жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Қазақы наурызнама 8 сынып
Сабақ: Қазақы наурызнама |
Мектеп: |
||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты – жөні: |
||||||||||||||||||
Сынып : 8 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар:0 |
|||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру
|
||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Мәтіндерді салыстыру дағдыларын арттыру;
|
||||||||||||||||||
Көзқарастарын білдіру қабілеттерін дамыту;
|
|||||||||||||||||||
Баға беруге үйрету |
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Екі мәтіндегі көтерілген мәселелерді салыстырады; Өзіндік баға береді. |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: |
||||||||||||||||||
Жаңа сөздерді толық меңгереді, тақырып жайлы ақпарат береді, мәтінде көтерілген мәселелерді салыстырады, этикеттік сөз орамдарын қолданады.
|
|||||||||||||||||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: |
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Не себепті .......деп ойлайсыз? |
|||||||||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Әлем халықтарының наурызды тойлау дәстүрлері |
||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
ресурстар |
|||||||||||||||||
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
|
||||||||||||||||
Сабақтың
басы
Топқа бөлу: |
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Бәрімізге бақыт сыйлайық » әдісі арқылы сыныптың ахуалын жақсарту. 1.Жақсы адам болғысы келетіндер орнынан тұрады. 2. Жалқаулық жаман қасиет дегендер қолдарын күнге көтереді . 3. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайды. 4. Бүгінгі сабақ жақсы өтсін дегендер қол алысып,амандасып, бір – біріне бақыт сыйлайды.
Екі түсті жіппен топқа бөлу Жіптің басында жазылған сөздерді алады. Жіптің басында жазылған сөздер: Сыйластық, татулық. |
Осы айтылған тапсырмаларды орындау арқылы бір – біріне жақсы тілек тілеп, көңіл- күй, бақыт сыйлайдыОсы сөздер арқылы өз орындарына отырады
|
Интербелсенді тақта
Күн шуағы.
Түрлі –түсті жіптер, сөздер.
Топ аттары жазылған үлестірме сөздер.
|
||||||||||||||||
Үй
тапсырмасын сұрау:
|
«Бұрыштар» Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көзқарастарын дәлелдейді. Қай дәстүр қай халыққа тән екенін айт. Ұлттық тағам «Наурызкөже» пісіреді. Балалар көршілерінің есігіне баскиімін қалдырып кетеді. Син әріпінен басталатын жеті түрлі тағам пісіреді. Бұлақтардың көзін ашады, арықтарды тазалайды, ағаш көшеттерін отырғызады. Наурызда арқан тартысады, қораз төбелестіреді. Наурызға дейінгі төрт сейсенбіні атап өтеді. Дастарқанға боялған жұмыртқа мен тиын қояды. Наурызды 13 күн тойлайды. Арнайы сыйлықтар алып барады.
Иран Әзірбайжан Қазақстан Тәжік |
|
Таратпа қағаздар |
||||||||||||||||
Ортасы 15 минут
|
Қызығушылық ояту «НАУРЫЗ» сөзі бойынша миға шабуыл жасау. Слайдтар ашылып отырады Оқушылар көрсетілген суретке анықтама береді.
Наурыз
сөзінен қандай сөздер жасалған? Наурызнама-Наурыз күні өтетін үлкен ойын сауық; мейрам. Н а у р ы з н а м а д а көкпар, қыз қуу, аударыспақ, балуан күресі, алтыбақан сияқты ойынсауық болып, жиналған жұрт мол қуанышқа бөленеді
1 тапсырма. Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Б.Ж.Бопайұлы « Қазақы наурызнама» кітабынан 2 үзінді беріледі
Оқу мақсаттарына сай мәтіннің тақырыбы мен идеясын талдайды, осы мәтіндерде көтерілген мәселелерді салыстырады, баға береді.
«Борт журналы» «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:
Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.
Дескриптор
|
Тапсырманы орындап болғаннан соң әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
|
Интербелсенді тақта Тақырыпқа сай сурет
Қағаздар, маркерлер, қима қағаздар
|
||||||||||||||||
2 минут
Сергіту сәті. 3 минут
10 мин
Соңы.
Бағалау
3 минут
|
-жақсы -орташа
-
«Арқаға жазылған комплименттер» Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді. 2-тапсырма. «Кезбе тілші» Әр топтан бір оқушы шығып, тілші ретінде сұрақ қойып, жауаптарын бірі диктофонға, бірі камераға түсіріп, топтарында өңдеп, диктор арқылы экранға шығарады.
Дескриптор -сұрақ қоя алады; -тілдік коммуникация орнатады; -өз ойын дұрыс жеткізеді
3-тапсырма «Конверт-тапсырма» ІІІ деңгей. Наурыз мейрамымен құттықтап ашық хат жазыңыз ІІ деңгей. Бата, тілек айту. І деңгей. Егер менің қолымда болса...» Сенің қолыңда үлкен мүмкіндік болса, мектебіңде Наурыз тойын қалай тойлар едің? Өз жобаңды ұсын.
Дескриптор - тапсырмаға қажет сөздерді пайдаланады; -сөйлемді дұрыс құра алады; -өз ойын қорытады
«Гүлдер» Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен? Жұптық жұмыс «5-5-1» Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
|
Топтар бір-бірін қолдың суретін көтеру арқылы бағалайды. 1-2 2-3 3-1
Әр топ тапсырмаларды орындайды, АКТ пайдалану арқылы өз қалауларымен бата, тілектер жазып алады, өз білетіндерін айтады.
|
Қолдың суреті
«Конверт-тапсырма»
|
||||||||||||||||
Үйге
тапсырма |
«Қазақы наурызнама» тақырыбы бойынша брошюра жасап келу. |
Оқушылар өз ойларынша берілген тапсырманы орындайды. |
Брошюра үлгісі. |
||||||||||||||||
Рефлексия |
«Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
|
|
|
||||||||||||||||
«Борт журналы»
«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? |
Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім? |
|
|
Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.
«Бұрыштар»
Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын
сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көзқарастарын дәлелдейді.
«Бір ауыз сөз»
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б
«Гүлдер»
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген