Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары"

Материал туралы қысқаша түсінік
шөл және шөлейт туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ тақырыбы: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары

Мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға шөлейт және шөл зонасының жер бедері мен климаты, өзен-көлдері,өсімдігі, жануарлары туралы білім қалыптастыру.Екі зонаның ерекшеліктері туралы білім-білік, дағдыларын дамыту.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істей отырып сабақ түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, бірлесіп жұмыс істеуге, өзара қарым-қатынас жасауға, ойларын еркін, тиянақты жеткізе білуге үйрету. Жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып, оқушылардың географиялық білімін ұдайы кеңейтіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын, ой – өрісінің шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналарындағы экологиялық проблемалармен таныса келе экологиялық тәрбие беру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу. Өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.


Құрал-жабдықтары: Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, атлас карта, суреттер, слайдтар, өсімдіктер мен жануарлар суреттері


Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, ізденушілік, еркін талқылау әдісі, салыстыру, картамен жұмыс, жинақтау, АКТ-ны пайдалану, тірек - сызбалар


Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 


1. Орманды дала зонасында қандай жануарлар мекендейді?

2. Дала зонасының топырағы қандай типтерге бөлінеді?

3. Дала зонасында қандай өсімдіктер кездеседі?

4. Орманды дала зонасының жауын-шашын мөлшері?

5. Дала зонасының өзендері

6. Орманды дала зонасының қаңтардағы орташа температурасы


Бұл қай зона?
1. Батыстан шығысқа қарай 2200км-ге созылған кең алқапты қамтиды, шамамен 54 – 50 с.е. аралығында орналасқан
( Дала зонасы)

2. Қазақстан жеріне тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді (Орманды дала зонасы)

3. Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр (Орманды дала зонасы)

4. Топырағы қара және қызыл-қоңыр типіне жатады ( Дала зонасы)

5. Бұл зонада Дуброва, Мамлют қорықшалары орналасқан (Орманды дала зонасы)

6. Тың және тыңайған жерлерді игеру жолдарында зонаның 28млн. га жері жыртылған ( Дала зонасы)

7. Шөптесін өсімдіктерден боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп, қаңбақ өседі ( Дала зонасы)

8. Зонада құстардан дуадақ бар. Кейбіреуінің салмағы 16кг-ға жетеді ( Дала зонасы)


ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру жоспары


Shape2 Shape1

топырағы

географиялық орны





Shape3

Shape4

Shape5

Шөлейт және шөл зонасы


Shape7 Shape6

өзен - көлдері

климаты


Shape8

Shape9



Shape10

Shape11

Shape12 Shape13

өсімдіктері

жануарлары







ІV. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлеміз:

1 – топ. Шөлейт зонасы

2 - топ. Шөл зонасы

2 топтың мүшелері жоспар бойынша тақырыпшаларды өздеріне бөліп алып, сызба – схема арқылы постер қорғайды.

Сипаттама

Шөлейт

Шөл

Географиялық орны, жер бедері

Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 10,8 %, 480 С оңтүстік шекарасы

Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін

44 %, 120 млн.га

Климаты

Құрғақ, тым континентті. Шіл –

деде температурасы +22-240 С; +400 С; Қаңтарда температура –

сы -15-170С (-500 С); Жауын-ша-

шын мөлшері 180 - 300 мм.

Тым континентті, аса құрғақ. Қаңтарда температура -400 С, шілдеде температура +24-260 С, 700С; Жауын – шашын 200 мм-ге дейін;

Ірі өзендері

Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз

Жергілікті өзендері жоқ. Мол жер асты сулары бар.

Топырағы

Ашық қара қоңыр топырақ, шірінді – 2-3

Қоңыр шірінді – 2,5%, сұр-қоңыр шірінді 1,0 – 1,2%

Өсімдіктері

Жануарлары

Бетеге, жусан, түймедағы, боз, изен, ебелек, теріскен, көкпек, ши, долана, мойыл, итмұрын, қарақат, таңқурай

Сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояны, сасық күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр, бүркіт, бозторғай, жыландардың түрлері

Теріскен, ақ сексеуіл, қара сексеуіл,шеңгел, тал, шырғанақ, жыңғыл, жусан, адыраспан, жантақ

Кесірткелердің түрлері, жыландар, тасбақалар, кірпілер, қабан, мәлін, қасқыр, сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, ақбөкен, қарақұйрықтар



Дәптермен жұмыс

Оқушылар дәптерлеріне шөлдің түрлерін жазып алады.




Shape14

Шөл зонасы





Shape17 Shape16 Shape15



Shape19 Shape18 Shape20

Сазды шөлдер: Үстірт, Бетпақдала

Құмды шөлдер: Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесік – Атырау, Үлкен және кіші Борсық, Нарын құмдары

Тасты шөлдер: Сарыарқаның оңтүстігі, Бетпақдала үстіртінің шығысы, Үстірт



















V. Кескін картамен жұмыс. Оқушылар кескін картаға шөлейт және шөл зоналарын түсіріп, бояйды.



VІ. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі


Сандар сөйлейді


1. 180 – 300мм - шөлейт зонасының жылдық жауын-шашыны мөлшері
2. 2,5 %-ға дейін -
шөл зонасындағы қоңыр топ-ң құрамындағы шірінді мөлшері
3. 3000-нан астам -
шөлейт зонасындағы көлдер
4. 200мм -
шөл зонасындағы жылдық жауын-шашын мөлшері
5. 10,8 % -
шөлейт зонаның алып жатқан аумағы
6. -15-17º С -
шөлейт зонадағы қаңтардың орт. t - сы
7. 44% -
шөл зонасының алып жатқан аумағы
8. +28+30º С -
шөл зонасының оңт-гі шілде айының орт. t –сы


VІ.Бағалау


VІІ.Үйге тапсырма: Маңғыстау облысының өсімдіктері мен жануарлары дүниесі туралы ақпарат дайындап келу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2018
783
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12