400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақтың тұңғыш журналист қыздары" 10сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақта Қазақтың тұңғыш журналист қыздары туралы ақпараттар берілген және бейне материалдар көрсетілді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ


Бөлім:

8- тақырып: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне.

Мұғалімнің аты-жөні:

Тұрбекова Г.Ә.

Күні:

11.02.21.

Сынып: 10 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың тұңғыш журналист қыздары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.5.1 мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдарды энциклопедиялардан тауып, ортақ қорытындылар жасау

10.5.1.7 шылаулардың сөйлемдегі қызметін білу, мәтін құрауда орынды қолдану

Сабақ мақсаттары

Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы







Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушылардың зейінін сабаққа аудару


Сабақтың эпиграфы:

 Ойланып, ой жүгіртіп әлемге кең,

Барсам да қай өлкеге, қай елге мен.

Бүкпесіз білетінім бір-ақ ұғым –

Тірегі тіршіліктің әйел дер ем.


Ой түрткі

1.Есімдері тарихта қалған қандай әйел- аналарды білесіздер?


Түсіндірме сөздікпен жұмыс


Ой түрткі

Әлемдегі кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі зор.

Тарихта есімдері алтын әріптермен өрнектелген - Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, Айша бибі, Абақ ана, Домалақ ана мен Қыз ене, Қасым ханның анасы Жаған бике, қолбасшы Бопай ханым, ел билеген Айғаным мен Ұлпан, Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжеміз секілді аналарымыз ұлт тәрбиелеп, халық қалыптастырып, мемлекетімізді баянды етуге мол үлес қосты.

 Бұның бәрі ата салт-дәстүріміздің, тәрбие жолының дұрыстығын көрсетеді. Қазақ өнерінде аттары алтын әріппен жазылған - Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Дина Нүпейсова, Күләш Байсейтова, Роза Жаманова аналарымыз да, еліміздің өнерін өрге жүздіріп, бүкіл әлемге паш етті.




ағартушы – халықтың сауатын ашып, білім беріп, оқу - ағарту ісімен шұғылданатын адам

мақала – газет журналдарда жарияланатын, көлемі шағын, публицистикалық немесе ғылыми шығарма

бостандық – еркіндік, тәуелсіздік, өз билігі өз қолында болу

озбырлық – жәбір көрсетушілік

ат салысу – көмектесу

зарын зарлау – айта алмағанын айту

«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау.


«Аялы алақан» Тренинг, Оқулық, А4 парағы



Сабақтың ортасы









Қазақтың алғашқы журналист қыздары туралы білесіздер ме?

1-тапсырма

Қазақтың алғашқы журналист қыздары туралы алған ақпараттарыңызды қолданып, өзіндік ой-тұжырымыңызды жазыңыз.

2-тапсырма

Бейне материал бойынша берілген тұжырымдаманы дәлелдеңіз.

Шылау сөздермен танысу.

Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды.

Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, тағы басқа.

3,4-тапсырма. Мәтінді оқып септеулік шылауларды табыңыз. Септеулік шылауларды қатыстырып сөйлемдер құраңыздар.(секілді, туралы, тәрізді, жайында,жуық, дейін, соң.,)


Нәзипа Құлжанова, Ләзиза Серғазина, Алма Оразбаева , Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистер. Олар әйел бостандығы, өнер- білім секілді мәселелерді қорғаған. Қыздардың қазақ журналистикасына қосқан үлестері зор. Олар еңбек жолдарында халқына мол әдеби мұра қалдырып кеткен.















Қазақтың алғашқы журналист қыздары туралы ақпараттармен таныстым.

Қазіргі уақытқа дейін қазақ журналистикасының дамуына қазақ қыздарының қосқан үлесі зор.

Нәзипа Құлжанова, Ләзиза Серғазина, Алма Оразбаева , Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова секілді журналист қыздарымыз еліміздің мақтанышы.

Тарихта аттары алтын әріппен жазылған Әйел-аналарымыз жайында эссе жаздым

Көңіл күй смайликтерімен бағалау


Жанар Айжанова.

« Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

















Назипа Құлжанова туралы бейне материалмен танысу.



https://qazaqstan.tv./videos/ 3880


Сабақтың

соңы


Сабақта алған құнды мәліметтерді басшылыққа ала отырып, қазақтың журналист қыздары туралы мәтін құраңыз.

Мәтін құрауда шылауды орынды қолданыңыз.

Сабақты қорыту

Сауатсыз адам жарты адам.

Әйел - халықтың анасы.

Тек білімді, білікті, еркін әйел ғана, өз халқын озық халықтардың деңгейіне көтере алады.

Нәзипа Құлжанова

Бүгінгі сабақта есімдері тарихта қалған қазақтың журналист қыздары туралы көптеген ақпарттар алдым. Олардың «Айқап», «Қазақ» секілді басылымдарда атқарған қызметтері мен тағылымды ғұмырлары – бүгінгі ұрпақ үшін өнеге. Олар тек өз кәсібімен шектеліп қалмай, қоғам өміріне де етене араласты.

Қазіргі уақытта да қазақ журналистикасының көш басында көбіне қазақ қыздары жүр. Қазақ қыздарының рухы мықты. Себебі олар ойындағысын ашып айтып, көкейіндегі сұрағын ашық қоя біледі. Сондықтан да қазақ журналистикасының дамуына қыздардың қосып жатқан үлесі өте көп деп айта аламыз.


Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бір-біріне грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қойып,білімін толықтырады.

«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау.
Көңіл күй смайликтерімен бағалау.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Жұптық,топтық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: алдыңғы өтілген сабақтармен тығыз байланысы.

2:оқушылардың жаңа тақырыпқа деген қызығушылығы


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1: бейне материалдар

2: энциклопедиялардан алынған мәтін тақырыбына байланысты әртүрлі қосымша материалдар

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
42 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
5118
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі