400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазақтың заңғар жазушысы" 5 сынып Т2

Материал туралы қысқаша түсінік
Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мұғалімнің аты-жөні: Ибрагимова З.А.


Күні: 10.04.2018 ж.


Сынып: 5 Т2


Қатысқан оқушылар саны: 12

Қатыспағандар:0

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың заңғар жазушысы

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5. ТБ1.5 Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазбаша жұмыстарда орынды қолдану.

5.Т2 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұн түсіну және нақты ақпаратты анықтау

5.А5 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

Сабақ мақсатттары

Барлық оқушылар:Берілген сұрақты түсінеді және жауап бере алады;

Көптеген оқушылар:шағын диалогке қатысып, лайықты жауап бере алады;

Кейбір оқушылар:болымды, болымсыз етістіктерді айтылымда ұтымды қолданады

Жетістік критерийлері

  • Сұрақты дұрыс түсінеді;

  • Сұраққа лайықты жауап береді;

  • Болымды, болымсыз етістіктерді айтылымда қолданады;

  • Мәтінде көтерілген мәселеге тілдік мақсаттарды қолдана отырып өз пікірін білдіреді

Тілдік мақсаттар

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар:

Мұра,қошемет, көңіл күй, сезім, заңғар, зерттеуші, сыйлығының иегері.

Құндылықтарды дарыту

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады

Пәнаралық байланыстар

Тарих, география

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Үйге «Бір атаның балалары» атты әңгімесінің жалпы қысқаша мазмұнын оқып келу берілді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы







10 мин







Сәлемдесу.

Балалар бүгінгі көңіл күйлерін қалай?

Оқушылар өздерінің бүгінгі көңіл күйлерін саусақ белгісімен көрсетеді.



Мені тап : Тілдік бағдар бойынша үстелдің үстінде нақыл сөздер жазылған парақшалар бар. Оқушылар:

1-топ: Болымды етістігі бар нақыл сөздерді;

2-топ: Болымсыз етістігі бар нақыл сөздерді теріп жазады.



Ой қозғау: берілген сұрақтарға оқушылардан ауызша жауап алу:

  1. Қазақтың қандай жазушыларын білесіңдер?

  2. Олардың қандай шығармаларын оқыдыңдар?

  3. Ондағы кейіпкерлерді білесің бе?

  4. Сіздерге қай жазушының шығармасы ұнайды







Тау шыңы

әдісі арқылы оқушылар

дың әрбір жауаптары таудың шыңына жету жолдары бойынша формативті бағалап тұрамын.

Сабақтың ортасы

5 мин



3 мин








10 мин











5 мин







«Бұл кім?» айдары бойынша тақтаға М.Мағауиннің суреті интербелсенді тақтада көрсетіліп тұрады. Оқушылар суреттегі адамға мінездеме беріп, айтып шығады.



Тыңдалым: Оқушылар айтып болған соң, М.Мағауин туралы деректемелерді тыңдайды.





Топтық жұмыс:

1-топ:Тыңдалым дағдысы бойынша оқушылар тыңдалған мәтін негізінде қима қағаздар арқылы М.Мағауин туралы мәтін құрастырады (екі топ оқушылары бір- бірінің ойларын кезекпен жалғастырады).

2-топ: 20 сөз стратегиясы

Тыңдалған мәтін бойынша оқушылар есінде қалған 20 сөз теріп жазады. Оның ішінен 10 сөзді теріп жазады, оның ішінен 5 сөзді теріп жазып, сол сөздермен тақырып бойынша бір сөйлем құрастырады.


Оқулықпен жұмыс.

Айтылым.

1-топ: 4- тапсырмада берілген сөйлемдердің тыңдалым мәтіні бойынша дұрыс және бұрыстығын айтады.

2-топ: 5-тапсырмада тыңдалым бойынша берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп айтады.


Жазылым. 6- тапсырма.

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады, оқиды.

Тау шыңы

әдісі арқылы оқушылар

дың әрбір жауаптары таудың шыңына жету жолдары бойынша формативті бағалап тұрамын.



Желім, қима қағаздар










оқулық









Сабақтың соңы

7 мин



Бағалау

Бағалау парақшасы Оқушынытыиң аты-жөні: _________________________

Дескриптор

+ --

1. Болымды , болымсыз етістігін таба алады

 

2. Сурет бойынша мінездеме бере алады

 

3. Тыңдалым дағдысы бойынша сөйлемдер құрастыра алады

 

4. Ақпаратты ажыратады және сәйкестендіре біледі

 


Рефлексия. Бағалау парақшасы арқылы «Жетістік жолына» келіп оқушы бүгінгі алған білімі бойынша рефлексия жүргізеді,айтады.


Үйге тапсырма: Бір атаның балалары повесінің 1 бөлімін kitap.kz сайтынан оқып келу.



Бағалау парақшасы


Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.


Оқушының барлығы мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.

Оқушылардың көбісі мәтінге компрессия жасай алады, болымды және болымсыз етістіктерді орынды қолданады.

Кейбіреулері мәтінді компрессиялауда өзіндік стильді қолданады.


Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.


Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, география.

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты жүзеге асырылды. Бүгін оқушылар Мұхтар Мағауин туралы мағлұмат алды. Тыңдалым дағдысы бойынша мәтін құрастыра білді. Жоспарланған уақытымды ұстандым.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Тыңдалым дағдысы арқылы оқушылар мәтін құрастыра білді;

2: Кері байланыста жетістік жолындағы қай кезеңінде тұрғанын айта білді.


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Топ аралық бағалау әр тапсырма кезінде жүргізілген кезде;

2: Өзін өзі бағалау кезінде оқушылардан неліктен мұндай баға қойғандығы туралы сұрауым керек еді.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Болымды және болымсыз етістікті қатыстырып сөйлеуде/жазуда оқушыға көбірек қолдау көрсету




2


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
41 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
2328
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі