400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақтың спорттық ойындары" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 3 орыс сыныптарына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 3

Пән: қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың спорттық ойындары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға қазақтың спорттық ойындары туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану даңдысын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойдау, көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, диалог құрып, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, сауаттылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, диалог, өзіндік іздену.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, асықтар, ұлттық ойындар суреті, үлестірмелі кеспелер.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.



  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

Кезекшімен сұхбат:

- Бүгін кім кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Қандай жыл мезгілі?

- Көктем айлары қандай?

- Көктемде ауа-райы қандай болады?

- Ал бүгін ауа-райы қандай?



Енді балалар берілген текшелердің кез-келген түрін таңдап алыңдар. Қызыл текше алғандар 1-топ, көк текше алғандар 2-топ, ал сарылар 3-топ болып бөлініп отырыңдар. Әр топқа бағалау парақтары таратылады.



2. Үй тапсырмасын тексеру:



3. Жаңа білімді меңгеру.

Мазайка құру.

Әр топ сурет артындағы сөздерді оқиды.

Қазақтың спорттық ойындары.



Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың спорттық ойындары».

Мақсаты: спорттық ойындар туралы білімдерін кеңейту, толықтыру.



Проблемалық сұрақтар:

  1. Балалар, сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер? (футбол, волейбол, баскетбол т.б.)

Ал бүгінгі өтетін тақырыбымыз асық, көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу сияқты «Қазақтың спорттық ойындары»

4.Жаңа сөздер:

Қызық – интересно

Жігіт – парень

Қуады – догоняют,

Жету керек – должен догнать

Сүйеді – целует

Соғады – будет бить

Күш-жігер – сила

Төзімділік – терпелоивость

Батылдық – мужество

Ептілік – ловкость

Қазандық – котел



А) Сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлу.

Ә) сөздерден сөз тіркестері мен сөйлем құрау.



5.Мәтінмен жұмыс.

Қыз қуу – қазақтың ұлттық спорт ойындарының ішіндегі ең қызығы. Қыз бен жігіт атқа мініп, бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады. Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жету керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, керісінше қыз жігітке жетіп алып, қамшымен ұрады.



Тапсырмалар:

  1. 1-топ – Мәтінді оқу, аудару.

2-топ - Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою, мазмұндау

3-топ – Мәтін бойынша диалог құрастыру



2) Мәтіннен зат есімдерді теріп, септік жалғауларын ажырату.

Сергіту сәті: Қара жорға биі.

6. Жазбаша жұмыс. (Тақтада)

1-топ - ойын сөзін септеу,

2-топ – ойын сөзін тәуелдеу.

3-топ- көп нүктенің орнына әріп қою, сөз тіркесін жасау.

(Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, қ...з қуу, т...ңге алу.)

7. Шығармашылық жұмыс.

1-топ – 5 жолды өлең

2-топ – «Тоғызқұмалақ» сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер жазу.

3-топ – «Сиқырлы кестеден» 10 сөз ойын атауын табу.



Асық ойыны.

Асық нөміріне қатысты сұрақтарға жауап беру.

  1. Спорттық ойындарға не жатады?

  2. Спортзалда қандай сабақ болады?

  3. Баскетбол ойынында допты қайда түсіру керек?

  4. Футбол спорттық ойынға жата ма?

  5. Қандай спорттық ойындарды ұнатасың?

7. Арқан тартыс (Білім тартыс) ойыны.

Әр топқа шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау тапсырмасы беріледі.

  1. Айгүл, ойнайды, жақсы, тоғызқұмалақ, ойынын.

  2. Жарысы, наурыз, болды, ат, мерекесінде.

  3. Біздің, балалары, ауылдың, асықты, ойнайды, жақсы.

  4. Мен, «Көкпар», теледидардан, көрдім, ойынын.

  5. Досанның, бірінші, бәйгеден, аты, алды, орын.

  6. Ойындары, көп, ұлттық, қазақтың, өте.



Бәйге ойыны.

  1. .... – қыз бен жігіт ат үстінде отырып, бірін-бірі қуады.

  2. ....- екі балуан бір-бірімен жекпе-жекке шығады.

  3. .....-ойынға 4-5 бала қатысады, Ойынға 10 асық алынады.

  4. ...- серкемен тартысып ойналатын ойын.

  5. ... – жылқылардың үлкен қашықтыққа жарысы.

  6. ....- ат үстінде шауып келе жатып жерден күміс алу ойыны.



(Уақыт қалса)«Қыз қуу» ойыны.

Әр топтан 1 қыз бен 1 ұл кезекпен шығып сұрақтарға жауап береді.

  1. Ұлттық спорт ойындарына не жатады?

  2. Қыз қуу ойынына кімдер қатысады?

  3. Көкпар ойынын немен ойнайды?

  4. Бәйге сөзіде неше буын?

  5. Ойынға сөзі қай септікте тұр?

  6. Тоғызқұмалақ ат спорты ма?

  7. Көкпар сөзін септе.







8.Қорытынды.

Бүгінгі тақырып бойынша диалог құрастыру.



Жауаптарын тексеру.

10. Үйге тапсырма:



Бағалау: бағалау парақтары бойынша.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
828
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі