400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, ҚМЖ, Құрманғазы 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні: 27.02.2020 ж

Сынып: 3 «Б»

Мектеп: №129 жоббм

Мұғалімнің аты-жөні: Таженова Д.О

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күй атасы. А. Жұбанов. «Құрманғазы»

Оқу мақсаттары

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсінеді, суретті қолданып мазмұнын айтады;

Көптеген оқушылар: мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады, әңгімелеу барысында суреттер қолданады

Кейбір оқушылар: шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстырады, қорытынды шығарады, өз ойын дәлелейді.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • мәтін мазмұнын айта алады;

  • суреттерді қолданып, мазмұндайды;

  • берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады


Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Суретті қолданып мазмұндайды. Сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ақмаңдай қыз, бейтаныс қонақ, домбыра,

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Құрманғазы күй атасы, өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Рухани жаңғыру ұлттық бірегейлікті сақтау, өнерді сезіну және бағалау, баулу.

Пәнаралық байланыстар

Құрманғазының күйін тыңдау арқылы музыка пәнімен байланыс пайда болады. Күй атаулары, жалқы есімнің жазылуын білу кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, интернет ресурстар

Алдыңғы білімді игерулері

Шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра алады, өз ойын дәлелдейді,

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут




Психологиялық дайындық.

Оқушылар ортаға шеңбер құрып тұрады. Бүгінгі сабақта:

Балдырған баламыз досты көп табамыз,

Балдырған балалар досты көпбағалар.

Есіңе сақтағың, адал бол, шыншын бол.

Өтірік айтпағың, сөзіңнен қайтпағың.

Әрқашан тілектес, досыңа көмектес.

Бір шапалақ қол алысу,

Екі шапалақ арқамен амандасады.

Үш шапалақ құшақтасады.

Топқа бөлу.

Оқушыларға күйшілер аттары жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Музыка ойнағанда сағат тілінің бағытымен қағаздарымен алмасады. Музыка тоқтағанда қолындағы жазуларға сәйкес топқа бірігеді.

1-топ: Тәттімбет

2-топ: Дина

3-топ: Құрманғазы

4-топ: Нұрғиса

О қушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша таңдау түскен күйші туралы азғана мәлімет айтады.

І ТОП: Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.



І І ТОП: Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.


І ІІ ТОП:Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 ж., қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туып, 1862 ж. қайтыс боған) – күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.

I V ТОП: Нұрғиса Тілендиев (1 сәуір, 1925, Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер - 15 қазан, 1998, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы

Топ басшылары бағалайды (бағалау парағын беру).















Сабақтың ортасы

6-10 минут
















11-18 минут


































19-22 минут











23-28 минут















29-37 минут

Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Ж.Жабаев кім?

  2. Естелік дегеніміз не?

  3. Естелікті жазған кім?

  4. Шәкірт балаларға өлені кімге арналып жазған?

«Орамал тастау» ойыны арқылы сөзжұмбақ шешіп, өткенді пысықтау, жаңа сабақты ашу.

  1. Төле биді өз заманында қалай атаған? (Қарлығаш би)

  2. Су анасы – не? (бұлақ)

  3. «Күй құдіреті» әңгімесінің кейіпкері кім? (Әл Фараби)

  4. Қазақ халқының музыкалық аспабы? (домбыра)

  5. Халқымыздың бишісі, әртіс? (Шара)

  6. Абылай кім? (хан)

  7. Әл Фараби кім? (ғалым)

  8. Мұхтар Әуезовтың Абай туралы шығармасы (Абай жолы)

  9. Абайдың әжесінің аты (Зере)

  10. «Өнер білім бар жұрттар» өлеңінің авторы? (Ыбырай Алтынсарин)

Сөзжұмбақтың шешуі: Құрманғазы

  • Құрманғазы туралы не білеміз?

Дескриптор:

  • Сұраққа жауапбереді алады.

  • Сөзжұмбақ шеше алады.

  • Құрманғазы туралы біледі.

ҚБ бағалау.

«Еркін талқылау» әдісін қолдана отырып «Күй өнері» тақырыбына 5 сөз ойлап , мағынасын түсіндіреді.

оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

  • Бүгінгі сабақта Ахмет Жұбановтың «Құрманғазы» атты әңгімесімен танысамыз. Бүгінгі сабақтардың мақсаттарын анықтап алайық.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • мәтін мазмұнын айта алады;

  • суреттерді қолданып, мазмұндайды;

  • сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.

«Отшашу» әдісі арқылы бағалау

«Тұлғаны таны» әдісі

Қ осымша мәлімет: Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.

1. Ол кім?

2. Қай жылы және қайда туған?

3. Қандай қызмет атқарған?

4. Қандай шығармаларын білесің?

(ҚБ) ауызша бағалау

«Түртіп алу» оқу әдісіне сүйеніп мәтінді 4 бөлікке бөліп оқу.

1-тапсырма:

  • Мәтінде қандай күйлер аталған?

  • Мазмұндау.

  • Сахналау.

2-тапсырма: оқулықтағы суретті пайдаланып, мәтін әңгімеленеді.

  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • Мәтін кейіпкерлерін ата.

  • Қыз бала қандай күй тартты?

  • Үйге келген қонақ кім еді?

  • Ол қандай күй тартты?

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • мәтін мазмұнын айта алады;

  • суреттерді қолданып, мазмұндайды;

  • сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.

  • Сахналай алады.

Топтық жұмыс.

1-топ: «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы берілген суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленгенін әңгімелейді. Сөйлеу барысында күй өнері, күй атасы, күй құдіреті, күй тарту сөз тіркестерін қолданады.

2-топ: «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы «Құрманғазы – күй құдіреті» сөздер арасындағы байланысты мәтінге сүйене отырып анықтайды.

3-топ: Суретке қарап, домбыра туралы әңгімеле.

4-топ: «Айрықша тапсырма» әдісімен арқылы осы әңгімені ертегіге салып айтады.

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

Сергіту сәті. «Серпер» күйін тыңдау

  • Күй сендерге қалай әсер етті?

  • Қандай сезімде болдыңдар?

5 - тапсырма

«Идеяны толықтыру» стратегиясы бойынша топ алдында сөйлеуге дайындалады.

1.Пікір: «Күй тарту - қазақ халқының ұлттық өнері»

2. Дәлел: Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады.

3. Мысал: Шығармадағы оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді.

4. Қорытынды: Сюжеттің дамуына болжау жасап, бір сөйлеммен қорытынды шығарады

ҚБ. бағалау. Басбармақ әдісі

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі


Дескриптор:


  • мәтінді түсініп оқиды;

  • мәтін мазмұнын айта алады;

  • мәтіннің мазмұнына/кейіпкеріне қатысты сурет салады немесе таңдайды;

  • суреттерді қолданып, мзмұндайды;

  • сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.


(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау


















«Серпер» күйі


















































Picture 3

Сабақтың соңы

38-40 минут


Рефлексия.

– Біз сабақ басында алдымызға қандай мақсат қойдық?

– Осы мақсатқа қол жеткізе алдық па?

Блоб ағашы сіз өзіңізді бүгінгі сабақта түсінгеніңізді қаншалықты бағалайсыз. Блоб ағашынан өзіңізді таңдап белгілеңіз.


Кері байланыс

« Домбыра» бейнеленген сурет ұсынылады, балалар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Бағалау: топ басшылары, мұғалім

Үйге: 57-58 бет.

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Идеяларды толықтыру», «Еркін талқылау», әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.


Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылық-пен қарау.


Сабақ бойынша рефлексия


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі