400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақстанның топырақ түрлері" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сыныпқа арналған "Қазақстанның топырақ түрлері" тақырыбына ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера

Мектеп: №15 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсенова С.К.

Күні: 17.01.2020

Сынып: 7 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның топырақ түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.4.3. Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды.


Сабақтың мақсаттары


1. Қазақстанның топырақ түрлерін біледі

2. Қазақстанның топырақ түрлерін анықтап, картадан көрсете алады.

3. Қазақстанның топырақ жамылғысының ауыл шаруашылығы үшін қандай маңызы бар екенін сипаттай алады.

Бағалау критерийлері



Білу, түсіну: Қазақстанның топырақ жамылғысын біледі, ажырата алады, орналасу зоналарын картадан көрсетіп, түсіндіреді.

Қолдану: Қазақстанның топырақ жамылғысының ауыл шаруашылығындағы маңызына дереккөздер арқылы сипаттама береді

Талдау, жинақтау: Қазақстанның топырақ жамылғысының типтерін өзара салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды, жіктейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады, географиялық дерек көздерімен танысады, өз ойларын жеткізеді

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Топырақтың түрі

  • Гумус

  • Топырақтану

  • Топырақ жамылғысының зоналық заңдылықтары

Құндылықтарды дамыту

Шығармашылық, сыни тұрғыдан ойлай білу. Топтық, жұптық жұмыстар жүргізу барысында оқушылар бір – біріне құрмет көрсету, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Биология-биосфераның негізгі құрамдас бөлігі,өсімдіктер мен жануарлардың негізгі тыңайтқыш көзі ретінде қарастырылады.

Химия-топырақтың құрамындағы химиялық элементтерді анықтаған кезде өзара байланысады.

Бастапқы білім

Биосфера-жердің кешенді қабағы екенін,топырақ құрамы мен оның маңыздылығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

5 минут




Ұйымдастыру:

  • Амандасу, оқу құралдарын тексеріп түгендеу;

  • «Шеңбердегі доп» әдісі арқылы көңіл күйдің жағымды ортасын құру және топтастыру; оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабақ туралы бір сөйлем айтады, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Топырақ түстеріне байланысты топтастыру.

І топ – қара топырақ

ІІ топ – қоңыр топырақ

ІІІ топ – сұр топырақ

Өткен сабақты жаңа тақырыппен байланыстыру:

«Лоторея» әдісі бойынша өткен тақырыптардан сұрақтар қойылады.

1.Топырақ деген не? (жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты)
2.Жұқа топырақ қабаты алғаш қай кезде пайда болған? (кембрий дәуірі,500млн жыл бұрын )
3.Топырақтану ғылымының негізін кім қалады? (В.В.Докучаев)
4.Топырақ құрайтын факторларды ата(су,ауа,өсімдік,тіріағ,жылу)
5.Шұбалшындар топырақты қалай өңдейді? (Асқазан шырынымен шылап,өңдейді)
6.Құнарлы топырақ қандай топырақ?(құрамында қарашірігі көп)
7.Құрылымды топырақ қандай топырақ?
(ауа ,су оңай өтетін кесек (10мм) топырақ)




Әр түстегі қима қағаздар

Shape3 Shape1 Shape2




Интербелсенді тақта, слайд,

Сабақтың ортасы


2 минут




3 минут
















10 минут






























10 минут


















5 минут

«Ойлан тап, жікте» әдісі.

Картадан Қазақстанның топырақ жамылғысының типтерін және олардың орналасу зоналарын анықтайды. Өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында видеоролик көрсетіледі.

1-тапсырма.

"Клавиатура" әдісі

Тақтада берілген сөздерді клавиатураға жазу арқылы термин сөздерді анықтау.

Njgshf0 Топырақ

Uevec Гумус

Njgshf0nfye Топырақтану


2- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Ментал картасы» әдісі

Топтық жұмыс

Мәтінді оқып шығу, танысу. Мәтінді қолдана отырып, Қазақстанның топырақ жамылғысының таралуын анықтайды. Оқушылар өз топтарына байланысты Қазақстанның топырақ түрлерін кескін картаға түсіріп, картадан көрсетеді.

І топ – қара,қара – қоңыр

ІІ топ – қоңыр, қызғылт

ІІІ топ – сұр, сұрғұлт

Топырақ түрлері

Топырақ құрамы (қарашірік мөлшері)

Орналасу аймағы

1. Қара топырақ

ҚР аумағының 25,5 млн.га (9,5%)

(Гумусы 6-8 %)


Солт.Қазақ., Қостанай, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақ. Обл. Солт. бөліктерін құрайды.

2. Қоңыр топырақ

ҚР 90,6 млн. Га(34%)

(Гумусы(4,5-3,0%)

Ортал.Қазақ. көп жерін,Каспий маңы ойпатын,Шығыс Қ,обл.жазық жерлері.

3. Сұр топырақ

ҚР 120 млн. га. (4%)

(Гумусы 2,0-1,0%)

Қазақстанның оңтүстігін алып жатыр.



Бағалау критерийі

№

Дескриптор-лар

+/-

Қазақстанның топырақ жамылғысының құрамын анықтай алады,орналасу аймағын картадан көрсете алады.

1

Топырақ түрлерін анықтап, жіктеп, сипаттайды.


2

Топырақ жамылғысының орналасу аймағын картадан көрсете алады.






3 – тапсырма. "Тәжірибе жасау"

Қазақстанда таралған топырақ түрлеріне тәжірибе жасау арқылы олардың қасиеттерін, механикалық құрамын анықтау.

Әр топ өздерінің топырақ түрлеріне қарай тәжірибе жүргізеді.

Бағалау критерийі

№

Дескриптор-лар

+/-

Қазақстанның топырақ жамылғысының типтеріне тәжірибе жасап, олардың қасиеттері мен механикалық құрамын анықтай алады.

1

Топырақ қасиеттерін анықтайды.


2

Топырақтың механикалық құрамын анықтайды.



4-тапсырма.

Венн диаграммасы Жұптық жұмыс

Қазақстанда таралған топырақ жамылғысы түрлерін салыстырып, өздері қалаған екі топырақ типінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып, салыстырады.






Shape4

Бағалау критерийі

№Shape5

Дескриптор-лар

+/-

Қазақстанның топырақ жамылғысының типтерін өзара салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып, талдай алады.

1

Топырақ типтерін ажырата алады.


2

Топырақ жамылғысының типтерін салыстырмалы түрде сипаттап, баға бере алады.



Интербелсенді тақта, слайд, қазақстанның топырақ картасы











Кескін карта




































Қара топырақ, қоңыр топырақ,

Сұр топырақ













Таратпа қағаздары









Стикер, смайликтер


Сабақтың соңы.

5минут

«Топырақ түсі» тәсілі бойынша кері байланыс.

Оқушылар тақтадағы картаға стикерлерін жабыстырады.

Сұр түс – ештеңе түсінбедім

Қоңыр түс – аздап түсіндім

Қара түс – бәрі түсінікті болды.

Үй жұмысы: Қазақстанның топырақ түрлерін кескін картаға түсіру.

Shape8 Shape7 Shape6

Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану

Барлық оқушылар мәтінді талдап,жаңа терминдермен жұмыстанады.Топырақ түрлерін картадан көрсете алады.Қабілеті жоғары оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға бағытталады,топ ішінде оқушыларға көмек береді.

Мұғалім «Шеңбердегі доп» әдісін сабақтың басында оқушылардың қызығушылығын ояту үшін қолданады.Сабақтың соңында алған білімінің деңгейін анықтау үшін кері байланыс «Топырақ түсі» әдісі арқылы оқушылар сабақта ұна ған тұстарын, ұысыныстарын білдіреді.

Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәтін жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау, ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қол жетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізеді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңізн



Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1321
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі