400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "ҚМТҚ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, Керек материалдарын алып қолдануға болады, көмегін тисін деп.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші :Ахамбаева Гулмира Зиятаевна

Тобы: «Балдырған»тобы

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:ҚМТҚ

Тақырыбы: «Қызыл телпекпен саяхат»

Мақсаты:Заттарды түсіне,пішіні мен көлеміне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру:Қызығушылықтарын оятып,бақылау қабілеттерін дамыту;Өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;Цифр мен затты сәйкестендіре білу біліктілігін жалғастыру;заттарды санауға машықтандыру;Апта күндерін бекіту.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,ойын,музыка,сұрақ-жауап,Дьенеш блогы.

Қажетті- құрал жабдықтар,көрнекіліктер:Қима сандар,аңдар суреті,қуыршақ,әже,музыка,үлестірмелі материал,дид.ойын «Пішінге ұқсас затты табу»,санау таяқшалары,әртүрлі адамдар бейнеленген сурет


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық






Ұйымдастырушылық-ізденістіру



































































































Рефлексивті-түзетушілік

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты.

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды қаламыз,

Қайырлы таң, балалар.

Қайырлы таң,қонақтар !


Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше өтпек себебі,бізге көп қонақтар келіпті.(Сол кезде есік қағылып қонаққа «Қызыл телпек»келеді).

Балалар есік қағылған сияқты,тағы бір қонақ келген сияқты,кәне көрейікші кім екенін.Ол кім екен?

Амандасамыз.

Балалар «Қызыл телпек»әжесіне бара жатып адасып кетіпті,сонықтан ол бізден көмек сұрай келіпті. Көмектесеміз бе?

Ендеше жүріңдер жолға шығайық(әуенмен жолға шығу).

Келе жатқанда алдарынан қасқыр шығады.

Балалар мынау не?

Одан көмек сұрайық,бірақ балалар қасқырдың бір талабы бар екен соны орындасаңдар жол көрсетем дейді.

1 тапсырма:Сұрақтар қою,ал балалар цифрмен көрсетеді.

1.Төртбұрышта неше бұрыш бар?

2.Үшбұрышта неше бұрыш

3.Бағдаршамда неше көз

4.Адамның бір қолында неше саусақ

5.Аптада неше күн

6.Аспандағы күн

7.Машинада неше дөңгелек

8.Неше жыл мезгілі

9.Кемпірқосақта неше түс

10.Бір қоянда неше құлақ

11.Екі қоянда неше құлақ

2 тапсырма:Дид.ойын:«Пішінге ұқсас затты табу».

Шарты:үш аңның суреті мысалы:аю сопақшаға ұқсайтын затты ұнатады,түлкі тіктөртбұрышқа ұқсас затты ұнатады,ал қоян дөңгелекке ұқсайтын затты ұнатады.

Балалар қасқырға сендердің тапсырманы орындағандарың өте ұнады, сендерге риза болып жол көретті,тура жүрсеңдер табасыңдар(әуенмен жолға шығу).

Балалар мынау не?Дұрыс.

Кәне жол сұрап көрейік,балалар кірпінің «сиқырлы бұлттары» бар екен.Соны ретімен балалар қойып берсе жол көрсетем деп отыр.

3 тапсырма. «Сиқырлы бұлттар»онда апта күндері берілген .Әр баланы шақырып ретімен қойғызып атату.

1.Бір аптада неше күн бар

2.Бүгін қандай күн

3.Кеше қандай күн болды

4.Ертең қандай күн

Балалар кірпі сендерге сондай риза болды, сондықтан қысқа жуан жолмен барсаңдар дейді, жолды табасыңдар. Қараңдаршы аю бізге қызықты тапсырма дайндап қойыпты. Енді біз «Қызыл телпекке»жол көрсетуіміз керек.Сондықтан аюдыңда тапсырмасын орындаймыз ба

4 тапсырма:Дьенеш блогынан

Қызыл дөңгелектің ішіне бұрышы жоқты,көк дөңгелектің ішіне төртбұрышы барды,жасыл дөңгелектің ішіне үшбұрышбарды қойып шығыңдар.

Балалар мен бір пішінді жасырып қойдым сендер табыңдар ол үшін,мен атаған пішіндерді,түстерді алып тастап отырыңдар.Ол қызыл емес,көкте емес,төртбұрышты емес,үшбұрышта емес.Балалар қандай пішін қалды?Дұрыс

5 тапсырма:Мына әр тор көздегі суретте заттар бейнеленген соған сәйкес жанына санды жазыңдар.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,

Мойынымызды бұрайық

Қолымызды созайық,

Жел сияқты қалықтап

Оңға,солға иіліп,

Денемізді бұрайық.

Оңға,солға иіліп,

Денемізді бұрайық.

Балалар денемізді сергітіп алдық енді «Қызыл телпекпен» жолымызды әрі қарай жалғастырайық.Аю бізге ұзын-жіңішке жолмен жүрсеңдер табасыңдар дейді.

Қараңдаршы түлкі бізден кішкентай және үлкен үй құрастырып беруді сұрап тұр.

Көмектесіп құрастырып береміз бе?

6тапсырма:Таяқшалардан кішкентай және үлкен үй құрастыру

Аружан кішкентай үй құрастыру үшін неше таяқша қолдандың.

Мұхамеджан сен үлкен үй құрастыру үшін неше таяқша қолдандың.

Түлкіге сендер құрастырған үй өте ұнады,сондықтан ирек жолмен жүрсеңдер әжеге шығасыңдар дейді.

Балалар мынау әжеме.

Қоянда бізге тапсырма дайындап қойыпты, орындаймыз ба,себебі біз «қызыл телпекті»әжесіне жеткізуіміз керек.

7 тапсырма:Нұрай мына суретте неше адам бар?

Жібек онда қандай ерекшелігі бар.

Жансая ал мына суретте неше адам

Камила онда қандай ерекшелік бар

Өте дұрыс жарайсыңдар балалар.Қоян бізге дөңгелектерден секіріп өтсеңдер әжеге жетесіңдер дейді.

Кәне секірейік.

Қараңдар балалар бұл кім?

Амансыңба әже біз сізге өте ұзақ жол жүріп келдік,немере қызыңызды «Қызыл телпекті»ала келдік.

Ал енді әжемен және «Қызыл телпекпен»қоштасайық

Балалар бүгін бізге сабаққа кім келді

Бізге жол табуға нелер көмектесті

Қандай тапсырмалар орындадық

Қандай тапсырмалар ұнады

Балалар қараңдаршы «Қызыл телпектің»құрбылыры бар екен,бірақта біреу көңілді ,біреу көңілсіз.

Балалар сабақ ұнаса көңілді қуыршаққа барамыз,ұнамаса көңілсіз тұрған қуыршаққа барамыз.

Балалар сабақ ұнады ма? Мағанда өте ұнады ендеше қонақтармен қоштасайық .Сау болыңыздар

Балалар шеңберге тұрып,өлең жолдарын бірге қайталап айтады.



Сәлеметсізбе











Қызыл телпек.

Сәлеметсіз бе.


Көмектесеміз.




Қасқыр




Балалар сұрақтарға цифрларды көрсету арқылы жауап береді









Балалар тапсырманы орындайды.



Кірпі





Қызыл-дүйсенбі

Қызғылт сары-сейсенбі

Сары-сәрсенбі

Жасыл-бейсенбі

Көгілдір-жұма

Көк-сенбі

Күлгін-жексенбі

Балалар жауабы


Орындаймыз.


Тапсырмаларды дұрыс орындап шығады





Сопақша




Өлең жолына сәйкес қимылдар жасайды













Әрине көмектесеміз



6 таяқша


8 таяқша



Жоқ ол қоян


Әжесі тосып отыр ғой


6 адам бар

1 адамның денесі тіктөртбұрыш.

5 адам бар

1 адамның басы үшбұрыш



Әже


Сәлеметсізбе

Әже, «қызыл телпек»сау болыңыздар

Балалар жауабы




Өте ұнады.



Сау болыңыздар







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
714
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі