Тіл дамыту
К дыбысы мен
әрпі.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі:
Балаларға К дыбысы мен әрпін таныстыру. Сөздерді буынға бөлуге
және буындарды
оқи білуге үйрету.
Дамытушылығы:
Балалардың білімге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі:
Ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Сабақ түрі:
жаңа сабақ.
Әдіс -тәсілі:
сұрақ- жауап, суретпен жұмыс, топтастыру стратегиясы.
Көрнекілігі:
кесенің, күшіктің, кенгурудың, бүркіттің суреті.
Сабақ
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Қызығушылығын
ояту. Амандасу. Шаттық шеңберіне тұру.
Кел, балалар,
күлейік,
Күлкіменен
түлейік.
Қабақ түйген не
керек,
Көңілді боп
жүрейік!
Қане, балалар,
көңіл- күйлерің қалай? Олай болса жақсы көңіл- күймен
сабағымызды
бастайық. Қазір сауат ашу сабағы.
- Біз сауат ашу
сабағынан нелермен таныстық?
- Әріп
дегеніміз не?
- Дыбыс
дегеніміз не?
- Дыбыстар
нешеге бөлінеді?
Дидактикалық
ойын. «Қандай дыбыс?»
Жаңа сабақ.
- Бүгін біз
тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына бір жұмбақты
шешу керек.
Жұмбақ. Үлкен
алтын табақтан,
Әлемге нұр
таратқан. (Күн)
Балалар,
ұйқыдан оянғанда, даладан нені көресіңдер?
- Күнді, күннің
нұрын көреміз.
- Күннің нұрын
көргенде қалай қуанасыңдар?
- Алақай! – деп
қуанамыз.
- Далаға
шыққанда жоғарыдан нені көреміз?
- Аспанды,
бұлтты, күнді көреміз.
- Күн бізге
несін береді?
- Жылуын
береді.
«Күн» деген
сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
- К дыбысы.
- Ендеше
бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы осы К дыбысы мен
әрпі.
Балалардың
назарын тақтадағы кесенің суретіне аудару.
«Кесе» сөзіне
дыбыстық талдау жасау. Текшелермен белгілету. Кеспе
әріптермен
жазу. Тақтаға күшіктің, кенгурудың, бүркіттің суретін ілу,
дыбыстық талдау
жасау.
Күшік - иттің
баласы.
Кенгуру -
Австралияда мекендейді. Оның салмағы 90 кг, құйрығының ұзындығы
1 м. Оның
алдында қалтасы болады, оған баласын 68 ай сақтап өсіреді.
Ал, баласының
салмағы 5,5 гр. Болады. Шөппен қоректенеді. «Қызыл кітапқа»
енген. Алдыңғы
аяғымен қорегін тауып жейді.
Бүркіт - таудың
ең биік шығында өмір сүреді. Түлкі, қоян сияқты аңдарды
Аңдып тұрып,
өзінің әдіс-тәсілдері арқылы ұстап, жемтігін тауып жейді.
Ол қырағылықты,
бірлікті білдіреді.
«Топтастыру»
стратегиясы.
«К» әрпіне
суретті топтастыру.
К әрпінің
жанына к әрпінен басталатын суреттерді топтастыру.
«Дыбысты тап»
ойыны.
Мен дыбыстарды
әндетіп айтамын, сендер К дыбысын естіген кезде қолдарыңды
шапалақтаңдар.
(Дыбысты
тыңдату). А-А-А-Т-Т-Т-Ғ-Ғ-Ғ-К-К-К-О-О-О
Әліппе
дәптермен жұмыс.
Буындарды,
сөздерді оқу.
Дәптерге жазу.
К дыбысын ауада жазу.
Сергіту сәті.
Жаздық, жаздық...
Жаңылтпаш
жаттау. Тіл ұстарту жаттығуы.
Дидактикалық
ойын. «Шашылған әріптер».
Сабақты
қорытындылау.