400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қазақтың ұлттық аспаптары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуының әр түсінігі, шығу тарихы жайлы түсінік беру, білімдерін дамыту. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, ән айту, лирикалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін арттыру. Лирикалық аспаптарды ұлтымыздың мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық аспаптары.


Сабақтың мақсаты:  

Білімділік: Әр аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуының әр түсінігі, шығу тарихы жайлы түсінік беру, білімдерін дамыту.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, ән айту, лирикалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:  Лирикалық аспаптарды ұлтымыздың мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Коррекциялық: Сөз қорын кеңейту, жаңа сөздермен жұмыс жасап тіл түзету жұмыстарын үйрету.

Әдісі:  Суретті түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұрмалы аспаптар, баян аспабы.


Сабақ барысы:


Ұйымдастыру

а) сәлемдесу

ә) түгелдеу

Жаңа сабақ      

Керней, сырнай тарттырып,

Даңғыра,  дабыл қақтырып,

Барып түсті Алпамыс

Қаракөзайым үйіне…

(«Алпамыс батыр» жыры)

Тәрбиеші: Мына жыр жолдарында не айтылады? (балалар өз ойларын айтады) Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б.Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар  саны 300 –ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 ж. көне ұлттық музыкалық аспаптардан анасамбль ұйымдастырды. Б.Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөлді:

үрлемелі                                       

ұрмалы

сілкімелі

ысқышты

ішекті

шертпелі

тілшікті

Бүгінгі сабағымызда ұрмалы, сілкімелі аспаптарға тоқталамыз.

Ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, дауылпаз, тұяқтас.

Сілкімелі аспаптар: асатаяқ, қоңырау.

Ертеде ұрмалы аспаптарды әскери ұрыстарда, аңға шыққанда, халықты бір орталыққа жинағанда белгі беру үшін пайдаланса, бақсы-балгерлер, малшылар мен бақташылар да өз мақсаттарына қолданған.

Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабылды ұрып ойналатын аспап деп қазақ ауыз әдебиетінде көп қолданған. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.

Даңғыра – бір жағы көн терімен қапталып ішкі қуысына әр түрлі сылдырмақ, қоңырау ілінген.

Дауылпаз –  дауылпаздың бірнеше түрі бар: қазандауылпаз, нардауылпаз. Мысалы: қазандауылпаз қазан тәрізді шұңғыл. шанақты, үш бұрышты. Мұның бетіне малдың терісін кері салған да, күн көзіне кептірген.

Асатаяқ – тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер ілінген, сілкіп ойнайтын аспап.

Қоңырау – қоңырау  алты қоңырауы бар, сілкіп ойнайтын музыкалық аспаптың жетілдірген түрі. Үні таза шығу үшін таза жез немесе мыстан құйып жасаған. Қалыңдығын өзгерту арқылы дыбыстың ауқымын түрлендіріп отыруға болады.

Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына үш – төрт күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады.

Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді, оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді.

Бүгінде бұл аспаптар тек қана мұражайда сақтаулы ғана емес, музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады.

Музыка тыңдау 

Қазалы аудандық «Мырза» атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында композитор Шабельский – Шаргородскийдің «Той бастар» күйі тыңдалады.

Ұлттық аспапта өзге ұлттың музыкасын орындауға болады.

-    Қандай аспаптардың дауысын естідіңдер?

-    Оркестрдің құрамы қандай?

Қорытынды

Ноталардың астында сұрақтар жасырылған. Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер қазіргі үйренетін әніміздің тақырыбы шығады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі