқулықтағы 3-4 мәтінді оқи отырып, қоныс аударушылардың негізгі қоныстанған аймақтарын картадан анықта.


5топ-Сырдария: Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аудару себебін анықта.



Дескриптор:

  1. Шаруаларды Қазақстан аумағына жаппай қоныс аудартудың 5 себептерін анықтайды.

  2. Орыс қоныс аударушыларына берілген жеңілдіктер туралы 5 дәлел келтіреді.

  3. Қоныс аударудың жергілікті қазақ халқына тигізген 5 салдарын анықтайды.

  4. Қоныс аударушылардың негізгі қоныстанған аймақтарын картадан анықтайды.

  5. Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аудару себебін анықтайды.



Бейнеролик қойылады, бұл бейнеролик арқылы екінші тапсырмаға көшеді.


2-тапсырма. «Интелектуалдық карта» әдісі


Әр топ өздеріне берілген мәтін бойынша патша өкіметінің қоныс аударту саясатын шеңбердің ішіне 2 жағымды , шеңбердің сыртына 2 жағымсыз жағын нақты мысалдармен анықта



Дескриптор:

Патша өкіметінің қоныстандыру саясатындағы 2 жағымды жағын анықтайды

Патша өкіметінің қоныстандыру саясатындағы 2 жағымсыз жағын анықтайды



Қорытынды:

Сабақты қорытуға Абайдың қара сөздерімен, шығармашылығымен байланысы сұралады.



Бағалау: Әр топ бағалау парақтарының қорытындысын шығарады









































































Қосымша-2

Таратпа материалдар





























Сабақтың аяғы


2 мин

Рефлексия. «Баспалдақ әдісі» Стикер жапсыру



Үй тапсырмасы: 35 параграфты оқу, хронологиялық кесте толтыру



Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақжоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ходоктар, Шоқындыру, миссионер, шіркеу, басыбайлы шаруа















1 топ-Ақмола: «Шаруаларды Қазақстан аумағына жаппай қоныс аударту себептері». Осы мәтінді оқи отырып қоныс аударудың 5 себебін анықта.



2топ-Семей: «Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы». Осы мәтінді оқи отырып Орыс қоныс аударушыларына берілген жеңілдіктер туралы 5 дәлел келтір.



3 топ - Торғай: «Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі». Осы мәтінді оқи отырып қоныс аударудың жергілікті қазақ халқына тигізген 5 салдарын анықта.





4 топ - Орал: Оқулықтағы 3-4 мәтінді оқи отырып, қоныс аударушылардың негізгі қоныстанған аймақтарын картадан анықта.





5топ-Жетісу: Жетісу аумағына ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аудару себебін анықта.







6 топ -Сырдария: Оқулықтағы термин сөздерге анықтама беріңдер





Ходоктар

Шоқындыру

Миссионер

Шіркеу

басыбайлы шаруа











































Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қарсылығы[өңдеу]

Бірінші орыс революциясынан кейін қазақ халқы патша үкіметі жүргізіп отырған отаршылдық саясатқа қарсы күресті күшейте түсті. Алым-салықтар төлеуден және міндетті борыштарды атқарудан ашықтан-ашық бас тартты. Отаршылдардың сенімді тірегі — әскер құрамаларына шабуыл жасау да жиілей түсті. Қазақтар мен келімсек орыс шаруалары арасындағы шиеленісті оқиғалар орын алды. Отаршыл өкімет билігінің органдары тарапынан ұлтаралық араздықты ұшықтыра түсу әрекеттері жиілеп кетті. Мәселен, 1914 жылғы 9 қазанда Жетісу облысының әскери губернаторы уезд бастықтарын жинап алып, оларға қоныс аударушы шаруалар қатарынан сенімді қарулы отрядтар құруды міндеттеді. Олар ел арасында шолғыншылық қызмет атқаруға тиісті болды. Жалпы жағдай шиеленісе қалған кезде олар өлкедегі мұсылман халқына қарсы соғысуға міндетті еді. Әскерилендірілген қарулы шаруалар қазақ ауылдарына шабуыл жасаумен айналысты. Олардың малдарын айдап әкетті. Ал ертерек келіп орналасып қалған шаруалардың көпшілігі ондай озбырлықты ашықтан-ашық айыптады. Өйткені өлкеде бұрыннан тұратын шаруалар жергілікті қазақтармен едәуір достасып, аралас-құралас байланыс орнатып та үлгерген еді. Олар бір-бірінің тілдерін, әдет- ғұрыптарын және салт-саналарын жап-жақсы біліп қалған болатын.[1]



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1230
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі