Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ашық сабақ ҚМЖ 8- сынып Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа арналған ҚМЖ 8- сынып Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат

Білім беру ұйымының атауы

Бірлік ЖШС мектебі

Пәні:

Физика

Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Эргашбаев Б

Күні: 27.01.2026ж


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.7 кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;

8.4.2.8 есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді

Көптеген оқушылар істей алады: Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады

Кейбір оқушылар істей алады: Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру







Сабақтың басы



10 минут















































Жаңа білім

10минут



















































Бекіту

15 минут















































Кері байланыс





Сабақтың соңы.

10 мин











Бағалау





Үй тапсырмасы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

«Мінсіз шеңбер» әдісі

1) Ток күші деп нені атайды?

2) Ток күшін қандай құралмен өлшейміз?

3) Кернеу дегеніміз не?

4) Кернеудің формуласын жаз

5) Кернеудің өлшем бірлігі қандай?

6) Кернеуді қандай құралмен өлшейміз?

7) Вольтметр,амперметр тізбекке қалай қосылады?

8) Вольтметрдің,амперметрдің сызбадағы шартты белгісі қандай?

9) Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын кім ашты?

10) . Тізбек бөлігі үшін Ом заңы фомуласы


Ой қозғау. Кедергінің физикалық мағынасы қандай? Мұғалім олардың назарын бүгінгі сабақтың мақсатына қарай аударады.

Металл өткізгіштің кедергісі мен кристалдық торының құрылысының ерекшеліктерінің байланысын зерттеу барысында өткізгіштің меншікті кедергісі деп аталатын физикалық шама енгізілді. Меншікті кедергі дегеніміз - ұзындығы 1 м, көлденең қимасының ауданы 1 м2 болатын өткізгіштің кедергісі. Меншікті кедергіні грек әліппесінің ρ (ро) әрпімен белгілейді. Түрлі заттарға арналған меншікті кедергінің мәні тәжірибе жасау барысында анықталып, кестеге енгізілді (2-қосымша, 14-кесте).

Жүргізілген тәжірибелер мен болжамдардың нәтижесінде өткізгіш кедер-гісін есептеу формуласы алынды:

R =

Әртүрлі өткізгіштердің қасиеттерін зерттеу барысында бұл тәуелділікті тәжірибе жүзінде ең алғаш Георг Симон Ом анықтаған. Өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына және сол заттың меншікті кедергісіне тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына кері пропорционал.

I.. Ток көзі, амперметр, кілт, шамнан тұратын тізбекке өткізгіштерді жалғаймыз.

Мыстан жасалған өткізгішті қосамыз:

Ең алдымен бір дана өткізгішті жалғап Амперметрде оның ток күшін өлшеп анықтап аламыз және белгілейміз. Одан кейін өткізгіштің ұзындығын арттырып тағы нәтижені жазып аламыз. Сосын тағы ұзындығын арттырып нәтижені жазамыз. Соңында нәтижелерді салыстырып өткізгіштің кедергісі ұзындыққа тәуелді ма, тәуелді болса қандай жағдайда қалай өзгеретіндігін сипаттаймыз.

Бұл тәжірибе бойынша, тізбектегі кернеу тұрақты болған кезінде ток күші тізбекке қосылған өткізгіштіӊ ұзындығына тәуелді екендігіне көз жеткіздік.

Оқушыларға сұрақ қойылады: Өткізгіштің қайсы бірінде кедергі көп болды?

Мұғалім тақтада өзі бір есеп шығарып көрсетеді.

1.Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді?

Бер: l=8 м

S=0.08мм2=8*10-8 м2

U=120 В

ρникелин=4,2*10-8 Ом*м

I-?

R=ρl/S=4,2 Ом

I=U/R=120/4.2=28.57 A


Жеке жұмыс (I) «Кім жылдам» әдісі

Жеке жұмыс (I) Есептер шығару:

1-топ

  1. Ұзындығы 50 м, кедергісі 0,5 Ом болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы неге тең?

  2. Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 болатын никелин никелин өткізгішінен жасалған реостаттың кедергісі 21 Ом болатын болса, оның ұзындығы неге тең?

2-топ

  1. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс өткізгішінің кедергісі неге тең?

  2. Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 0,3 мм2 болатын қорғасын өткізгіштегі ток күші 2 А-ге тең болу үшін оған қандай мөлшердегі кернеу түсіру керек?

Сұрақ-жауап

1. Көлденең қимасының ауданы бірдей 1 м мыс өткізгішінің кедергісі көппа әлде 1 м күміс өткізгішінің кедергісі?

2. Ұзындықтары бірдей S1= 25мм2 алюминий S2= 50мм2 алюминий қайсысының кедергісі аз?

3. Реостат деген не?

4. Резистор деген не?

5. Көлденең қимасының ауданы мен ұзындығы бірдей темір және шойын өткізгішінің қайсысының кедергісі көп

6. Электр тогын алтын жақсы өткізема әлде күміс?

7. 14-кестеде меншікті кедергісі ең аз элемент

8. Меншікті кедергіні анықтау формуласы


Қайталау – білім анасы


Рефлексия: Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушылардың сабақты қалай түсінгердерін білу мақсатында «Бағдаршам әдісі» арқылы оқушылардан рефлекция алынады.

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

Физика. 8-сынып.

§25. 18 –жаттығу, 1,2-есеп



Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жауап беру арқылы есіне түсіреді





Оқушылар 2 топқа бөлініп төмендегі сұрақтарға жауап жазады және болғаннан кейін қарсылас топпен ауысып жауаптың дұрыстығын тақтадан тексереді.









Оқушылар жұпта талқылайды, және жауап береді.



Оқушылар тақтадағы мәліметтерді дәптерлеріне жазып алады.











































Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту үшін тәжірибе жасайды













Нәтижелерді салыстырып өткізгіштің кедергісі ұзындыққа тәуелді ма, тәуелді болса қандай жағдайда қалай өзгеретіндігін түсіндіреді

















Оқушылар сұраққа жауап береді.



1. Бер:

l=50 м

R=0.5 Ом

ρмыс=1.68*10-8 Ом*м

S - ?

S=ρl/R=1,68*10-6м2

=1.68 мм2

2. Бер:

S=0.5мм2=5*10-7 м2

ρ=4,2*10-8 Ом*м

R=21 Ом

l-?

l=RS/ρ=2,5м

3. Бер:

l=5000 м

S=8.5*10-7 м2

ρ=1.68*10-8 Ом*м

R-?

R=ρl/S=98.8 Ом

4. Бер:

l=2 м

S=0.3мм2=3*10-7 м2

I=2 A

Ρқор=2,07*10-7 Ом*м

U-?

R=ρl/S=1,36 Ом

U=IR=2*1.36=2.72 Ом




Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді

1. (мыс өткізгішінің кедергісі көп)

2. (S2= 50мм2)

3. (Реостат - тізбектегі ток күшін реттеуге арналған аспап.)

4. (Ұзындығы өзгермейтін сым)

5. (шойынның кедергісі көп)

6. (күміс)

7. (Күміс)

8. =

Ойын ойнау арқылы сабақты қайталайды.

Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушылар Бағдаршам әдісі арқылы кері байланыс береді. Сабақ жақсы өткен болса «жасыл», тақырып бойынша 1-2 сұрақтар болса «сары» сұрақтар көп болса «қызыл» түстерді басу арқылы рефлекция орындайды

Үйге тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады

Бағалау критерийлері



-Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді

-Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады

-Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды















-Ток көзіне өмірден мысал келтіреді.

-Формулаларды түрлендіреді, қорытады.







Дескриптор:

Есептер шығара алады. Ешкімнің көмегінсіз сұрақтарға дұрыс жауап береді. Сабаққа жоғары деңгейде қатысады


Жалпы балл-5







Дескриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. Сабаққа қатысуы орта деңгейде

Жалпы балл-4




















Дескриптор:

Сабақққа қанағаттанарлық деңгейде қатысады

Жалпы балл-4



































Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл






ДК экран

Слайд



















Бағалау стикерлері



































































































ДК экран

Слайд


Ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, шам, әр түрлі материалдан жасалған өткізгіш сымдар.














https://clck.ru/3RNzTU



Оқулық дәптер




Үлестірме қағаздар







Бірлік ЖШС мектебі














Ашық сабақ


Тақырыбы: Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат



Физика пән мұғалімі: Эргашбаев Б

Сынып: 8-А














2025-2026 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11