400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақстанның экономикадағы жетістіктері 4сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның ХХ–XXI ғасырлардағы жетістіктерін (мəдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: ___3 ХОМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Каримова Б.С.

Сынып: 4 в

Пəн: Дүниетану. №10 сабақ

Ортақ тақырып: Мəдени мұралар

Бөлімше: Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

Күні: ___15.11.19_______

Қатысқандар саны: ______23________ Қатыспағандар саны: ______-___________

Тақырып:

Қазақстанның экономикадағы жетістіктері

Оқу мақсаттары

4.3.3.1 – Қазақстанның ХХ–XXI ғасырлардағы жетістіктерін (мəдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру.

Күтілетін нəтижелер

Барлық оқушылар:

  • ХХ–ХХІ ғасырларда Қазақстан аймағында қандай өндірістік кəсіпорындар салынғанын біледі;

  • еліміз үшін тың игерудің қандай маңызы болғанын түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:

  • Қазақстанның картасынан өндірістік кəсіпорындардың орналасқан жерін табады;

  • сұрақтарды талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Кейбір оқушылар:

  • ХХ ғасырда еліміздің экономика саласында болған жағдайларға байланысты отбасылық мұрағаттан фотосуреттер жинайды, үлкендермен əңгімелесіп, ақпарат жинайды.

  • Интернет ресурстарын пайдалана отырып, өндіріс саласында қандай жаңа өнімдер өндіріле бастағанын анықтайды.

Тілдік мақсат

Тың жер, сыртқа шығару сөздерінің анықтамасына мəн беру.

Түсіндірме сөздік.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Өндіріс, өнеркəсіп, пайдалы қазбалар, тың жəне тыңайған жерлерді игеру, өнімнің жаңа түрлері.

Диалогке/жазылымға қажетті сөйлемдер:

ХХ ғасырда елімізде пайдалы қазбалар өндіріле бастады. Пайдалы қазбалар табылған жерлерге қалалар тұрғызылды.

ХХІ ғасырда елімізде өнімнің жаңа 500 түрін шығаратын кəсіпорындар ашылды.

Талқыланатын сұрақтар:

  • ХХ ғасырда Қазақстанда қандай өндірістік кəсіпорындар тұрғызылды?

  • Түрксіб теміржол құрылысының экономика үшін қандай маңызы болды?

  • Қазақстандағы қандай фирмалардың өнімдері шетелде жақсы танылған?

  • Тың игерудің еліміз үшін қандай маңызы болды?

  • Қазіргі таңда елімізде өнімнің қандай жаңа түрлерін өндіру қолға алынып жатыр?

Жазылым.

Суретші Əбілхан Қастеевтің «Түрксіб» картинасына сипаттама беру (5–6 сөйлем).


Алдыңғы білімдер

Экономика туралы түсінік

Сабақтың жоспары

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Мақсатты тұжырымдау

Жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Сəлемдесу!

Мұғалім: Балалар, кəне, бір-бірімізге тілек айтып, бір-бірімізбен сəлемдесейік.

Əр оқушы қасындағы көршісінің мына сөздерді айтады:

  • саған

  • сəттілік

  • табыс

  • қуаныш

  • • тілеймін

  • Топқа бөлінеді? (мәдениет,ғылым,білім, экономика)


Үй тапсырмасын сұрау

(сақтар,ғұндар,түркілер,қазақтар)

Үй тапсырмасын түсінсек қол шапалақтаймыз, түсінбесек тербелеміз.


Біздер өткенде зерттеу жұмысын жүргіздік солай ма? Ендеше сол видеоға назар аударамыз.

Мақсатымызға жеттік пе?

Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы осы ребус арқылы шығады.

Мұғалім: Балалар, мына ребусты шешіп, сабағымыздың бүгінгі тақырыбын анықтайық. .

Shape2

ЭКОНОМИКА.

Мұғалім: Экономика сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

«Экономика» сөзі грек тілінен алынған. Мағынасы «үйшаруашалығын жүргізу өнері» дегенді білдіреді.

Экономика сөзінің қазіргі мағынасы тек отбасының шаруашылығын басқару дегенді емес, тұтас мемлекеттің шаруашылығын басқару дегенді білдіреді.



Балалар, бүгінгі сабағымызда Қазақстанның экономика саласында жеткен жетістіктерін сөз ететін боламыз.

Ұлы Отан соғысынан кейін халықтың жағдайы төмендеп кетті. Халықты нанмен қалай қамтамасыз ету керек деген мəселе бірінші кезекте тұрды. Еліміздің солтүстігінде астықты молынан – Балалар, «тың» сөзін естігенде, ойларыңа қандай сөздер келеді, нені елестетесіңдер? Оқушылар: жер, егіс даласы, дəн, астық, нан, комбайн жəне т.б. егетін тың жерлер көп болды


Жарайсыңдар, балалар!





Мұғалім: Сендерге сабақта сəттілік тілеймін. Сабағымызға қатысты видеорол. назар аударайық.



Сабақтың ортасы

Мұғалім: мəтінде пайдалы қазбалардың атаулары кездеседі. Жұмбақтарды шешу арқылы пайдалы қазбалардың атауларын тауып көріңдер:

Түсі қара, сұйық зат Тереңде жатады.

Қазсаң атқылайды

Жақсаң жанады

Пайдаға жарайды. (Мұнай)

Шахтадан оны қазамыз, Пешке салып жағамыз. Үлкен үйді жылытып, Рақатқа біз батамыз.

Бұл не? (Көмір)

Мөлдір, əрі түссіз,

Өзі табиғи отын. (Табиғи газ)

От емес, жарық емес,

Бірақ оттай жарқырайды. (Алтын)

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Картадан қай жерде қандай пайдалы қазбаны өндіретінін тауып, пайдалы қазбаның шартты белгісі бейнеленген жапсырманы картаға жапсырамыз. Пайдалы қазбаларды өндіретін кен орындарының маңайына қандай жаңа қалалар тұрғызылғанын картадан анықтаңдар.


Топтық жұмыс

Постер қорғау

1-топ- мәдениет

ІІтоп- ғылым

ІІІ-топ - білім

ІҮ- топ.. экономика

Өзін-өзі бағалау

Сергіту сәті


Зерттеушілік жұмыс топқа

1 топ- Алтынды зерттеу

2 топ- Экономика жетістіктері

3 топ,4 топ дебат қорғау


Кері байланыс

Гүлдің күлтешелері арқылы бағалау


Оқулық

Оқулық Қазақстанның физикалық картасы, пайдалы қазбалардың шартты белгілері бейнеленген жапсырмалар

Оқушы дəптері

Электронды

қосымша

Электронды

қосымша

Сабақтың соңы

– Балалар, сабаққа қойылған мақсаттарға қол жеткізе білдік пе? Оқушы дəптерінде берілген мына сандардың (3, 2, 1) бірін таңдап, мына белгіні қойыңдар.

Мұғалім: Бүгінгі сабақта тарихымызда болған маңызды оқиғалар жайында көп ақпарат алдық. Сабаққа белсенді атсалысқандарың үшін сендерге алғыс айтамын. Еліміздің тарихына деген қызығушылықтарың ешқашан сөнбесін деп тілеймін!

Балалар, енді бір-біріңе мақтау сөздер айтыңдар. Əркім парталас көршісіне қандай да бір қошемет сөз айту керек. Ең бастысы, айтылатын сөздер шын көңілден болсын! («Керемет сəттер» стратегиясы).

Электронды

қосымша

Үй тапсырмасы

ХХ ғасырда экономика саласында орын алған жағдайлар сенің отбасыңа қалай əсер етті? Отбасылық мұрағатта соған қатысты фотосуреттер бар ма? Үлкендермен əңгімелесіп, осы тақырыпта əңгіме құра.

Оқулық

Оқушы дəптері









230


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
4577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі