жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді 9-сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.3.1. Литосфера Мектеп: М.Әуезов атындағы №128 ЖББ мектеп Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сегизбаева Карлыгаш Жауынкуловна Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру және игеру мәселелері |
||
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
9.3.1.6. Қазақстанның минералды ресурстарына баға береді
|
||
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Қазақстанның минералды ресурстарын жіктейді |
Басым бөлігі: Қазақстанның минералды ресурстарын топтастырып, баға береді |
Кейбірі: Қазақстанның минералды ресурстарының экспортқа шығару аймақтарын талдап, тиімді пайдалану жолдарын ұсынады |
Бағалау критерйиі |
|
||
Тілдік мақсаттар |
Оқылым-айтылым: Оқулықтағы мәтінді оқи отырып, тірек сөздерді түсіндіре алады Тыңдалым-жазылым: Диаграмма сызып, түсіндіріп береді Пән бойынша сөздер мен терминдер: «Сарқылатын», «Қалпына келмейтін», «Рудалы», «Рудасыз», «Индустриалдық шикізат», «Құрылыс шикізаттары». |
||
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын, қазақстандық патриотимзм және азаматтық жауапкершілігін арттырып, бірлескен жұмыста оқушылардың бір біріне деген құрмет ынтымақтастығын орнатып, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту |
||
Пәнаралық байланыс |
Экономика-экспорттау арқылы ел экономикасын жақсарту Тарих- Қазақстанның табиғат ресурстарынан әлемдегі алатын орнын сипаттайды Химия –минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығында пайдалана біледі |
||
Алдыңғы білім |
9.3.1.5. Қазақстанның минералды ресурстарын өндіру және өңдеудің басты орталықтарын картадан көрсетіп, сипаттайды. |
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған сабақ түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут
Қолдану 7 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру Сыныпты тақтада берілген сурет арқылы 3 топқа бөлу
Тас көмір Темір Фосфор
Үй тапсырмасы «Ашық микрофон» әдісі арқылы топтар өзара сұрақтар қояды.
Мақсаты: Осы тапсырмада оқушылар қандай да болмасын ақпараттық мәліметтерді еске түсіріп, ой бөлісу дағдыларын қалыптастыру бойынша ойларын түйіндейді. 1-топ: Алюминий өнеркәсіптерінің орталықтарын ата? 2-топ: Титан қандай метал түріне жатады? 3-топ: Алюминий ең алғаш қай кезде пайда бола бастады?
ҚБ:Үй тапсырмасын дұрыс жауап берген оқушыларды қызыл, бұрыс жауап үшін-жасыл, толық емес жауап үшін -сары түсті кағаздар мен бағаланады.
|
АКТ
Пайдалы қазбалардың шартты белгілері арқылы топқа бөлу. 1.Тас көмір-жанғыш 2.Темір -кенді 3.Фосфор-кенсіз
Микрофон
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут
Қолдану
Талдау 7 минут
Жинақтау 6 минут
Сабақтың соңы 3 минут
Бағалау
|
Ал, балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын Пайдалы қазбалар дегеніміз не анықтамасын бере кетейікші? Пайдалы қазбалар дегеніміз -жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтарын адам өз қажетіне ұзақ жылдар бойы пайдаланып келеді.
1.
(Т)
«Ойлы
болсаң озып көр!»
әдісі арқылы әр топ минералды ресурстарды
жіктейді. Жіктеу барысында оқушылар
пайдалы қазбаларды Кенді, Кенсіз және
Жанғыштығы бойынша ажыратады.
Сыныпта жариялау: әр топтан бір оқушы шығып сыныпқа жеткізеді ҚБ: ауызша түрде керемет, жақсы, кішкене ойлап толықтыр.
2. (ЖЖ) «Ой шыңдау» әдісі арқылы Кестеде берілген пайдалы қазбаларды шартты белгілері арқылы сәйкестендіріп, анықтамасын береді.
ҚБ «Қызыл қалам» арқылы. Оқушылар өз-жұбымен жауаптарын тексеріп, «+», «-» таңбасын қою арқылы бағалайды
3. (Ж) «Карталар сөйлейді» әдісі арқылы оқулықтағы дүние жүзінің пайдалы қазбалар картасын пайдаланып (87-беттегі, 52-суреттегі ) Қазақстан мен шет елдердің әлемдік минералды ресурстарды игерудегі үлесін анықтайды.
ҚБ «Қол шапалақ» әдісі арқылы дұрыс жауап үшін-3 рет, орташа жауап үшін-2 рет, бұрыс жауап үшін-1 рет қол шапалақтайды.
Үйге тапсырма: Қазақстанның минералды ресурстарына баға беру және игеру мәселелері
Кері байланыс: «Ақылдының алты қалпағы» әдісі арқылы кері байланыс алу Оқушыларға 6 – түсті ойлау қалпағы беріледі. Түстеріне сәйкес әр оқушы тақырыпты қорытындылайды.
|
Оқулық, АКТ жұмыс дәптері, карта.
9-сынып оқулық Атамұра баспасы, А4, А3 қағаз, түрлі түсті маркелер.
Оқулық, қосымша ақпараттар
Карта, қалам, А-4 парақтары
Оқулықтағы 93-ші беттегі тапсырмаларды орындайды
АКТ, Ақ түсті,қызыл түсті, жасыл түсті, қара түсті,сары және көк түсті қалпақтар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану |
||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің қолдауы қажет етпейтін оқушыларға проблемалық сұрақтарға жауап беру «Карталар сөйлейді» әдісі арқылы күрделі тапсырмаларды беремін. Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушыларға «Ой шыңдау» әдісі арқылы кестеде берілген мәліметтер негізінде сәйкестендіріп талдауды жұппен жұмыс атқарады Мұғалімнің қолдауынсыз жұмыс істей алмайтын оқушыларға қолдау жасау мақсатында «Ойлы болсаң озып көр!» әдісі арқылы арқылы топтық тапсырмаларды орындатамын. Топпен жұмыс,жұптық жұмыс түрінде. |
Күрделі тапсырмаларды орындауда оқушылар өзін-өзі «Қол шапалақ» әдісі арқылы бағалайды. Жұптық жұмыста Оқушылар бірін-бірі өзара жауаптарын тексеріп, «+», «-» таңбасын қою арқылы бағалайды Топтық жұмыста оқушылар ауызша түрде керемет, жақсы, кішкене ойланып толықтыр арқылы бағаланады.
|
Сыныпта өзін-өзі ұстау ережелері туралы ақпаратпен оқушыларды таныстыру арқылы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары, немесе оқу мақсаттары шынайы және қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты.)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарды не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген