400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні оқытушыларына әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»

Н. Ә. Назарбаев


Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

№3 Байзақ колледжі

Күні:


Оқытушы:Ержан Әлішер Ержанұлы

Топ:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

- Студенттер сабақ барысында қазақ хандығы төңірегінде қалыптасқан саяси оқиғалармен танысады, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын және үш жүздің әскери күштерін біріктірудегі Әбілқайыр ханның рөлі және халықтың тәуелсіздік үшін күресінің маңызын түсінеді.

- Студенттердің ойлау, сөйлеу қабілеттері жетіледі, видео көру арқылы сабаққа деген қызығушылықтары артады.

- Отанының тарихын және еліміздің атақты азаматтарын құрметтейді, өз елінің патриоты болуға тәрбиеленеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлық студенттер: Тақырып бойынша жаңа ұғымдармен танысады,ерекшелігін түсінеді.Сұрақтарға жауап бере алады.

Студенттердің басым бөлігі: Өзара пікір алмасады,өз ойларын еркін түрде жеткізеді, тақырыпты түсіндіреді.

Кейбір студенттер: Тақырыпты бүгінгі күнмен байланыстырадыжәне салыстырады.

Тілдік мақсат

Студенттер: Тақырыпқа байланысты термин сөздермен жұмыс жасайды

Негізгі сөздер мен тіркестер:Батыр, шапқыншылық, азаттық күрес.

Топтағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: Тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап береді

Сіз неліктен екенін айта аласыз ба? Тақырып бойынша пікір-алмасады

Жазылым бойынша ұсыныстар: постер, стикер

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап,баяндау, «суреттер сөйлейді» ойыны, «талдау» әдісі, топпен жұмыс,пікір-алмасу

Пәнаралық байланыс

География, Дүниежүзі тарихы


Алдыңғы оқу


1.Абылай ханның жастық шағы туралы не білесің?

2.Абылай ханның аты шыққан шайқас?

3. Қазақ билерінің қоғамда алатын орны қандай болды?

4.Абылай ханның кезіндегі Қазақ батырларын ата?

5.XVIII ғасырдағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы?

6. Тәуке ханның кезіндегі Қазақ хандығының жағдайы?

7. Тәуке ханнан кейінгі Қазақ хандығы?

8.Заңдар жинағын жасаған қазақ хандары?

9. Құрылтай дегеніміз не?

10. «Жеті жарғы» заңдар жинағы не туралы?

11. Қазақ қоғамында салық түрлері?

12. Қазақ хандары міндеттірі мен құқықтары?

Жоспар:

Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Студенттер өз ойларын және бүгінгі тақырып бойынша пікірлерін еркін түрде жеткізеді.

Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақтардың күресі 150 жылдан астам уақытқа созылды, қазақ халқының тең жартысы қырылды. Халықтың тағдыры қыл үстінде тұрды. Олардың жоңғарларға бас иіп, оның құлдығына түсіп, тарихтан мүлде аты өшуі мүмкін еді, немесе тас - түйін болып ақырына дейін шапқыншылармен шайқасуы керек еді. Халық екінші жолды таңдады.


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын студенттерге таныстырып,бағыт – бағдар беремін.

2.Жаңа тақырып бойынша студенттерге сұрақтар қойылады.

3.Жаңа сабақты слайд арқылы түсіндіремін.

4. Жоңғар хандығы туралы видео көрсетемін.


Сабақтың жоспары:

1. Жоңғарияның күшеюі және оның қазақ халқына қарсы шапқыншылығы

2. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі

Слайд,

Видео

Ортасы

«Тақырыпты біз былай түсінеміз»



































Аяқталуы



”Суреттер сөйлейді” ойыны

Абылай хан,Райымбек батыр, Әбілқайыр хан,Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр,Жәңгір хан.


«Елім –ай» видео көру.


1 топ:

Жоңғар хандығының құрылуы және қазақ жеріне тигізген зардабы

2 топ:

Қазақ халқының күш біріктіре бастауы , жетекшілері және оған қатысушылар

3 топ:Бұланты шайқасы

4 топ: Аңырақай шайқасы

Топтар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша постер жасайды. Постер жасауға берілген уақыт 5 минут.

Талдау – әр топ жасаған постерді қорғайды, қалған топтар тарапынан талдау жасалынады.. ( уақыт 3 мин)

Сергіту сәті: Студенттер топпен жұмыс жасап жатқанда «Жаужүрек мың бала» туралы бейнежазба көрсетемін.


Блицкриг сұрақтар.

1. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қай жылы басталды?

2. 1710 жылы болған ірі оқиға қандай және қай жерде болды?

3. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды?

4. 1643 жылы тарихта сирек кездесетін қандай шайқас болды?

5. Ордабасы тауының қасында жиналған үш жүздің өкілдері қазақ жасақтарының бас қолбасшысы ретінде кімді сайлады?

6. Қазақтар қай жылдары жоңғарлардан басым түсіп, оларды күйрете талқандап жеңіске жетті?

7.Аңырақай шайқасынан кейін Қазақстанның қандай жерлері азат етілді?

8.Жоңғар шапқыншылығы кезінде халық арасында қандай ән шықты?

9.1727 жылы Бұланты өзенінің жағасында шайқас болды, осы жер бұрын қалай аталды?

10.1730 жылы қандай шайқас болды?


«Талдау» әдісі- тақтадан көрсетілген жылдар арқылы сабақты бекітеді.

Бүгінгі күннің батырларымен кешегі күннің батырларын салыстыру.

Кітап,слайд,

Видео

Рефлекция


Студенттер жаңа тақырып бойынша өз ойларын білдіреді

Стикер

Бағалау



«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалаймын

Сурет



Қандай мақсатпен? Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын.Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үшіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.

Салдары қандай болған? «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» қазақ қоғамына тигізген зардабы орасан зор болды. Далалықтардың көші-қон бағдарламаларының быт-шыты шықты. Қазақтар шұрайлы мал жайылымдарынан айырылды. Жетісудағы және Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы бір кезде гүлденіп тұратын жасыл жазиралар енді қараусыз қаңырап бос жатты. Көршілес мемлекеттермен сауда-саттық байланысы да уақытша үзіліп қалды. Бірақ ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар мен жақын жандардың қазасы болды. Шәкәрім Құдайбердіұлының келтірген деректері бойынша, қазақтардың үштен екі бөлігі қырғынға ұшыраған. Енді бір бөлігі құлдыққа сатылып кеткен. Халық ашаршылыққа душар болды. Өлмей аман қалу үшін қайыңның сөлін ішкен. «Қайың сауған» деген сөз содан қалған. Тірі қалғандар басқыншыларға шектен тыс ауыр алым-салық төлеп тұрған. Қазақ хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына, тіпті шекаралас жатқан шет мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың батысқа қарай жаппай ағылуы қарақалпақтармен, түрікмендермен, өзбектермен, башқұрттармен және қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып барды. Қазақтардың Орал Қазақтарымен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым-қатынастарын шиеленістіріп жіберді. Міне, мұның бәрі әбден әлсіреп, қожыраған Қазақ хандығын Ресей империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды.
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі