400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Қазіргі сән. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мазмұны педагогтар үшін тиімді
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

5. 2. 3. Киім. Сән. Талғам


Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сейдахметова Гаухар Садибековна


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:0


Сабақтың

тақырыбы:

Қазіргі сән


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

5.Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.


Сабақтың мақсаттары

Тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне сәйкес саралау

Барлық оқушылар істей алады:

- Мәтін мазмұнын тыңдай отырып, тірек ұғымдарды тыңдайды;

- Мәтін бойынша жетекші сұрақтар құрастырады;

-Мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, жарнама құрастырады;

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

- Мәтін тақырыбы мен мазмұны бойынша өзіндік тұжырымды ой айтады және тың идея ұсынады;

Кейбір оқушылар істей алады:

-Ұлттық киім үлгілеріне қатысты көнерген сөздердің тарихын зерттеп, дербес пікір айтады.


Бағалау критерийлері

-Мәтінді тыңдай отырып, жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

-Құрылымын сақтай отырып, жанрлық ерекшелігіне сәйкес жарнама жазады.


Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, Көркем еңбек, Өзін-өзі тану.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

-Ұлттық киім, оның түрлері туралы сипаттап береді;

-Тапсырмаларды орындау барысында ұлттық киімнің ерекшеліктерін, қолданудағы маңыздылығын айтады.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

-Мұрақ, зерлі шапан, мауыты, жібек жейде, шекпен, кебенек, сырттық, күләпара, сал-сері.


Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

- Ұлттық киім, өзіндік қасиет, бала киімі, бойжеткен киімі, сал-сері, келіншек киімі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Қазақ халқының ұлттық киімі жас ерекшеліктеріне қарай не себепті бөлінеді?

-Ұлттық киімдердің әлеуметтік дәрежесіне және кәсіби саласына қарай жіктелуі дұрыс деп есептейсің бе?

-Ұлттық киімдердің тігілуі мен әшекейленуі арасында байланыс болды деп ойлайсың ба?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

  • Неліктен қазақ халқының ұлттық киімі басқа ұлттардан өзгеше екенін айта аласыз ба?


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығын сақтау; ұлттық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау, құрмет білдіру; оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.


Алдыңғы оқу

- Киім, сән, талғам жайлы түсінік;

- Ұлттық киім және оның түрлері туралы жалпы ұғым.



Жоспарланған

уақыт



Жоспар


Ресурстар

Басы








2 мин







5 мин






І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру.

2) «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы ынтымақтастық ортасын құру.

3) Қазақтың ұлттық оюларымен жасалған қима қағаздары арқылы топтарға біріктіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы топқа бөлінген оюлар бойынша сұрақтар қою арқылы тексеріледі. Әр оюдың келесі бетіндегі сұрақтар бойынша жауаптар алынады.

Кері байланыс: Үй тапсырмасы бойынша түсінбеген сұрақтарыңыз бар ма?

Қалыптастырушы бағалау.

«Жұздызша беру» әдісі арқылы мадақтау.




Ортасы

Қызығушылықты ояту









Мағынаны тану




3 мин










3 мин








7 мин

























6 мин



















5 мин















5 мин


Жаңа сабақ. Ұлттық киім – асыл мұра.

Бейнесюжет көрсетіледі.

«Ой шақыру» әдісі арқылы сұрақтар қою:

  1. Отбасыңда кімдер ұлттық киім киіп жүреді?

  2. Ұлттық киім атаулары қазақ тілінің сөздік қорын қандай сөздермен байытты деп ойлайсың?

  3. Қазақстандағы сән әлемі туралы не білесің?

1-тапсырма. Тындалым алды тапсырма. Сыныптық жұмыс.

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы әр топқа ұлттық киім суреті беріледі. Берілген киім түрі туралы әр топ түсінік беріп өтеді.

1) Берілген киім атауы.

2) Киімнің бұл түрі кімдерге арналған?

3) Берілген киім түрінің ерекшелігі.

Тыңдалым тапсырмасы. (2 рет тыңдайды)

Мәтін тыңдалады. Әр топқа тірек сөздер беріледі. Берілген сөздер арқылы мәтіннен тиісті киім атауларын табады.

І топ: Хан, би, сұлтан (мұрақ, зерлі шапан)

ІІ топ: Бақсы, сал-сері (жарғақ шалбар, мауыты, жібек жейде)

ІІІ топ: Малшы, аңшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара)


«Сөздік кестесі» әдісі арқылы әр топ берілген киім атаулары бойынша сөздікпен жұмыс жасап, кестеге түсіреді.


Сөз

Біздің анықтама

Сөздіктегі анықтамасы

Сөйлем

(мәтін бойынша)

хан

мұрақ

......

....


Үдеріс бойынша саралау. Қабілеті төмен оқушылар тыңдалым мәтіні бойынша тірек ұғымдарды кестедегі үлгіге сәйкес анықтайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Әр топ мәтін мазмұны бойынша берілген бөліктерге байланысты жетекші сұрақтар құрастырады.

«Кезбе тілші» әдісі бойынша әр топ келесі бір топқа сұрақтарын қояды. Топ мүшелері талқылайды, жауап береді.

Ресурс бойынша саралау. Қабілеті төмен оқушыларға мәтін мазмұны бойынша жетекші сұрақтар құруға бағытталған энциклопедиялық материал ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушылар мәтін бойынша сұрақ құрастырады әрі өзіндік идея ұсынады.

Қалыптастырушы бағалау. «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы әр топ келесі топтың жұмысына баға береді.

  1. Бізге ұнады...

  2. Біз үшін құнды...

  3. Жақсарту керек...

2 тапсырма. Айтылым. Топтық жұмыс.

Суретпен жұмыс. Әр топқа берілген киім үлгілері туралы өз пікірлерін айтады. Ол үшін әр топқа әдіс түрлері ұсынылады.

І топ. «Жеңілдетілген анықтама» тәсілі. Бидің суреті бойынша жұмыс.

ІІ топ. «Сұрақ қоя білу» тәсілі. Батырдың суреті бойынша жұмыс.

ІІІ топ. «Дербес пікір айту» тәсілі. Сал-серінің суреті бойынша жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау. «Ауызша бағалау» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


3 тапсырма. Жазылым. Топтық жұмыс.

Видеоүзінді көрсетіледі. Үзіндіде қазақстандық сәнгер Айда Кауменованың өз сән үйін жарнамалауы көрсетіледі.

Топтарға осы үлгіні басшылыққа ала отырып, жарнама жасау тапсырылады.

- Сіз-ұлттық нақыштағы заманауи сәнді киім үлгілерін тігетін жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға сән үйінің ерекше қызметтері туралы жарнама мәтінін жазыңыз.(20-25 сөз)

«Автор орындығы» әдісі арқылы үздік жарнама мәтіні оқылады.

Дескриптор:

-Жарнама жанрының талаптарын сақтайды;

-жарнама мәтінінде ұлттық киімге қатысты ақпарат береді;

- жарнама мәтіндері арқылы озық ой, тың идея ұсынады.

Қалыптастырушы бағалау. Дескриптор бойынша әр топ бірін-бірі бағалайды.


https://youtu.be/u9yyhagemJU















































https://youtu.be/oNangeKjmnE





Постер



Соңы



3 мин






1 мин

Кері байланыс:

«3-2-1» стратегиясы

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Үйге тапсырма:

Барлық оқушылар: Қазақ халқының ұлттық бас киімдері туралы мәлімет жинақтау.

Қабілеті жоғары оқушылар: Ұлттық бас киімдерді сипаттап өз сөзімен жазады. Өзіндік тұжырым жасайды.
















Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс



Оқушыларға сараланып берілген тапсырмалар мақсаттар бойынша түрлі әдістермен оңтайлы берілді. Жаңа сабақты бастамас бұрын «Ой шақыру» әдісі бойынша қойылған үш деңгейдегі (А,В,С) сұрақтар арқылы оқушылар жаңа сабақ бойынша тұжырым жасайды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы тақырыпты болжайды.

Тыңдалым мәтінімен жұмыс жасау барысында қолданылған «Суреттер сөйлейді» әдісі оқушылардың танымдық деңгейін кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін, бір-бірін тыңдау дағдыларын дамытады. «Сөздік кестесі» әдісі арқылы жүргізілген сөздікпен жұмыс оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырады және тұжырым жасауына ықпал етеді. «Кезбе тілші» әдісін қолдану оқушылардың мәтінмен жүйелі жұмыс жасау нәтижесінде сұрақтар құрастыруына, тез әрі шапшаң жауап беруіне дағдыландырады. Айтылым тапсырмасын орындауда «Жеңілдетілген анықтама», «Сұрақ қоя білу», «Дербес пікір айту» тәсілдерін қолдану нақтылықты, зейін қоюды, саралауды талап етед

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі