400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Қимылды ойындар 2- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көбейту және бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады және шығара алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қимылды ойындар.

Мектеп: Ы.Алтынсарин

Күні: 29.01.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Дуйсалиева Айконил

2 «Ж»-сынып

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Оқыту мақсаттары

2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану.

2.5.1.3.Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолданады.

Көптеген оқушылар:

•көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды дұрыс таңдауды іске асыра алады.

Кейбір оқушылар:

•көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:2-ге көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіреді, көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдар таңдауды түсінеді.

Пəндік лексика жəне терминология:

Көбейту кестесі, көбейту мен бөлудің байланысы, көбейту мен бөлуге берілген есептер.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

2 санына көбейту жəне бөлу кестесі қалай құрастырылғанын түсіндіре аласың ба?

Көбейту кестесін есептеулер барысында қалай қолдануға болатынын түсіндіре аласың ба?

Есепті қалай шығаратынын түсіндір? Есептің шешуін қалай жазатынын түсіндір?



Жазу:

2 санына көбейту жəне бөлу кестесі, есептердің шешуін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі.


Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)


Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3

Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды қазақтың ұлттық ойындары туралы, математиканың ойын жүргізуге қалай көмектесетіні (есеп жүргізу, командаға бөліну, ойынға керекті заттарды санау жəне т.б.) туралы əңгімеге тарту.Топқа дорбадағы асықтарды санату арқылы бөлу.

1-топ: Бәйге

2-топ:Көкпар

3-топ:Аламан






415


асасықтарды






.




4–6

Өзектендіру.

2-ге көбейту жəне бөлу кестесін білуден жарыс өткізу.

2санына көбейту және бөлуге берілген мысалдары бар

карточкалар.




7–11

Мақсат қою.

1-тапсырманы санау материалымен оқушылар санауды орындайды.

Оқулықтағы анықтаманы оқуды ұсынамын: «2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады.

2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады».

–Сабақта біз нені үйренеміз?

(Кестені қолдану, тақ сандар мен жұп сандарды ажыратуды.)

Электронды оқулық



12–29

Өздік жұмыс

Дəптерге 1- тапсырманы өз беттерімен орындайды «Көршіңмен кеңес» әдісі.

Тапсырманы орындап болған оқушылар бір-бірінің жұмысын тексеруге көшеді. Оқушылар 20-ға дейінгі жұп жəне тақ сандарды өсу жəне кему реті бойынша жазады.

Қатені түзету

Қате жіберген оқушылар 2 санына көбейту жəне бөлу кестесімен жұмыс жасайды, ары қарай жеке карточкалардағы тапсырмаларды (кестені білуге берілген) орындайды.

Оқулық жəне дəптер.




30–40

Өткенді қолдану



№5 тапсырма.

Тапсырманы орындауда қысқаша жазылу формасына назар аударады. Ол əртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бірінші есеп үшін сызба, сұлба, сурет түрінде болғаны тиімді.

Бәйге тобы:

а) 18 оқушы ойнау үшін жұптасып сапқа тұрды. Неше жұп болды?

Көкпар тобы:

ə) Аулада 14 оқушы ойнап жүр. Олар теңдей 2 командаға бөлінді. Əр командада неше оқушыдан болды.

Аламан тобы:

б) Оқушылар ойнау үшін əр командаға 3 адамнан бөлінді.

2 командада барлығы неше адам болды?

Shape1


«Галереяға саяхат» әдісі топтар бір бірінің жұмысын бағалайды.

Өздік жұмыс.

Дəптердегі 2, 3, 4-тапсырмалар тексере отырып орындалатын сараланған өзіндік жұмысқа арналған.

Балалар өзін-өзі бағалайды.


Оқулық. Құрастырмалы жинақ.



Топпен орындайды













Жұппен орындайды

41–45

Рефлексия.

Жетістік деңгейін бағалайды. Оқушылар:

•2-ге көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолдана алады.

•көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығаруда амалдарды таңдауды дұрыс жүзеге асыра алады.

•көбейту жəне бөлуге берілген есептерді өз бетінше құрастырады жəне шығарады.







Жетістіктер жолағы.

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы«Бейнеу ауданының әкімдігінің

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ-нің

бастауыш сынып мұғалімі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
1303
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі