400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақтың 7 кереметі 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәні мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге, студенттерге керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні: 06.03.19 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Зәкір Н.К.

Сынып: 7а

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§41. Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары – Қазақстанның ерекше кереметтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.3. – қазақ халқының мәдениетін паш етер ерекше табиғи нысандар мен сәулет өнерлері арқылы таныту

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Қазақ халқын танытар 7 кереметін біледі

Көпшілігі: Тарихи-мәдени ескерткіштердің таралуын түсінеді

Кейбіреуі: Қазақстанды өзінің ерекше кереметтерімен таныту жолдарын айта айлады

Бағалау критерийі

  • Қазақ өркениетінің, қазақ халқының тамаша табиғат туындыларын тани отыра қазақ дәстүрін бойларына сіңіреді.

  • Қазақ өркениеттің тамаша туындыларын анық айта алады.

  • Қазақтың жеті кереметін атап береді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер.

Мәдениет, дәстүр, мәдени орталықтар, жеті керемет

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Мәдениет - ......... ..... .................... .

Қазақтың 7 кереметі: ....., ......, ...., ...., ....., ...... , ..... .

Құндылықтарға баулу

Қазақ өркениеттің тамаша туындыларын танып-білу, еліміздің мәдени құндылықтарын әлемге таныту жолын таныстыру.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім

§41. Дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтары

Сабақ барысы

Сабақ жосп-н кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру


Ұйымдастыру кезеңі:


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

  • Мектептеріңізді жақсы көрсеңіздер, аяқтарыңызы тыпырлатыңыздар;

  • Елімізді, Қазақстанымызды жақсы көрсеңіздер қол шапалақтаңыздар.

  • РАҚМЕТ


Үй тапсырмасын сұрау:

«Пирамидадағы сұрақ» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

Сұрақтар:

1. Мәдениет деген не? (материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы. Мәдени құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады)

2. Этнография дегеніміз не? (халықтардың өмір салтының ұқсастығы мен айырмашылығын, олардың табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану жолдарын зерттерйді)

3. Әлемнің ежелгі 7 кереметтерін ата? (Хеопс пирамидасы,Семирамида аспалы бағы, Артемида храмы,Галикарнастағы мавзолей, Родос аралындағы Колосс мүсіні, Александриядағы шам)

4. Қазіргі әлем 7 кереметтері? (Рим Колизейі, Ұлы Қытай қорғаны, Мачу-Пичку қаласы, Майялардың Чечен-Ица пирамидасы, Тәж-Махал мешіті, Христостың мүсіні, Петра кешені)

5. Мысыр пирамидасының биіктігі? (146,6 м)

6. Қазіргі әлем 7 кереметі қай жылы енгізілді? (2007 ж)

7. Тәж-Махал мешіті қайда орналасқан? (Үндістан, Агра қ.)

8. Суретте қай жеті керемет бейнеленген? (Ұлы Қытай қорғаны)

9. Фарос аралында салынған тұңғыш шамшырақ қалай аталады? (Александрия)

1 0. Христос мүсіні қай елге тиесілі? (Бразилия)


Тексеру




Балалармен жұмыс







Сабақтың ортасы

25 минут




Жаңа сабақ

1. Сабақ түсіндіру: «Қазақстанның ерекше кереметтері»

Біздің елімізде әртүрлі ерекше табиғи нысандары мен сәулет өнерлері көптеп кездеседі. Біз осындай ерекше туындыларымызды, тарихи мұраларымыз бен табиғи мұраларымызды дәріптей отырып әлем халқына қазақ мәдениетін, жерін, қазақ тарихын таныта аламыз.

Міне, осындай, ескерткіштерге қарап, табиғат пен адамның шеберлігіне таңдай қақпау мүмкін емес. Қазақ жерінде алуан түрлі, көптен-көп нысандар бар. Алайда жеті керемет нысандарына қойылатын талап, яғни, материалды нысан болуы, тұрғындарға қолжетімді, халықтың тарихында ерекше орны болуы тиіс. Мінекей осы талаптар бойынша таңдалып алынған қазақтың 7 кереметтері:

1. Тамғалы шатқалындағы жартастағы суреттер

2. Алтын адам

3. Маңғыстаудың жартасқа салынған мешіттері

4. Қазақтың ұлттық аспабы домбыра

5. Қазақтың киіз үйі

6. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

7. Бәйтерек кешені(монументі)


2. «Қазақтың жеті кереметі» кестесін толықтыр

Керемет

Орналасқан жері

Суреті

Жартастағы суреттер

Тамғалы шатқалы

Алтын адам

Алматы

Picture 16

Жартасқа салынған мешіт

Маңғыстау

Picture 18

Домбыра

Қазақтың ұлттық аспабы

Picture 14

Киіз үй

Көшпенді қазақ баспанасы

Picture 2

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Түркістан

Picture 4

Бәйтерек кешені

Астана

Picture 10



3. Сөзжұмбақ шешу

Қазақстан сөзжұмбағы. Қазақтың жеті кереметтері бойынша берілген сұрақтардың жауабын табу



Сабақты бекіту.

«ПОПС» әдісі.

I - Өз позицияңды ұстау: «Қазақстанның табиғи орындары мен сәулет өнер туындылары болашақта дүниежүзілік кереметтерге қосылуы мүмкін бе?» 

П – позиция (көзқарасы) – менің ойымша…

О – өз көзқарасыңды негіздеу - (себебі)…

П – дәлел (факты) - мысалы…

С –Шешім (қорытынды) – сол себепті…


Үй тапсырмасы:

§41 Қззақың жеті кереметтерін біліп,

«Өз өлкемнің кереметтері» тақырыпқа эссе жазып келу

























1-қосымша


Кесте екі топқа беріледі



























Сөзжұмбақ топтарға таратылады

2-қосымша




Өз ойыңды жазу



Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия

«Көңілді күн» әдісі. Оқушыларға күн суреті беріледі. Күнге сабақтағы көңіл-күйін бейнелейді.

Күн суреті


1-қосымша

Керемет

Орналасқан жері

Суреті

Жартастағы суреттер

Тамғалы шатқалы

Алтын адам




Маңғыстау


Домбыра

Қазақтың ұлттық аспабы



Көшпенді қазақ баспанасы

Picture 2

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі





Picture 10



2-қосымша



«ҚАЗАҚСТАН» сөзжұмбағы

1. Таңбалы тас суреттері қай дәуірде салынған?

2. Бәйтерек монументінің ең жоғарғы бөлігінде орналасқан композиция?

3. Көшпелі қазақ баспанасы неден жасалды?

4. Бәйтерек сөзі қандай мағына береді?

5. Маңғыстаудағы жерасты мешіті қалай аталады?

6. Алтын адам табылған аймақ(қорған)?

7. Жеті керемет қатарындағы заманауи туынды

8. Қазақтың жеті кереметтерінің бірі

9. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Орталық Азиядағы ерекше сәулет өнері ретінде қандай ұйым тізіміне енді?




Қ

о

л

а




а

я

л

ы

А

л

а

қ

а

н





к

и

і

З







ө

м

і

р

А

ғ

а

ш

ы






Ш

а

Қ<

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
1107
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі