жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Қожа - әдепті бала 5 сынып
Катжанова Гульбар Гусмановна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №16 Жалпы орта білім беретін мектебі КММ Қазақ тілі пәні мұғалімі
|
Мектеп : 16 ЖОББМ |
||||||||||||||||
|
Бөлім атауы: Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала. Сабақ тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Қожа - әдепті бала» |
||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Катжанова Гульбар Гусмановна |
|||||||||||||||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: |
5.1.2.1. тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау 5.4.2.1. эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу |
|||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
1. Мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты анықтайды және негізгі кейіпкер туралы эссе жазады. 2. Тыңдалымнан алған материалды және тірек сөздерді пайдаланып Қожаны сипаттайды , оның іс –әрекеттерінен ой қорытып эссе жазады. 3. Алған мәліметтерін жинақтап оны қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, құрылымын сақтап эссе жазады және өз ойларын дәлелдейді. |
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийі, табыс критерийі, күтілетін нәтиже ) |
|
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, жазылым. |
|||||||||||||||
|
Терминология: : кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Туу туралы куәлік – бала дүниеге келген кездегі жеке басын куәландыратын құжат.
кейіпкер – герой Ес білгелі – взрослый Жағымды – приятный Туу куәлігі – свидетельство о рождении Табанда өзгерту – тут же менять |
||||||||||||||||
|
Сөз тіркестері: әдепті бала, әжесінің еркесі, адам болуға талпыныс, арманшыл бала. |
||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім |
|||||||||||||||
|
Ойлау дағдысының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау |
|||||||||||||||
|
Пәнарлық байланыс |
Орыс тілі – сөздік арқылы Өзін – өзі тану (адамгершілік қасиеттерін дамыту) |
|||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Сілтемелер, интербелсенді тақта , QR - код |
|||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Қожа туралы, автор туралы жалпы мәлімет біледі . |
|||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Басталуы 4 мин
|
-Оқушыларды түгендеу және амандасу. -Сабаққа дайындығын қадағалау Психологиялық ахуал. Оқушылар Шаттық шеңберіне тұрып бір – біріне жақсы көңіл күй тілейді. Әрі қарай «Бинго» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіреді. Дұрыс жауап берген 3 оқушы команда құрамын таңдауға мүмкіндік алып, өз тобын жинақтайды. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Өткен тақырып бойынша 6 сұрақ қойылады.
3. Қожаның досы .. 4. Қожа кімге жақын? 5. Қожаның ұстазы 6. повестің авторы... |
АКТ, Бинго парақшалары |
||||||||||||||
|
Ортасы 4 мин
7 мин Бағалау критерийі: 1.Мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты анықтайды және негізгі кейіпкер туралы эссе жазады.
10 мин. Бағалау критерийі: Тыңдалымнан алған материалды және тірек сөздерді пайдаланып Қожаны сипаттайды , оның іс –әрекеттерінен ой қорытып эссе жазады.
10 мин. Бағалау критерийі: 3.Алған мәліметтерін жинақтап оны қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, құрылымын сақтап эссе жазады және өз ойларын дәлелдейді.
|
1 – тапсырма. Жеке жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы сөздікпен жұмыс. к Е а Т Табанда өзгерту свидетельство о рождении Дескриптор: 1.Сөздерді дұрыс аудармасымен сәйкестендір. ҚБ. «Смайликтер» әдісі арқылы. Оқушы өзін – өзі бағалайды. Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» әдісі.
2 – тапсырма. Жеке жұмыс . «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы тыңдалған мәтін мазмұнына байланысты мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Дескриптор.
Сұрақтар : - Қожа таңертең қайда келді? -Мектептің жанынан кімді көрді? -Жантасқа қандай жаза қолданды? -Майқанова апайдан Қожа не сұрады? - Қожа жолдама алды ма ? ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы. Сыныптастары жауап берген оқушыны бағалайды.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» әдісі. 3 – тапсырма: Топтық жұмыс «Қабырғадағы роль» әдісі арқылы негізгі кейіпкердің сұлбасын салып, ішіне оны сипаттайтын тірек сөздер жазады, ал сыртына ашық және жабық сұрақтар жазады. Дескриптор: 1.Флипчртқа негізгі кейіпкер яғни Қожаның сұлбасын салады. 2.Сұлбаның ішіне Қожаны сипаттайтын сөз тіркестерін жазады. 3. Сұлбаның сыртына жабық сұрақтар жазады. 4. Сұлбаның сыртына ашық сұрақтар жазады. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы. Топтар бір – бірін бағалайды. Саралау: «Нәтиже немесе жауап бойынша», «Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы» , «Қарым-қатынас формалары бойынша» Тірек сөздер: -әдепті бала, арманшыл бала, ақылды тентек, т,б. Жабық сұрақтар: 1. Жолдама сұрап барғанда Қожаға Майқанова апай не деді? 2.Жантасқа Қожа не деп өтірік айтты? Ашық сұрақтар: 1.Сен Қожаның орнында болсаң не істер едің? 2.Қожаның Жантасты ұрғандағы іс-әрекеті дұрыс па? 4 – тапсырма: Эссе жазу әдісі. Жұппен жұмыс. Тақырыбы: «Неліктен барлығымыз Қожаны жақсы көреміз?» Оқушылар топта эссе құрылымын сақтай отырып тыңдалған мәтінді қорытып, қазіргі өмірмен байланыстыра түйін жасайды және жазады. Дескриптор: 1.Эссе құрылымын сақтай отырып жазады. (Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) 2. Кіріспе: 1 сөйлем. – Әдепті бала қандай болады? 3. Негізгі бөлім: 2 сөйлем, - Неліктен барлығымыз Қожаны жақсы көреміз? Қорытынды: 2- сөйлем. Қожа секілді достарыңа қандай кеңес берер едің? ҚБ. «Өзара редакциялау парағы»
Саралау: «Қорытынды» әдісі, «Бағалау» әдісі, «Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша» әдісі. |
АКТ,Сәйкестендіру парағы, смайликтер Аудиомәтін. Сілтеме:(Қазақ тілінен тыңдалымға арналған материалдар жинағы. 5-сынып, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Білім беру бағдарламалаы орталығы» филиалы, Астана 2018жыл.) АКТ, кофе таяқшалары, маркер, бағдаршамның 3 түсі АКТ, Түрлі – түсті маркерлар, Флипчарт АКТ, А4парақ, жұмыс дәптері. |
||||||||||||||
|
Аяқталуы 5 мин |
РЕФЛЕКСИЯ: «Тазалық» әдісі арқылы. Стикерлерге бүгінгі сабақ туралы 2сөзбен сипаттама жазып чемоданға, еттартқышқа немесе қоқыс жәшігіне жабыстырады. |
АКТ, Үлкен көлемде шығарылған Чемодан, Еттартқыш, Қоқыс жәшігі суреті, стикерелр |
||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||
|
Саралау – |
1-тапсырма бойынша саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы саралау жүргіздім. Қолдауды көп қажет ететін оқушыма жақындап сөзбен қолдау көрсеттім. 2-тапсырма бойынша да саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін алдым. Ол үшін нақты көмек қажет ететін оқушыма бірқатар жауап алу үшін ауызша сұрақтар қоямын. 3-тапсырма бойынша саралаудың «Нәтиже немесе жауап бойынша», «Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы» , «Қарым-қатынас формалары бойынша» әдістерін қолдандым. Ол үшін тірек сөздер табу, ашық , жабық сұрақтар құрастыру және ашық сұрақтарға өмірмен байланыстыра жауап беруін таңдап алдым. 4 – тапсырма бойынша саралаудың «Қорытынды» , «Бағалау» , «Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша» әдісін қолдандым. Бұл тапсырмада “эссе жазу ” әдісін алдым. Оқушылар жұпта жұмыстанды. Берілген нақты қадамдар бойынша «Неліктен барлығымыз Қожаны жақсы көреміз?» тақырыбында құрылымы сақталған эссе жазды . Оқушы жеке жұмыстанып қана қоймай, жұпта талдап үйренеді, екеара пікір қалыптастыра алады. Қолдауды барынша қажет ететін оқушым эссенің кіріспе бөлімін ғана қамтып мұғалімнің қолдауымен жазды. Қолдауды орташа қажет ететін оқушыларым эссенің кіріспе, негізгі бөлімін қамтып эссе жазды. Қорытынды жасау кезінде кейбір түзетулер енгізіліп, қолдау көрсетілді. Қолдауды аз қажет ететін оқушыларым эссенің барлық қадамдарын сақтай отырып жазды және өз ойларын өмірмен байланыстыра отырып дәлелді жеткізе білді. |
|||||||||||||||
|
Бағалау – |
«Смайликтер» арқылы. «2 жұлдыз, 1 тілек» арқылы «Бағдаршам» әдісі арқылы «Өзара редакциялау парағы» |
|||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
*Сабақ мақсаты шынайы болды, себебі бүгінгі сабақта оқушылардың Қожа туралы, повест туралы білімдері толықтырылды. *Оқушылар топтық, жұптық жұмыстарға белсене қатысты, себебі оқушыларға қолданған саралау тапсырмаларым тиімді болды деп ойлаймын. *Сабақтың SMART мақсаты жүзеге асты. |
|||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау |
||||||||||||||||
|
Қандай екі нәрсе табысты болды? 1. Жеке жұмыстағы «Кофе таяқшалары» әдісі. 2.Топтық жұмыстағы «Қабырғадағы роль» әдісі Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? 1. Тақырып бойынша сурет салу. 2.Эссе жазудың нақты қадамдарын ұсыну. Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. Сабақ кезінде интернет арқылы жұмыс жасау. 2. «Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс орнатып, туындаған қиындықтар бойынша келесі сабақты жоспарлаймын. |
||||||||||||||||
ейіпкер взрослый
с
білгелі тут же менять
ғымды герой
уу
куәлігі приятный


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген