400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақтың батыр қыздары" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпта денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушысы бар қазақ тілі пәні мұғаліміне арналған жаңартылған мазмұндағы көмекші сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

МДО: Т.Тілеуқабылов

ҰМЖ-ның тарауы: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым

Мектеп: №73

Күні: 23.05.2018ж.

Мұғалім: Алдамжарова Б.

Сынып: 7б (үйден оқу)

Қатысқан оқушылар саны: 8

Қатыспағандар: 0

Сабақ тақырыбы

Қазақтың батыр қыздары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

7.Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, жаңалықтан үзінді) автор көзқарасы мен

көтерілген мәселені талдау.

7.ӘТН4.5. Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтін мазмұнын түсінеді, қазақтың батыр қыздарын біледі.

Көптеген оқушылар: оқылым, тыңдалым мәліметтері негізгі ақпараттарды анықтап, айтылымда қолданады, оқшау сөздерден алған білімдерін қолдана алады.

Кейбір оқушылар: тыңдалым бойынша анықтаған негізгі ақпараттарын тақырыпты дамыту үшін тиімді қолданады, батыр қыздар жайлы мәтінге талдау жасайды, оқшау сөздердің сөйлем ішінде орналасу тәртібін біледі.

Бағалау критерийлері

- тыңдалым бойынша анықтаған негізгі ақпараттарын тақырыпты дамыту үшін тиімді қолданады;

- қазақтың батыр қыздары жайлы біледі;

- оқшау сөздерден алған білімді қолданады.


Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ-ны қолдану дағдылары

PowerPoint таныстырылымы, аудиомәтін

Құндылықтарды игерту

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылығы оқушылардың бүгінгі сабақтың батырлар, батыр қыздар, Ұлы Отан соғысы жайлы екендігін түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу құндылығы сабақ мақсатын түсінуі, кері байланыс, рефлексия, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуда бірдей мүмкіндіктер беруде, өз білімін бағалау мен кері байланыс беруде орын алады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: жеңіс, батыр қыздар, ерліктері, жасампаз елдің ұрпақтары, т.б.

Менің болжауымша, мәтіндегі тірек сөздер мыналар: батыр қыздар, Ұлы Отан соғысы, жеңіс, Кеңес Одағының Батыры, т.б.

Мәтіндегі тірек сөздер ………………………….. деп санаймын.

Мен мәтінге ....... деп ат қойдым, себебі мәтінде............................ туралы айтылады.

Алдыңғы білім

Жеңіс күні

Жоспар

Жоспар-ланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 минут





















Қызығушылықты ояту

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Топқа бөлу: өлең жолы жазылған парақшалар арқылы 2 топқа бөлу.

Дауылмен тербеп оның жас бесігін,

«Мәншүк» деп ел атаған ерке есімін.

Адамша ақтау үшін ана сүтін

Майданның пулеметпен ашты есігін.


Жүріп өткен жолдары нағыз аңыз,

Әлияны бүгін біз сағынамыз.

Дастанындай керемет мәңгіліктің,

Иесіне ерліктің табынамыз.

1-топ: Мәншүк

2-топ: Әлия

  • Бұлар кімдер?

  • Бүгінгі сабаққа қатысы бар ма?

  • «Қазақтың қос шынарынан» басқа қандай батырларды білесіз?

  • Жарайсыздар, бүгінгі сабағымыз «Қазақтың батыр қыздары» жайлы болмақ.

Қалыптастырушы бағалау: жұлдызша арқылы

Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.

Бағалау критерийімен таныстырады.

  • Ендеше, мақсатқа жету жолындағы орындайтын тапсырмаларымызға көшсек...


Слайд, суреттер
















Объект 1

Сабақ ортасы

32 минут





Мағынаны тану кезеңі

Оқылым Топтық жұмыс

1-тапсырма. Мәтінді топтарда оқыңыздар, талқылаңыздар.


Айтылым Жеке жұмыс

Берілген ақпараттардың Әлияға немесе Мәншүкке қатыстылығын анықтаңыздар.

  • Ақтөбе облысының Хобда ауданында дүниеге келген.

  • Орал облысы, Орда ауданында дүниеге келген.

  • Пулемет атуды үйренеді.

  • 6 рет шайқасқа өзі бастап шыққан.

  • 21-атқыштар дивизиясында болды.

  • Холм түбінде немістерден «тіл» алу мақсатында жүргізілген барлау соғысына қатысқан.

Дұрыс жауапты тексеру:

  • Ақтөбе облысының Хобда ауданында дүниеге келген. Әлия

  • Орал облысы, Орда ауданында дүниеге келген. Мәншүк

  • Пулемет атуды үйренеді. Мәншүк

  • 6 рет шайқасқа өзі бастап шыққан. Әлия

  • 21-атқыштар дивизиясында болды. Мәншүк

  • Холм түбінде немістерден «тіл» алу мақсатында жүргізілген барлау соғысына қатысқан. Әлия

ҚБ: жұлдызша арқылы

Тыңдалым Жұптық жұмыс

Мәтінді тыңдаңыздар. Сол бойынша жұптарға берілген тапсырмаларды орындаңыздар.

1-жұп: «Артығын тап!» Берілген суреттердің ішінен тыңдалған мәтінге қатысы жоқ суреттерді алып тастап, қажетті суреттерді орналастыр.

2-жұп: Төмендегі сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып жазып, құрамын өзгертіңіздер.

  • Ол – «Халық Қаһарманы» мәртебелі атағына ие болғандардың бірі.

  • «Қазақтың қанатты қызы» атанған тұңғыш әскери ұшқыш – Хиуаз Доспанова».

  • Х.Доспанованың жастық шағының 5 жылы қанқұйлы соғыс майданында, аспандағы жау ұшақтарымен шайқаста өтті.

3-жұп: Берілген оқшау сөздердің кейбірін қатыстырып, жеңіс туралы 1 шумақ өлең құрастырыңыздыр.

Жеңіс, сірә, батырлар, әрине, алақай, біріншіден, бағымызға қарай.

4-жұп: Берілген оқшау сөздердің кейбірін қатыстырып, соғыс туралы 5-6 сөйлемнен тұратын мәтін жазыңыздар.

Өкініштісі, кім біледі, батырлар, ақырында, олай болса, жеңімпаз елдің ұрпақтары.

Дескриптор: Білім алушы

  1. Суреттерді мәтін мазмұны бойынша дұрыс орналастырады;

  2. Сөйлемдерге оқшау сөздерді қосып, құрамын өзгертеді;

  3. Оқшау сөздерді қатыстырып, соғыс туралы мәтін жазады;

  4. Оқшау сөздерді қатыстырып, жеңіс туралы өлең шығарады.


ҚБ: жұлдызша арқылы


Сергіту сәті

Адасқан өлең жолдарын дұрыс орналастырыңыздар, әнді орындаңыздар.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам


«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам.


Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.

Арулар аз болды ма атқа қонған.


Ерліктің қос қанаты деп білем мен,

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Тағдырың қарауылға қанша ілінді.


Бәрін айт, бірін айт та лайықсың,

Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.

Қазақтың қызы деген ғажап атқа.

Сүймеген сені азамат азамат па.




















Объект 2


Сурет қималары

















Объект 3




















Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия


Жеңімпаз оқушыны анықтау, медаль беру.

Таратпа парақшалар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.


Оқушылар бір-бірін дескрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.


Сергіту сәті: ән айтады

Ойлану




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


2.


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


2.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
196 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
7316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі