Пәні: Әдебиеттік
оқу
Сыныбы: 3 сынып. Ашық
сабақ
Сабақтың
тақырыбы:Қазыбек би.Не қымбат,не
қиын?
Сабақтың
мақсаты:
Қазақ халқының даналығы және
шешендік атты асыл қазынасын танып,білу.
білімділік: оқушылардың Қазыбек би туралы
білімдерін тереңдетіп, шешендік сөздерді талдата
отырып,шығармашылыққа баулу.
дамытушылық:болашақ би,шешен ізбасарларын
қалыптастыру, өз пікірлерін қорғай білуге,талдай білуге және
«тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» таба білуге
үйрету.
тәрбиелік: оқушыларды сөз мағынасының
тереңдігін түсінуге, сөзге тоқтай білуге, шешенділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: қорытынды
сабақ
Сабақтың
түрі: шығармашылық,ізденіс
сабағы
Оқыту
технологиясы: Блумның мақсат қою
технологиясы
Пәнаралық
байланыс:қазақ
тілі
Сабақтың
барысы:Ұйымдастыру
кезеңі.
а)үй тапсырмасын сұрап,оқушы
білімін бағалау.
ә)үй тапсырмасымен жаңа
сабақты байланыстыру.
б)Блум таксономиясының
интерактивті тақтадан көрсету:
|
Деңгей
|
Берілген деңгей бойынша
сұрақтар-тапсырмалар
|
Оқушы
іс-әрекеті
|
|
Білім
|
1.Қазақ халқының даналығы және
шешендік атты асыл қазынасын танып біліу.
2.Қазыбек би туралы білімдерін
тереңдетіп,олардың шешендік өнерін оқушы бойына
дарыту.
|
Әдеби шығармалардан оқыған
би-шешендердің сөздерін еске түсіреді,тыңдайды,қабылдайды, есте
сақтайды,ойлайды.
|
|
Түсіну
|
1.Шешендік өнер дегеніміз
не?
2.Шешендік сөздер қандай
жанрға жатады?
3.Қазақтың шешендік сөз тарихы
кімдерден бастау алған?
4.Шешендік сөздердің алғашқы
үлгілерін қандай әдебиеттен және туындылардан
кездестіреміз?
5.Шешендік сөз қандай ойға
құрылады?
|
Бұрынғы білімдерін пайдалана
отырып,осы қойылған сұрақтар төңірегінде білімдерін кеңейте
отырып,жаңа мәліметтер жинау арқылы болжам
жасайды,түсіндіреді,жазады, айтады,ой
бөліседі.
|
|
Қолдану
|
1.Шешендік сөздің ел
өміріндегі орны.
2.Шешендік сөздердің -халық
ауыз әдебиетіндегі
үлгілерін мысалдар арқылы
дәлелдеу.
3.Ұлттық сөз өнері тарихындағы
билер
есімі,олардың қоғамдық
өміріміздегі алатын орны
|
Кез келген жағдайда алған
ақпаратты пайдалана алатынын біледі,білімін проблеманы шешуге
,шешім қабылдауға пайдаланады. Шешендік сөздерді өздерінің сөздік
қорларына енгізу және қандай жағдайларда қолданатыны туралы ойын
ортаға салады.Ойтолғау жазу.
|
|
Талдау
|
1.Аңыз әңгімелер мен шешендік
сөздердің ерекшеліктері.
|
Шешендік сөздер бойынша алған
білімдерін саралайды, ең негізгі идеяны көрсетеді,
ойланады,салыстырады,таба-ды,талқылайды.Жазған шығармасынан немесе
ойтолғаудан оқушы өзіне қатты әсер еткен жерлерін
табады.
|
|
Жинақтау
|
1.Би-көсем,би-шешен.
2.Қазақтың ұлы үш
биі.
а)Төле би тауып
айтады
ә)Қазыбек би қазып
айтады
б)Әйтеке би жарып
айтады
(халық арасына тараған осы үш
би туралы сөздерлің мағынасын ашу)
|
Оқушы шешен-билердің орнына
өзінің жаңа алған ақпаратты,шешендік сөздерден алған сезімі, өзінде
пайда болған ойын жинақтап,өздері өлең түрінде шешендік ойтолғаулар
жазып шығады.
|
|
Бағалау
|
Оқушы алған білімінің өзіне
қаншалықты керектігін,құндылығын анықтайды,бағалайды,талқы -лай
ды,өз пікірін айтады.
|
Бүгінгі ұрпақ осы шешендік
өнерді қалай дамытуда?-деген сұрақ бойынша ой
бөліседі
|
Блум технологиясының
талдау,жинақтау, бағалау деңгейлерінде оқушыларға төмендегідей
сұрақтар қою арқылы шығармашылыққа баулу
қажет.
1.Төле би,Қаз дауысты Қазыбек
би,Әйтеке би айтқан ұтымды ойларын қызыға тыңдау себептерің
неде?
2.Осы билер бойындағы
дарындылық өз бойларыңда болуды армандайсыңдар
ма?
3.Осы билеріміздің заманы
қандай болды?
4.Өздерің сияқты мектеп
партасында отырды ма? Мұғалімдері болды
ма?
Осы сұрақтардан кейін оқушылар
өзінің өлең,эссе, ойтолғау немесе заманға хат тағы басқа
шығармашылық жұмыстар жаза бастайды.Бұл арада балалар өздері өмір
сүріп отырған ортаны өткен заманмен салыстырады.Төмендегідей ойлар
дүниеге келеді.Билердің даналық сөздерінен үлгі алған оқушылардың
мынадай төл шығармасы дүниеге келді.