400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Қазақстандағы тыңайтқыш өндірісі

Материал туралы қысқаша түсінік
елимиздегі тыңайтқыштар,алынуы,қолданылуы, химиялық қасиеттері туралы мәліметтер.Шығу тегіне қарай жіктеу,білу,органикалық және химиялық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақты өткізу жоспары№24

Пәні:Химия

Курс,топ: 1 курс 1 топ «Дәнекерлеу ісі»

Өткізілетін күні:__18.03.2020ж_______________________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы тыңайтқыштар өндірісі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Білімгерлерге органикалық және минералды тыңайтқыштар,олардың пайдасы мен зияны,жіктелуі,еліміздегі тыңайтқыш өндірісі,қоршаған ортамызды ластаушы көздер мен таныстыру

  2. Дамытушылық:Білімгерлердің химия мен биология пәнінің арасындағы пәнаралық байланысты дамыту,тыңайтқыштарды пайдалануды үйрету,теориялық білімдерін тиянақтап, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, тыңайтқыштардың қасиеттерін зерттеу арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу.

  3. Тәрбиелік:Білімгерлерді отан сүйгіштікке,қоршаған ортаны қорғауға,өзін-өзі бағалауға, уақытты бағалауға, өз бетінше жұмыс істеп, қорытындылай білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Миға шабуыл,  Кластер құру, СТО элементтері, топпен жұмыс, БЛУМ таксономиясы

Көрнекіліктер: Тыңайтқыштар коллекциясы:фосфорұны, калий тыңайтқыштар, азот тыңайтқыштары,селитралар, аммиак суы, аммоний нитраты, аммофос,фосфорлы тыңайтқыш,азотты тыңайтқыш,калийлі тыңайтқыш,пробиркалар, слайдтар

Пән аралық байланыс:География,биология,тарих,экология

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру:(сәлемдесу,тізім бойынша түгендеу,дәрісхана тазалығына назар аудару, таңдап алған сандар арқылы топқа бөлу)

  ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Кір жайғыш»әдісі

 Сұрақ –жауап

1.Қазақстандағы метталлургия өндірісінің дамуы?

2.Металл түрлерін ата?

3.Асыл металдарға сипаттама беріңдер?

4.Металдардың табиғатта таралуы туралы,қандай металдарды білесіңдер?

ІІІ.Жаңа сабаққа ынталандыру:

1.Қызығушылықты ояту:

1.Білімгерлерге жаңа тақырыпқа ынталандыру мақсатында сұрақтар қою.

1.Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін не істеу керек?

2.Өсімдіктерге тез өсуі үшін қандай шаралар қолданады?

3.Қандай тыңайтқыштарды білеміз?

4.Тыңайтқыш өндіретін өндіріс орындары?

5.Ауаны ластаушы көздер?

6.Қоршаған ортаны қорғау?

7.Өсімдік өсіруші мамандарды қалай атаймыз?

ІV.Тірек білімді жандандыру:(Слайд арқылы оқытушы сөзімен жаңа тақырыпқа қосымша ақпарат ұсынылады)

Слайд №3

Бөлме гүлдерін қай кезде құнарландыру керек?
Бөлме гүлдерін суғару, оны тыңайту жұмыстарына сіз ойлағаннан екі есе күш жұмсауға тура келеді. Өсімдік жерден құнарланып, нәр алатындықтан оның топырағына мұқият көңіл аудармаса болмайды.

Топтастыру әдісі:

Shape2 Shape1

Сабақтары әлсіз, майысқақ болса


Shape3 Shape4

Бөлме гүлі өте баяу өсетін болса


Shape5

Гүлдерді қай кезде құнарландыру керек?



Shape6

Жапырақ бетінде сары дақтар пайда болса


Shape7

Жапырақтары тым ұсақ, солғын, бүрісіп түсіп қала берсе


Shape8

Shape9






Тәжірибе арқылы көрсету:

Слайд №4

1.Қантпен бөлме гүлдерін құнарландыру:

Қажетті заттар: қант,0,5 л су,стақан

Қант жеміс-жидек пен глюкозада тез ыдырайды, глюкоза өз кезегінде өсімдіктің өміршеңдігін, еркін ауамен тыныс алуын қамтамасыз етеді. Расын айтқанда, глюкоза кәдімгі көмірқышқыл газымен біріккенде ғана нәтижесін береді. Егер глюкозаның тек өзін қолданатын болсақ, гүл топырағында әрқандай зең басып, көгеріп кетуі ықтимал. Соның өзі глюкозаға қосымша көмірқышқыл газының орнын толтырады.Сонымен, 1 ас қасық қантқа 0,5 литр таза су құясыз. Жақсылап араластырып, гүлді ақырын суғарып шығыңыз. Мұны айына бір рет қайталасаңыз болды. 
Жиі суарудың керегі жоқ. Зияны тиеді. Құмшекердің орнына дәріханадағы глюкозаны қолдансаңыз да тиімдірек. Ол үшін 1 таблетка дәріге 1 литр су құйып, әлгіндегідей суарып өтесіз. Бұл да айына бір рет ғана қайталайтын процесс. 
Слайд №5

Кофе:

Кофе гүлді жақсы құнарландыра алады. Ішіп болған шыныаяқ кофенің соңында қалған қоюын сыртқа төгіп тастамай, гүл түбіне шашып жіберсеңіз болды. Соның арасында топырақ босайды және жеңіл қопсытылады. Нәтижесінде оттегі көбейеді. Кофені барлық гүлдер ұнатады. Тек бөлме гүлдері ғана емес, бақшалық өсімдіктерге қолдансаңыз пайдасы мол. Гладиолус, лилия, раушанның барлық түрі, рододендрон гүлдеріне емін-еркін кофені пайданала аласыз. Байқап жүрген боларсыз, кейде кофенің орнына шәйдің қалдығын төгіп жататындар бар. Бірақ, оның зиянды жақтарын айта кетейік. Шәйдің самасы топырақты босатады, дегенмен ондайда ұсақ шыбын-шіркей үйір болатынын естен шығармаңыз. 
Слайд №6

Цитрусты жемістер :

Қажетті заттар:мандарин,алма,банан қабығы,ыстық су,стақан.

Білсеңіз, мандарин, апельсин, банан қабықтары тәп-тәуір тыңайтқыш бола алады. Ол үшін сыртқы қабығымен ұсақтап тураймыз да, 1 литрлік банкіге салып, қайнаған ыстық суды толтыра құямыз. Бетін жауып, толық бір күн қоямыз. Келесі күні суды төгіп, дайын болған жемісті сумен енді кез-келген түбектегі гүлді суара бересіз. Бананды да дәл осылай қайталаймыз. 
4. Ашытқылар мен бөлме гүлдерін құнарландыру:

Қажетті заттар:ашытқы,қант,су,стақан.

Кәдімгі кондитерлік ашытқылар тек тоқаш пісіріп, дәмді квас дайындауға ғана қолданылмайды екен, сырын білсеңіз оны тыңайтқыш есебінде пайдалана алатын көрінесіз. Өйткені, ашытқылар өсімдіктің тез өсуіне ықпал ететін пайдалы заттар бөледі, мәселен фитогормондар, В дәрумендер тобын, ауксиндер. Сонымен қатар ашытқыда жаңа тіндердің бөлініп шығуына ықпал ететін цитокинин гормондары бар, олар өсімдіктің жылдам өсіп-өнуіне көмегін тигізеді. Айтпақшы, ашытқыдан жасалған тыңайтқышты ғалымдар да қолдайды. Топырақтың белсенділігін арттырып ғана қоймай, оның минералдануына апарады дейді. Алдымен кәдімгі 10 грамм ашытқыға 1 ас қасық қант салыңыз да, 1 литр жылы су құйып қойыңыз. Құрғақ ашытқыны да пайдалануға болады, егер ашытқыңыз ұнтақталған құрғақ болса, 10 граммына 3 ас қасық қант салып, 10 литр су құйыңыз. Қайсы ашытқының түрі болса да, екі сағат ұстаңыз. Содан соң, шетінен гүлдерді суара беруіңізге болады. 

Слайд №7

Күл:Ол үшін гүлдің топырағына күлді араластырып ексе болғаны. Сонымен қатар 1 ас қасық күлге 1 литр су құйып суарып тұрсаңыз да болады.Күлдің құрамында өсімдікке қажетті элементтер көп.



V.Сабақтың тақырыбын ,жоспарын жариялау:

Тақырыбы: Қазақстандағы тыңайтқыштар өндірісі.Қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарымен ласатануынан қорғау

Жоспары:

1 Тыңайтқыш түрлері,жіктелуі

2 Еліміздегі тыңайтқыш өндірісі

3 Қоршаған ортаны ластаушы көздер


VІ.Жаңа сабақ:

1.«Білу»:

Тыңайтқыштар,тыңайтқыштардың жіктелуі,нитраттар,,қоршаған ортанын ластануы,қоршаған ортаны ластаушы көздер,туралы слайдтан мәліметтер ұсынылады:

Слайд №11

Слайд №12

Слайд №13

Слайд №15

Слайд №16

2.«Түсіну» мағынаны тану кезеңі:

Бұл кезеңде білімгерлер топтарға бөлінеді,әр топқа тақырыпшалар бойынша мәліметтер таратылады,жаңа сабақты өз алдарынша меңгереді.

1 топ «Химиктер»

  • Тыңайтқыштардың құрамы,алынуы,қолданылуы,туралы өз алдарынша мәлімет алады.

2 топ «Географтар»

Еліміздегі тыңайтқыш өндірістері орналасқан аймақтар туралы өз алдарынша топтасып,мәлімет алады.

3 топ «Экологтар»

  • Қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарынан қорғау,ауаны ластаушы көздер,қоршаған ортаны қорғау туралы өз алдарынша мәлімет алады.

3.«Қолдану »Бұл әдісте білімгерлер бөлме гүлдерінің топырақтарын құнарландырып,алдын ала дайындалған сулармен гүлдерге су құйып,гүлдер отырғызады.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:Жаңа сабақ бойынша білімгерлер тыңайтқыштардың формулаларын сәйкестендіріп табады.

1. Сәйкесін тап:

NH4CI аммофос

CO(NH2)2 фосфорит ұны

Ca3(PO4)2 жай суперфосфат

Ca(H2PO4)2 карбамид

NH4H2PO4 аммоний хлориді

2.Формулаларды тап:Слайд №31



3. Минералды тыңайтқыштардың пайда-зияны

3. «Талдау» (Қорытынды шығаруға бағытталған: мазмұнды жүйелеу, анықтама береді.Жаңа тақырыпты топпен бірігіп талдайды)

Топтасып жұмыс жасайды, ойларын ашып жеткізе алады, бір-біріне тақырыпты түсіңдіреді.

4.«Жинақтау»(қорытынды шығарып, оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береді)

Кластер стратегиясы:

Бұл әдісте білімгерлер жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтайды.Білімгерлердің логикалық ойлау, еркін сөйлеу,өз ойын ашып,тыянақты жеткізу қабілеттері артады.

VIІІ.Бағалау: 1.Үй тапсырмасын орындауы

2.Топта жұмыс атқаруы

3.Ой пікірін білдіру

ХI.Үйге тапсырма:

«Қазақстандағы тыңайтқыш өндірісі», «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыптарында шағын ЭССЕ жазу

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Олейников Н.Н., Муравьева Г.П. Химия: Основные алгоритмы решения задач./ Под ред.

2.Ю.Д. Третьякова. – Издательский отдел УНЦ ДО, Физматинлит, 2003. – 272 бет

3.БекішевК.Б. Химия есептері (оқу құралы)Алматы. «Білім».2007ж

4.Усманова М.Б.,Сақариянова К.Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі Алматы «Атамұра» 2004

5“Химия мектепте”. 2007 №5. 29-б. 2008, №5, 37-43б.б

6.И.Нұғыманұлы, Ж.Ә. Шоқыбаев, З.О.Өнербаева. “Химимяны оқыту әдістемесі”. Алматы. 2005. [б.61-71].Қосымша ақпараттар:ғаламтор сайттары



Жоспарды құрған оқытушы:­­_____________ Саркулова Г.Т.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі