400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстанның белгілі спортшылары"

Материал туралы қысқаша түсінік
спортшылар туралы оқушыларға толық мағлұмат берілген сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қазақстанның белгілі спортшылары».


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін және ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік: Оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорып байытып, қызығушылық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтуға тәрбиелеу, еліміздің атақты спортшыларын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім мен дағдыны жүйелеу сабағы.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, көрнекі және техникалық құралдар көмегіне сүйену, аударма, тіл дамыту, карточкалар.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, карточкалар, интербелсенді тақта,

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы

Оқыту формасы: жеке-дара, жұптық.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлау

1. Біз қай елде тұрамыз?

2. Ол қандай мемлекет?

Балалардың белсенділігін арттыру.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы күн болсын.

Бейсенбі күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Азиада жеңімпаздары» атты тақырыпқа дайындаған мәліметтеріне көңіл бөлу.

ІІІ Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

  1. Кіріспе. Презентация

  2. Теориялық тренинг.

  • Саған спорт ұнай ма?

  • Сен спорттың қандай түрімен шұғылданасың?

  • Саған спорттың қандай түрлері ұнайды?

  • Сен қандай спорт үйірмесіне барып жүрсің?

Спорт деген сөзді топтастыру:

футбол, бокс, күрес, шорт трек, хоккей, керлинг, велотрек, волейбол,




Спорт түрлері





  1. Оқылым. Тапсырма . «Жақсылық Үшкемпіров» атты мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу, сұхбаттасу, сұрақтарға жауап беру.


Жақсылық Үшкемпіров

        Жақсылық Үшкемпіров – еркін күрестен Қазақстан чемпионы, грек-рим күресінен КСРО-ның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионаты мен кубогының жеңімпазы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.

Ол 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында белдескен қарсыластарының бәрін жеңіп, Қазақтаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. 
1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Үлкен спортпен қоштасқан соң Жақсылық аға бірнеше жыл бапкерлікке ден қойып, шәкірттер дайындады. Сосын тоғыз жылдай Республикалық спорт-интернаттың директоры қызметін атқарды.
         
Ол кәсіби спортшы, еліміздің мақтанышы.

Сұрақтар:

  1. Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы кім?

  2. Ж. Үшкемпіров қандай күрестің чемпионы?

  3. Ол қай жылы Мәскеу Олимпиадасынан жеңіспен оралды?

  4. 1984 жылы Ж.Үшкемпіров үлкен спорттан шығарып салу рәсімі қай қалада өтті?

Мәтінде кездескен сан есімдерді ауызша дұрыс айту:

1980, 1984, 33.

4. Тілдесім. Оқушылар бір – біріне сұрақтар қояды, жауап береді.

5. Сергіту сәті. Жаңылтпашты жаттау, тез айту.

Доп, доп, топ, топ,

Теуіп қалдым допты.

Доп жоғалды, доп жоқ.

Қап, қап, тап, тап.

6. Жазылым.

А) Есімдерден, етістіктен зат есім жасайтын-шы, - ші жұрнақтарымен

жұмыс жасау. Интербелсенді тақтада жазылған сөздерге керекті (шы, ші) жұрнақтарды қою.

Футбол ..., бокс..., қақпа..., шахмат..., теннис ..., төре..., қорғау..., жүзу..., орындау....

Ә) Бірінші бағандағы сөздердің екінші бағандағы сыңарын тауып, сәйкестендіру.

Александр Винокуров ауыр атлетика 

Илья Ильин мәнерлеп сырғанау

Серік Сәпиев шаңғы 

Денис Тен боксшы

Владимир Смирнов велошабандоз

IV Сабақты бекіту, қорытындылау

  1. Біздің ауылда спортпен айналысу үшін қандай жағдайлар жасалған?

  2. Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы?

  3. Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады?

  4. 2011 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? 

  5. Қазақстанның белгілі спортшыларын ата.

V Рефлексия. Тақтаға шығып мағынасына қарай топтастыру:

Дене шынықтырады: Ойды дамытады:

(шахмат, шаңғы, коньки, бәйге, дойбы, хоккей, тоғызқұмалақ)

VI Үйге тапсырма: Жақылық Үшкемпіров туралы әңгімелеу.

VII. Бағалау. Оқушыларға баға қою


Спорт сенің саулығың мен серігің,

Спортпенен шыңдалар

Жігерің мен ерлігің.

Аяғыңды нық басып,

Талай асу, шыңға шық,

Спортқа бөлсең көп уақыт,

Ауру, сырқау болады сенен қашық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі