жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ашық сабақ: "Қазыналы қарт"
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Қазыналы қарт тәлімі»
Сыныбы: 3сынып
Сабақтың мақсаты:
А )Оқушылардың сыни көзқарасын дамыта отырып, шешендік өнерді дәріптеу мақсатында, «Қазыналы қарт тәлімі» атты Төле би туралы меңгерту, сабаққа қызығушылығын арттыру; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; жас ерекшелігін ескеру; ой түйініне қарай көшбасшылықты анықтау;
Ә)Оқушылардың сыни көзқарасын дамиды; шешендік өнерді дәріптейді; «Қазыналы қарт тәлімі» атты Төле би туралы меңгереді; сабаққа қызығушылығы артады; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушы табылады; жас ерекшелігі ескеріледі; ой түйініне қарай көшбасшылық анықталады;
Б) Сыни көзқарасын дамиды; жаңа сабақты (Төле би туралы) меңгереді; сабаққа қызығушылығы артады; өз пікірін ортақ шешімге тоғыстыра біледі;
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Көрнекілігі:мақал – мәтелдер, Төле би портреті, алма ағашы, бағалау түрлері,смайликтер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
А)Шаттық шеңбері. «Ыстық сезім, жылы жүрек»
Аппақ болып таң атты,
Түтін тіке шығады,
Қарылғаштар қанатын
Самғап биік ұшады.,
Топ – топ басайық
Жалаудан күн жасайық,
Жаса,жаса жарқын күн
Жаса ,жаса алтын күн!
Үй тапсырмасын тексеру. «Доллар кімге бұйрады?»
3.Топқа бөлу (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сурттерін тарату арқылы)
1-топ: «Төле би»
Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Казақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен. Ұлы жүздің биі.
2-топ: «Қазыбек би»
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған. Орта жүздің биі.
3-топ: «Әйтеке би»
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісіОраз қажының бесінші ұрпағы. Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Кіші жүздің биі.
Билердің суреті әр топқа беріледі. Постер,қарандаш қорғау.
Сұрақ – жауап.
Билердің сөзінің ерекшелігі қандай?
-
Би сөзін неліктен ақылдың көзі дейміз?
-
Қазіргі таңда билер бар ма?
-
Қазіргі уақытта оларды кіммен салыстыруға болады?
Ой– ашу: АКТ «Ел кемеңгері Төле би» видеоролик.
4. «Санадағы кинофильм» әдісі.
Оқушылар көздерін жұмады, мәтіннің басы оқылады, мәтіннің әрі қарай не болатыны сұралады. (Оқушылар өз ойларын ортаға салып, болжамдар жасайды).
Төленің жас кезі.Жотада мал бағып жүрсе анадай жерде бес алты аттылы кетіп бара жатады.Бала олардың алдынан шығып салем береді.Орталарында Қонқа би деген жасы жетпістерге келген ақсақал кісі бар екен..
«Еркін талқылау» әдісі арқылы әр топқа мәтін бөлімдерге бөлініп беріледі. Өз тобында талдаған соң топқа бөліну арқылы түсіндіру шаралары жүреді.
1-топ: «Төле би» -Балам,бұл қай ауылдың малы?
-Әлібек бидің.
-Анау үйездеп жатқан жылқылар кімдікі?
-Жыланкөз байдікі.
-Е, еіздеп келе жатқанымыз сол Жыланкөз бай еді.
-Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді.Сіздерге іздесе барайын,-дейді Төле би.
Олар жүріп келе жатып,сәске түс кезінде көп жылқыны көреді.Жылқының
көптігі соншалық-кіші бетінге дейін шетіне шыға алмайды.
2-топ: «Қазыбек би» Сонда жолсерік бала:
-Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы болады екен? Білесіз бе ?-деп сұрайды.
Қонқа би:
-Қарағым,бұл Нысапсыз деген байдың жылқысы,-дейді.
-Нысапсыз деген қандай бай?
-Балам,айтайын:нысапсыз деген,осы малды жия берген,жия берген. Бұл нашарға,кедейге қайырымы жоқ,ат майын бермейтін байдың малы.
3-топ: «Әйтеке би»
Олар одан әрі жүріп кле жатады.Кенет кең далада жайқалып өсіп тұрған қалың егіннің үстінен түседі.
Ойпырым-ай,ата мынау қандай адамның егіні болды екен?Көз жауын алып,жайқала өсіп тұр ғой,-дейді бала.
-Ә,шырағым, бұл Қайырсыз деген байдың егіні.
-Қайырсыз деген бай ма?Қай ел болады,екен?
-О,шырағым,айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жалдап,осынша жерді айдатты.Арзанға жұмыс істетіп,еңбегін бір жеді.Енді егінді біреудің еңбегімен отырғызып,қырманға саады.Бастыртып қамбаға құйды.Мұның бәрін өзі істемеді,біреуге істетті.Сонан соң елде астық болмай қалған кезде қымбатқа сатты.Өзі жан қймай,үйде май жайнап жатты.Келесі жылы тағы егін ектірді.Енді екі есе адам жалдады.Жылдан жылға осылай кете берді.Одан жұртқа айда жоқ.Ел ашыққанда,қымбатқа сатады.Мұның қайырсыз болатын себебі осы.Түсініп ал, балам....
Сергіту сәті « Кім жақын»
Қортындылау: «Төле би»
«Синквейн» әдісі (5жолды өлең жеке, жұптық, топтық)
«Би» сөзі
-
Би
-
Ақылды, әділ
-
Шешеді, сынайды, анықтайды;
-
Төле – төрелік танытатын би.
-
Шешен, тапқыр, сөзшең, данышпан, дана;
)
Қортынды бағамдау.
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?
1: «Еркін талқылау» әдісі арқылы әр топқа мәтін бөлімдерге бөлініп берілгені қз тобында талдауға жеңіл, түсіндіру кезінде ұтымды болады.
-
«Санадағы кинофильм» әдісі оқушылар көздерін жұмады, мәтіннің басы оқылады, мәтіннің әрі қарай не болатыны сұралады. (Оқушылар өз ойларын ортаға салып, болжамдар жасауы сабақты жақсарта алады).
Сабақ барысында мен сынып немесе жеклеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Топқа бөлу кезінде оқушылармен ақылдасуды, оқыту әдістерін бірлесе анықтауды, С деңгейлі оқушыларға диалогтік байланысқа түсуді тиімді қолдануды ескеремін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген