|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мектеп: Қапшағай қаласы 6.1А VІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан «№ 4 орта мектеп» МКМ Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Симтикбаева Б.Т. Сынып: 6 «А» Қатысқандар: 23 Қатыспағандар:- |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қимақ қағанаты Қимақтарда қалалық мәдениетінің дамуын қандай деректер дәлелдейді? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) |
6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Қимақ қағанатының қалаларын анықтайды Басым бөлігі: Қимақтардағы қалалық мәдениетінің дамуы, өндірістік қатынастар мен сауданың дамуы туралы деректерді сипаттайды Кейбір оқушылар: Қимақтардың қалалары туралы араб деректерін талдайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
- Қимақтардағы қалалық мәдениеттің дамуы туралы деректерді талқылайды, сипаттайды - Ұлы Жібек жолының қимақтардың қала мәдениетінің дамуына тигізген әсерін талдайды |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тыңдалым: Қимақ қағанаты туралы мағлұматтарды, Ұлы Жібек жолы туралы бейнебаянды тыңдайды Оқылым: Қимақ қалалары туралы берілген мәтінді оқиды Жазылым: Тірек сызбамен жұмыс жасайды, эссе жазады Айтылым: Қимақ қағанатының қалалары, араб деректері туралы айтады Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: шад-түтік, қаған, ябғу сөздері Қажетті лексика мен сөз тіркестері: Қимақтардың Имақия, Карантия, Дахлан, Көктұма қала атаулары, шад-түтік, қаған, ябғу сөздері , Ұлы Жібек жолы торабы экономикалық терминдер атауы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары осы тақырыпта оқушыларды бейбітшілік, ынтымақтастық, өзара келісімді түсінуге бағыттау, қимақтардың өндірістік қатынастары мен сауда байланысын талдау барысында іске асады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пəнаралық байланыс |
География пәнінен картаны кимақтардың қалаларының орналасқан аумағын көрсету барысында қолданады Дүниежүзі тарихы пәніндегі араб деректерінен қимақтар туралы біледі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Түсіну, қолдану, талдау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Орта ғасырлық мемлекеттердің орналасқан аумағын, ішкі және сыртқы саяси тарихын, «Ұлы Жібек жолы» туралы біледі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 7 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, оқушыларды түгендеу «Қалаларға саяхат» әдісі арқылы оқушылардан ортағасырлық қалалардың атауларын сұрау ІІ. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау «5 сұрақ » әдісі арқылы оқушылар топ болып 5 сұрақ дайындап, келесі топқа сұрақтар қояды Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды ІІІ. Топқа бөлу. «Адасқан әріптер». Қимақ қала атаулары қиынды ретінде беріледі. Сол қиындылардан қала атауларын құрап, топ атауларын өздері анықтайды Имақия, Карантия, Көктұма, Дахлан ІV.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау - Қалай ойлайсыздар сіздердің топтарыңыз не себепті осылай аталды? - Бұл қай қағанаттың қалаларының атаулары деп ойлайсыздар? -Қала мәдениеті дегенді қалай түсінесіздер? -Ортағасырлық қалалардың ерекшеліктері қандай? М Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері хабарланады.
|
Қима қағаздар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 23 минут 2 минут
1 тапсырма 14 минут 2 тапсыма 7 минут |
Қимақ қағанаты туралы суреттерді көрсету Ойлау дағдысы: Түсіну
М: Оқушыларға қимақ қағанаты туралы мағлұмат беру ҮІІІ-ІХ ғасырлар аралығында Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты. Қимақтар туралы араб, парсы, түркі, қытай деректерінде айтылған. Осы деректер негізінде қимақтардың Батыс Моңғолия даласында өмір сүргенін білеміз. Ол жерден қимақтар VІІ ғ ортасында Алтай таулары мен Ертіс бойына көшті. 1-ші тапсырма. «Ой қозғау» әдісі Ойлау дағдысы: Қолдану Мәтінмен , араб деректерімен жұмыс Әр топқа топ атауларындағы қимақ қалалары туралы мәтін және деректер таратылады. Мәтінді топта талқылап, сипаттама жасап, тапсырмаларды орындайды. 1 топ Имақия – тірек сызба сызу Деректер: Əл-Идриси: «Қимақ астанасы - Имекия темір қақпалы қорғандармен берік қоршалған, ішінде базарлары, ғибадатханалары бар ірі қала». Мәтін: Қимақтар ІХ.ғ. бастап өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүрген. «Худуд Әл-аламның» хабары бойынша, Қимақ мемлекетінің орталығы – Имақия қаласы. Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған. 2 топ Карантия- картамен жұмыс . Картадан Қимақ мемлекетінің аумағын, Карантия қаласын көрсету. Деректер Тамим Ібірі Баһр: «Қимақтарда қала мəдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді, қимақ қағанының қолбасылық ордасының жанында тұратын қала жəне оның атырабында егін егетін отырықшы мекендері бар» Мәтін: Жазба деректердің хабарына қарағанда қимақтардың екінші орталығы – Алакөлдің шығыс жағындағы Қарантия қаласы. 3-топ Көктұма – картамен жұмыс Картадан Көктұма қаласын тауып, қала туралы мағлұматтар айтып, қимақтардың көрші мемлекеттерін картадан көрсетіңіз Мәтін: Көктұма– ортағасырлық қала орны. Қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданындағы Көктұма ауылының жанында, Алакөлдің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан. Көктұманы 1957 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Табылған бұйымдардың дені қыштан жасалған заттар (хұмдар, қос құлақты құмыралар, батырып та, қалыптап та өрнектеген тақталар). Бұлар б.з. 9 – 11 ғасырларына жатады. Көктұма – 9 ғасырда қимақтардың Дамурия деп аталған қаласы, ал Шыңғыс хан империясыкезінде өлке орталық болған. Қазір қаланың орны түгел дерлік жойылуға айналған. 4 топ Дахлан – тірек сызба сызу Деректер: Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді. ҚБ: «Үш қадам» әдісі 2 тапсырма. Ойлау дағдысы: Талдау «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында шағын бейнебаян көрсету. Эссе жазу Оқушылар «Ұлы Жібек жолының қимақ қалаларының мәдениетінің дамуына қосқан үлесі» тақырыбына 30 сөзден тұратын эссе жазады. Топта талдап, үздік шыққан эссені таңдап алып оқиды. ҚБ: «От шашу» Дескриптор: - Қимақ қалаларының орналасқан аумағын картадан көрсетеді; - Қимақтардағы қалалық мәдениеттің дамуы туралы деректерді талқылайды, сипаттайды; - Ұлы Жібек жолының қимақ қалаларының мәдениетінің дамуына тигізген әсерін біледі. |
слайд (интернет желісінен алынған суреттер) мәтін (Википедия), постер, маркер карта, атлас мәтін карта, атлас мәтін мәтін (Википедия), постер, маркер Ұлы Жібек жолы7 августа 2015 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 10 минут |
«Соңғы 5 минут» әдісі оқушылар тақтаға өз еркімен шыққан оқушыға сұрақ қойып, қимақтар туралы алған білімдерін қорытындылайды. Бағалау Оқушылар бағалау парақшасына өзін - өзі бағалайды.
Үйге тапсырма:
Кері байланыс «Жетістік ағашы» Балалар бүгін біз көп жұмыстар атқардық, Барлықтарың жақсы атсалыстыңдар, еңбек еттіңдер. Барлықтарың да мақтауға лайықсыңдар. Бірақ, менің сендерге қоятын сұрағым бар. Әрқайсысың «Бүгінгі сабақта менің мақтауға лайық жасаған іс-әрекетім.....» деген сұрақ төңірегінде ойланып көріңдерші. Барлығымыз стикерге жазамыз. Жетістік ағашына жапсырамыз.
|
Бағалау парағы
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу 1 - айлық Материал тарифі-96% жеңілдік 00 05 00 ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз 1 990 ₸ 49 000₸ 1 айға қосылу Материалға шағымдану Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз Жариялаған: Симтикбаева Бакыт ТашмамбетовнаШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз Ашық сабақ. Қимақ қағанаты 6 сынып
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Ашық сабақ. Қимақ қағанаты 6 сыныпМатериал туралы қысқаша түсінік
бұл материал жаңартылған білім мазмұны бойынша 6 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. жас мамандарға өте қажет деп ойлаймын. көмегім тигеніне өт ризамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||















