400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Қисық сызық. Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Қисық сызық. Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлімі: 6. Нысандардың орналасуы және бағыты.

Сабақтың тақырыбы:

Қисық сызық. Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар.

Күні: 11.05.2017 ж.

Сынып: 1 сыныбы

Мектеп: Төле би атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Мұғалімі: Туктибаева А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 түзу, тұйықталған және тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты жазықтықта/ қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндеу

1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақтың мақсаттары

Білім алушылардың барлығы: жазықтықтағы түзу, тұйықталған және тұйық­ талмаған қисық, сынық сызықты, қарапайым жазық геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағазда кескіндейді;

Білім алушылардың көбі: жазық фигураларымен және кеңістік фигураларымен танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Білім алушылардың кейбірі: нысандарды орналасуы және бағыты бойынша құрып, сызық түрлерін толық ажыратып, өз бетінше жіктейді.

Бағалау критерийлері

Жазықтыққа түзу, тұйықталған,тұйықталмаған және қисық, сынық сызықты кескіндейді.

Нүктелі қағазға қарапайым жазық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) кескіндейді.

Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) денелерін ажыратады.

Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды.

Дескриптор

- түзуді салады;

- қисық сызықты салады;

- сынық сызықты салады;

- тұйықталған қисық сызықты салады;

- тұйықталмаған сынық сызықты салады.

- нүктелі қағазға кез келген үшбұрыш салады;

- нүктелі қағазға кез келген төртбұрыш салады.

- геометриялық фигураларды анықтайды;

- геометриялық денелерді анықтайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

ноутбук

Тілдік құзыреттілік

Қисық сызық – ломная линия;

Тұйықталған сызық – замкнутая линия;

Тұйықталмаған – незамкнутая линия:



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Сыныпта психологиялық көңіл күй орнату.

Оқушыларды топқа отырғызып, әр топтың қалай аталатынын айту.

І-топ үшбұрыштар

ІІ-топ төртбұрыштар

ІІІ-топ шаршылар

IV-топ дөңгелектер

Топ ережесін еске түсіру.

Қызығушылықты ояту үшін «Кім тапқыр?» ойынын ойнату.








слайд

Сабақтың ортасы

5 – 35 минут



Білу

Түсіну





































Қолдану












Талдау




Жинақтау



Қайталау- білім анасы. «Түймедақ» әдісі арқылы өтке сабақты қайталау.

Гүл күлтелеріне жазылған сұрақтарға жауап беруді ұсыну.

Жаңа сабақ Ойқозғау

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы әр топқа жіптерді үлестіріп беріп, жіптен түрлі фигураларды құрастыруды ұсыну.

Балалар сендер қандай фигураларды жасадыңдар? (оқушылардың ойын білу)

- Қатты тартсақ - жіп қандай болады? - түзу сызық.

- Жіпті бос ұстасақ – жіп не істейді? - қисық сызық.

- Екі шетін байласақ - жіп неге ұқсайды? - тұйықталған сызық.

- Байлағанды шешсек - жіппен не болады? - тұйықталмаған сызық.

Осы жасаған фигураларымызды өмірде қай жерде кездестіреміз? Кеңістік фигуралары мен жазық фигураларын осы сызықтар арқылы жасауға болады ма?

Сынық сызық туралы түсінік беріледі.

Қисық сызық көптеген нүктеден тұрады. Оны сызу үшін сызу құралдары қажет емес. Егер бастапқы және соңғы нүктелері сәйкес келсе, онда мұндай қисықты тұйықталған деп атайды, егер сәйкес келмесе тұйықталмаған сызық деп атайды.

Суреттер көрсетіп, сұрақ-жауап жүргізу.



Топтық жұмыс Оқулықтағы тапсырмаларды орындауды ұсыну.

І-топ Қисық сызықтарды тап.

ІІ-топ Анарға үйіне баратын жолды табуға көмектес.

ІІІ- топ Тазшабалаға көмек керек.

ІV- топ Нүкте арқылы неше қисық сызық өтеді?

Сергіту сәті Көңілді қимылдар жасау.

Ойланайық, кім ойшыл? Қосымша тапсырма

Әр топқа бір-бір сұрақтан беріп, жауабын алдындағы парақшаға жазуды ұсыну. Топтардың жауабын тексеру.

Дәптермен жұмыс

«Мен білемін, мен жасаймын» әдісі

Әр оқушыға дәптерде берілген тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыну.

Жұптық жұмыс Ойтүйін

Әр жұпқа парақшалардағы тапсырмалар таратып беріп, сабақ барысында алған білімдерін жинақтату.





Парақшалар

слайд



























парақшалар











арқандар


Сызба парақшалары.

Сабақтың соңы

35- 45 минут













Бағалау

Рефлексия. Сұрақ-жауап арқылы жүргізу.

Оқушылар сабақ соңында:

Басқа сызықтардан қисық сызықтарды ажыратады.

Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды ажырата алады.

Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды қағазда бейнелей алады.

Оқушыларға сұрақтар беру:

— қисық сызықты бейнелеу үшін сызғыш керек пе?

—Қисық сызықтың басы мен аяғы бар ма? Сызып көрсетуді сұрау:

а)тұйықталмаған қисық сызықты;

ә) тұйықталған қисық сызықты.

Бағалау. Табыс баспалдағы

-Балалар, әр топтың алдында түрлі іс-әрекеттегі смайликтер бар. Әр оқушы бүгінгі іс-әрекеттеріне байланысты смайликті таңдап алсын және оны табыс баспалдағының қай сатысында тұрғанын анықтап, соған салсын.

-Кім қойылған критерийлерге жетті?

-Қандай қиындықтар болды?

-Қандай тапсырма қызықты болды?


















Смайликтер

Өзін-өзі бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру.

Оқушылардың басқа сызықтардан қисық сызықтарды ажыратуы мен тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды ажырата алуын бағалаймын.

Тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды қағазда бейнелей алуын бағалаймын.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабылдау деңгейі жоғары оқушыларға күрделенген тапсырманы ұсынамын.


Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
5100
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі