400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қазқтың ұлттық музыкалық аспаптары" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ 7 сыныптың қазақ тілі пәніне арналған. Бұл ашық сабақтың тақырыб "Қазақтың ұлттық музыкалы қаспаптары". Бұл сабақ арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, музыкалық асспаптарды онай білу қабілетін дамыту, және де жанрлықжәне стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдан отырып, мақала, нұсқаулық, әңгіме жазу,а баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:


Күні:

Мұғалімнің аты – жөні: Молдақұлова Т.Н.

Сынып: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 19

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы/Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;
а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.Ж2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.

ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу,тұрақты тіркестерді игеру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар
Үндестік заңын біледі
Көптеген оқушылар
Жалғауларды үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жалғап жазады, тұрақты тіркетерді түсінеді
Кейбір оқушылар
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.

Бағалау критерийлері

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.
Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т.б
Оқушылар: жаңа сөздерді жазба жұмысында қолдана алады
Пән лексикасы және терминология: стиль, мақала, нұсқаулық, әңгіме, үндестік заңы, орфография т.б

Пәнаралық байланыс:

музыка

Ұлттық құндылықтар

Өз халқының мәдениеті мен тіліне деген құрмет

Мектеп құндылықтары

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық; оқушылардың өз бетімен білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.


Осыған дейін меңгерілген білім

Музыка жайлы ұғым, классикалық музыка, Қазақ музыкасы, қазақтың дәстүрлі әндері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт 40 минут

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сергіту сәті

2 минут











Үй тапсырмасы

3 минут



Сабақтың басы
3 минут


Көңіл – күй орнату

Алдын – ала бөлінген топтарға аспаптар жайлы музыкалар қойылады. Оқушылар сол әуенге қосылып ән орындайды.

- Балалар, қандай көңіл-күйдесіздер?

- Өздеріңізді қалай сезінудесіздер?

- Өзіңізге деген сеніміңіз жоғарылады ма?

- Ізденіс пен белсенді әрекеттерге дайынсыздар ма?


Күләш Байсеитова туралы «Ән падишасы» атты шағын әңгіме жазу.

Қызығушылықты ояту, сабаққа болжам жасау.

Оқушыларға түрлі аспаптардан құралған оркестрдің күйі ойналады. Балалар сол күйді тыңдау арқылы қандай музыкалық аспаптардың даусын ажыратып тұрғандарын айтады. «Анама» Назгүл Таңатар

Сол арқылы бүгінгі тақырыпты болжайды.

  • Оқушылар сабақ тақырыбына болжам жасайды:
    * Қазақтың ұлттық аспап түрлерімен танысады

https://www.google.kz/search?q=%D0%B0%D1%81%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%8F%D2%9B&espv=2&biw=1366&bih=662&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj9qfbEp57SAhWD_iwKHTquC7gQ_AUIBigB#tbm=isch&q=%D1%83%D1%96%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D0%BA&imgrc=hPoG5x-cktIOUM:

Сабақтың ортасы

6 минут













4 минут
































10 минут











4 минут



































































5 минут















Кітаптағы тапсырманы орындау

Балалар 2 оқылым мәтінімен танысып, тапсырмаға сай алдарындағы суреттегі музыкалық аспаптарды топтастырады.

  1. Үрмелі аспаптар: сыбызғы, саз сырнай, ұран, керней

  2. Ұрып ойналатын: даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл

  3. Шертпелі – ішекті аспаптар: жетіген, домбыра,



Топтастыру себептерін түсіндіреді.

Тақтада мақала, нұқаулық, әңгіме туралы нұсқау ілінеді. Үстелге тапсырмалар қойылады. Топ басшылары өз қалауымен тапсырма таңдайды:
1-топ:
Мақала - коғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма.
Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды, дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.
2-топ:
Нұсқаулық - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы, жалпы алғанда нұсқау.
3- топ:

Әңгімеәдебиетте-оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. 



«Таныстыру» әдісі.
Тапсырма:
1-топ: Шетелдік қонақтарға қазақтың ұлттық саз аспаптары сыбызғы, кепшік, домбыра, асатаяқ, қобыз, жетіген, желбуаз, ұран, даңғыра, уілдек, сылдырмақ т.б аспап атауларын таныстыру мақсатында және күйлерінің шығу тарихы туралы топта шағын мақала жазыңыздар. (Қазақтың халық музыка аспаптар мұражайына саяхатты алуға болады)

2-топ: Белгілі бір аспапта ойнау (қалай отыру, аспапты қалай ұстау т.б) туралы нұсқаулық жазыңыз.

3-топ: Ұлттық аспаптар домбыра, қобыз, сыбызғы, даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген туралы шағын әңгіме ертегі құрастырыңыз.

Тапсырма беріліп, оқушылар дайындалғанша

Қосымша ресурс:

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.
Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз-әңгiмелердiң желiсiне сүйенуге болады. «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген қыз егiзiн iздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбiне келiп, демалады. Құлағына күмбiрлеген сарын естiледi. Қайдан шығатын әуен екенiн бiлгiсi келiп ағаш үстiне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетедi. Ағаш, түбiнен басына дейiн iшi қуыс екенiн көредi. Екi басында бұтақтан-бұтаққа керiлiп қалған iшектердi көредi. Екi iшек самал желмен тербелiп, одан әуен шығады екен. «Егiз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған iшегi бостау, шығысқа қараған iшегi қаттылау керiлген екен. «Астыңғы iшек - жiңiшке дауысты қызым Зарлық, ал, үстiнгi iшек - бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екi iшекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» дейдi аңыз-әңгiмеде.
Ал қазіргі кезеңде ше балалар, осы атадан мұра болып келе жатқан асыл мұраларымызды біз қаншалықты деңгейде пайдаланамыз, дәріптейміз? Қалай ойлайсыңдар?

Мысалы, Қарақат Әбілдинаның «Қарақат»с тудиясы, онда өздерің секілді қыздар жетіген ааспабымен түрлі өнер көрсетеді. Қара домбырны қолынн тастамайтын эстрада әншілері Бекболат Тілеуханов, Мейрамбек Беспаев, «НұрМұқасан» тобы, тағысын тағы.


Болған топ қол шапалақтау арқылы болғандарын айтып, орындаған тапсырмасын оқиды. Орфографиялық норма бойынша жазылым жұмыстарындағы қолданылған шылаулар мен қосымшаларды ажыратып, үндестік заңдылығына сәйкестігін бір-бірінің жұмысынан тексереді.

Бағалау басбармақ әдісі бойынша. Топтар бір бірін бағалайды.

Кері байланыс:
* Оқушылар нұсқаулық, мақала, әңгіменің анықтамасымен танысады:
* өздері критерийге сай мақала, әңгіме, нұсқаулық жазып шығады;
* үндестік заңын басшылыққа ала отырып, бір-бірлерінің жұмыстарына баға береді.

Әр топ жазба жұмыстарынан түйгендерін, яғни әр стиль бойынша анықтамалықты салыстыру кестесіне түсіреді.

Салыстыру кестесі

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D2%B1%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D2%A3%D0%B3%D1%96%D0%BC%D0%B5


















Қорытындылау

Сабақтың соңы

Рефлексия
3 минут






Сабақты қорытындылау үшін, топ басшылары белгілеген оқушылар шығып, кубикті лақтырады. Қай музыкалық аспап түссе, сол туралы өз білгенін айтады.

Сабақтың соңында оқушылар:

Бағалау критерийлеріне сай бағаланады.






Бағалау критерийлері


«+»; «-»

І топ

«+»; «-»

ІІ топ

«+»; «-»

ІІІ топ

1

Үй тапсырмасын орындауы




2

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.




3

Музыкалық аспаптарды топтастыруы




4

«Таныстыру» әдісі










Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға





Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:



Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
4454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі