400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қоғам және мен" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне 2 сынып дүниетану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Құқық және міндет

Ортақ тақырып: Өзім туралы

Мектеп: №39 гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сұлтанбай Анар.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 2


Сабақтың тақырыбы

Мен және қоғам

Оқу мақсаты

2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Қоғамдық жұмыс түрлерін білу

Көптеген оқушылар: Қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіну

Кейбір оқушылар: Күнделікті өмірдегі қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын анықтау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Қоғамдық жұмыс түрлерін біледі

  • Қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіндіреді

  • Күнделікті өмірдегі қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын анықтай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар: Қоғамдық жұмыстар туралы және қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Қоғам, адам, еңбек түрлері.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Адам еңбек етпесе, қоғамда қандай жағдайлар болуы мүмкін? Пікір алмасу.

Ой толғау жазу: «Менде қоғамға көмек бергім келеді,….»

Үштілділік:

Қоғам – общества – societies

Құндылықтарды дарыту

Аудиожазба арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Пәнаралық байланыс

Ой толғау жазу: «Менде қоғамға көмек бергім келеді,….» қазақ тілі пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта арқылы қоғам туралы аудиожазба, слайд.

Бастапқы білім

Оқушылар бастапқыдан адамдарың күнделікті өмірде қалай тіршілік ететінін біледі

олардың міндеттері мен жауапкершіліктерін ажырата алады

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут











3 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып, бір біріне жылы лебіздерін білдіріп, сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастырып топқа бөлінеді.

(Ұ) (Т) Оқушыларды «Мозайка» әдісімен топтарға бөлемін. Түстерді құрастырғанда келесі жағында «қоғам», «міндет», «еңбек» сөздері шығады. Бұл сөздер туралы ой бөліседі

1 топ (жасыл) – қоғам

2 топ (қызыл) – міндет

3 топ (сары) – еңбек

 Талқылауға берілетін сұрақтар:

1. Қоғамдық көлікте, асханада, театрларда сақталуға тиісті әдеп нормалары туралы не білесіңдер?

2. Үйдегі, Отбасыңдағы, мектептегі, қоғамдық орындардағы міндеттерді қалай түсінесіңдер?

3. Қандай еңбек түрлерін білесіңдер? Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген мақалды қалай түсінесіңдер?









Суреттер


5 мин

























Сабақтың ортасы


8

мин


















9 мин



























Сергіту сәті

2 мин





8 мин

Оқулықпен жұмыс




































(М) Жаңа сабақты таныстырылым арқылы түсіндіремін.

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында қоғам туралы аудиожазба тыңдатамын.

Оқушыларға «Ашық сұрақтар» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қолданамын.

 Армандайық. Музыка.
- Балалар айналып отырайықшы, көзімізді жұмып, мына мәтінді тыңдайықшы.

- Осы әңгімеде не туралы сөз болды?
- Сонымен қоғам деген не? (Бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық, Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата - ана, бауыларың, туыстарың)
- Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы - Кең байтақ Қазақстан жері, басышысы - президенті, қоғам мүшесі - халық, )
- Сонымен әр қоғамның аймағы басшысы, мүшесі болады, олар өзара қарым - қатынаста болады.)
- Отбасы қандай қоғам екен? (Шағын қоғам)
- Ендеше бүгінгі сабақ қалай аталады деп ойлайсыңдар?

- Қоғам

Ия балалар. Сонымен қоғам деген бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық, Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата - ана, бауыларың, туыстарың.




Тапсырма №1

«Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.


Бағалау критерийі:

Қоғамдық жұмыс түрлерін біледі


(Т)Суреттерге мұқият қараңыз. Балалардың іс- әрекеттері туралы әңгімелеңіз. Адамдар қоғамдық жұмыстарға не үшін қатысады? Жұпта әңгімелеңіз.


Дескриптор

  1. суреттер бойынша ой қорытады;

  2. қоғамдық жұмыстарға қатысты өз үлесін сипаттайды.


Кері байланыс: «Басбармақты жоғары көтеру әдісі»

  1. Сурет бойынша ой қорыта аласызба?,

  2. Қандай қоғамдық жұмыстарға қатыстыңыз?


Тапсырма №2

Блум «Түймедағы» ашық сұрақтар әдісі

Бағалау критерийі:

Қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіндіреді


(Т) Берілген мысалды түсініп оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.

Екі тас қашаушы адам күні бойы бірге жұмыс істейді екен. Олардан не істеп отырғандарын сұрағанда тас қашаушының біреуі «Тас қашап отырмын» деп жауап беріпті, ал екінші «Қамал соғып жатырмын» деген екен.

1. Тас қашаушылардың қайсысы жұмысты жақсы істеп отыр деп ойлайсыз? Неліктен?

2. Тас қашаушылардың қайсысының жауабынан қоғамға қызмет етіп отырғанын аңғаруға болады?

3. Қоғамға қызмет ету дегенді қалай түсінесіз? Қоғамға қызмет етудің қандай маңызы бар? Топта ой бөлісіңіз.


Дескриптор

  • Берілген мысалдың негізінде ой қорытып айтады;

  • қоғамға қызмет етудің маңыздылығын түсіндіреді.


Кері байланыс: «Алма ағашы» әдісі (жасыл түсті алма – мен тапсырманы жақсы орындадым, көңіл күйім көтеріңкі), (сары түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ).

  1. Берілген мысал не туралы?

  2. Қоғамға қызмет етудің маңызы қандай?,


Мынау- менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау-басым ақылды,

Бәрін осы басқарған,

Мынау-менің оң қолым,

Мынау-менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.


Тапсырма №3(ж). «Бинго әдісі» бұл әдіс әр оқушыға екі шаршыға бөлінген Бингоға арналған кесте таратылады. Әр кестеде тақырыпқа қатысты тапсырма көрсетіледі.

Бағалау критерийі.

Түрлі мамандықта игерген адамдардың қоғамға пайдасын жаза алады.


Суреттегі адамдар еңбектің қай түрімен айналысып жатыр? Оның қоғамға пайдасы барма? Суреттер мен мамандық иелерімен еңбек түрлерімен сәйкестендір.

Кестені толтыр. Түрлі мамандықта игерген адамдардың қоғамға қандай пайдасы бар? Анықтап жаз.


Мамандық

Қоғамға қосар үлесі

Мұғалім


Дәрігер


Жүргізуші


Аула сыпырушы



Дескриптор

  • Берілген кесте негізінде ой қорытып айтады.

  • Түрлі мамандықта игерген адамдардың қоғамға пайдасын жазады.

Кері байланыс.

«Алма ағашы» әдісі (жасыл түсті алма – мен тапсырманы жақсы орындадым, көңіл күйім көтеріңкі), (сары түсті алма - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ).

  1. Берілген кесте бойынша қандай ой қорытар едің?

  2. Түрлі мамандық игерген адамдардың қоғамға пайдасы қандай?

Бағалау парақшасы:

№

Оқушының аты – жөні

№1тапсырма жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі

№2 тапсырма бойынша жеке сұрақтарға жауап береді

№3 тапсырма Берілген кестені қатесіз толтырады

1





2





3





4






«Иә, жоқ» әдісі

  1. Бүгін біз сабақта қоғам туралы таныстық.

  2. Әр адам қоғам мүшесі емес.

  3. Отбасы шағын қоғам.

  4. Мұғалім, дәрігер, жүргізуші мамандықтары еңбек түрлеріне жатпайды.

  5. Халық, қоршаған орта, мектеп қоғамға жатпайды.












Аудиожазба

Оқулық 2 сынып




























Суреттер













Сұрақ парақшалары.





Суреттер


Оқулық, дәптерлер.









Сабақтың соңы

3 минут





Үйге тапсырма



Бағалау

Кері байланыс ББҮ әдісі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Бүгінгі сабақта сізге не ұнады?

Бүгінгі сабақта сіз түсінбеген мәселелер болдыма? Оны қалай пысықтағыңыз келеді?

Қарастырылған тақырыпқа қатысты өзіңіздің қосатын ой – пікіріңіз?

«Менде қоғамға көмек бергім келеді,….» ой толғау жазу

Сабақтан алған әсерін, көңіл күйін стикерге жазып тілек ағашына іледі және қалыптастырушы бағалау арқылы бағалау парағымен бағаланады.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралауда - №1 тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілін қолдандым. Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

  • Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай(көмек керекпе, әлдекүрделі тапсырмалар беру керекпе) түрлі кескестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

№2 тапсырмада саралаудың «Дереккөздер» тәсілін қолдандым

  • Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

  • Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеаларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.

№3 тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілін қолдандым.

- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. - Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. - Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі

«Ашық сұрақтар» әдісі, ББҮ әдісі, «Иә, жоқ» әдісі, Диалог және қолдау көрсету тәсілі.





Тапсырмаларға берілген дескрипторлар арқылы оқушыларды бағалаймын. Сұрақтарды ауызша талқылау барысында оқушылардың жауаптарын қадағалап, кері байланыс беріп отырамын. Топтық бағалауды қолданамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Иә шынайы әрі қол жетімді болды. «Ойлан-жұптас-бөліс». «Ашық сұрақтар», «Бинго» әдістері арқылы жүзеге асты.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Ашық сұрақтар» әдісі арқылы балалар өтке сабақты еске түсіруі

2: Өмірде қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар үлестіру.

2: АКТ қолдану


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
1176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі