Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қожа - әдепті бала 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ жоспары орыс мектептеріндегі қазақ тілі пән мұғалімдеріне керек. Терең тақырыпты қысқаша әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін тиімді. Оқушыларға ойларын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге,әртістік шеберліктерін көрсетуге жағдай жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2. Мектеп өмірі. Әдепті бала – арлы бала. Мектеп: 17 мектеп-лицей

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Пусирманова Гүлдана

Сынып: 5 Қатысқандар:12 Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:


Қожа - әдепті бала

Осы сабақтақол жеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламысына сілтеме)

5. О5 Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

5.ТБ1.2 Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаты



Барлық оқушылар: Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді біледі. Жазба, ауызша жұмыстарда сын есімдерді орынды қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі: Сын есімдердің мағыналық түрлерінің ерекшеліктерін қолдана отырып, кейіпкерлерге мінездеме жасай алады.

Кейбір оқушылар: Қожаның рөліне еніп, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарына сын есімдерді қосып тұжырымды жауап береді, мәтінді оқып, айта отырып ойларын қорыта шағын шығарма жазады

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

-Мәтіннің негізгі мәнін түсініп, ақпарат нақтылығын ажырата алады;

-Сын есімдерді орынды қолданып, мінездеме береді;

-Сұраққа тұжырымды жауап береді;


Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Кейіпкер-персонаж

Ықшам – маленький

Жағымды- положительный

Туу куәлігі- свидительство о рождении

Қолайсыз- не удобный

Табанда өзгерту- изменить мгновенно

Істің турасы – основа дела

Келемеждеп айту – насмехаться

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- адамның аты, зор бақыт, құлаққа жағымды, идеялы есімдер , Қара Қожа



Жоғары дәрежелі сұрақтар:

Қожаның жақсы адам боларына сенер ме едің?

Қожаның орнында болсаң не істер едің?

Сендердің іштеріңде «Мен Қожаға ұқсаймын» дейтіндерің бар ма?

Адамның өзін-өзі сынауы оңай ма?



Ым-ишара

Бас изеу, бас шайқау, күлімдеу.

Құндылықтарға баулу

Оқушыларды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 5 құндылығы негізінде еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану- кейіпкер жан дүниесіне ізденіс жасайды, өзі-өздеріне есеп береді.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Сүйікті жазушы

Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына қайталама шолу

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Ресурстар


Сабақтың басы

10 мин


Тақтада Қожаның суретін орналастырамын. Оның

жанында сын есімдер жазылған 12 стикер жапсырылған. Стикерлердің артында «әдепті, арлы, ақылды» деген сын есімдер жазылады. Оқушыларға жетекші сұрақтар қоя отырып, сабақ тақырыбын ашамын.

- Мына бала кім?

- Бұл Б.Соқпақбаевтың қай шығармасының кейіпкері?

- Қожа қандай бала?

- Қожаның бойындағы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла ма?

Таңдап алған сын есімдер арқылы 3 топқа бөлінеді.

Shape1

Ақылды тентек

Shape4 Shape3 Shape2

Shape6 Shape5

Ақкөңіл

Арлы







Сабақ мақсатын түсіндіремін.

Бағалау критерийін айтамын.


Ф.Ш. Оразбаева, Ж:Т. Дәулетбекова, А.Қ. Рауандина,

Р.С. Рахметова,

Қ.С. Жайлаубаева

Қазақ тілі

Бәйшешек

Алматы 2017

Сабақтың ортасы

20мин

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» мәтінін оқимын.

Мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

Қожа не үшін Жантасты жек көреді?

Қожа айнаның алдында өз-өзімен неге сөйлеседі?

Қожа апайдың сөмкесіне неге бақа салды?


1 – тапсырма ӨЖ Мәтіндегі сын есімдерді қолданып, Қожаға мінездеме жазады.







2 – тапсырма «Стоп кадр» әдісі бойынша топтар мәтінді өз ойларымен толықтырып, көрініс қояды.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Дескриптор:

-мәтінді тыңдайды, өзектілігін анықтайды;

-әртістік қабілеттерін көрсете отырып, ойларын білдіреді;

3 – тапсырма «Пікірлер сызығы» әдісі. «Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі

«Мұғалімнің сөмкесіне бақа салғаны үшін Қожаны жиналысқа салуы артық немесе дұрыс болды» деген сауал төңірегінде 2 топ пікірталасқа түседі. Біреуі жақтаушы, бір топ даттаушы. Үшінші топ бақылаушы болады.

Дескриптор:

-ойларын дәлелмен жеткізе алады;

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»


Ширату. «Сиқырлы есім» Оқушылар есімдерінің бастапқы әріптерінен келетін сын есіммен байланыстырып айтады. Сәбит сабырлы, Асылжан ақылды т.б.

4 – тапсырма «Кейіпкер орындығы» Топтан 1 оқушы шығып, орындыққа отырады. Сол бала Қожаның кейпіне енеді. Балалар Қожаға қиялдан, өздері білгісі келген сұрақтарды қояды.

Дескриптор:

-сұраққа нақты жауап береді;

ҚБ«Екі жұлдыз, бір тілек»

5 – тапсырма «Қаламыңды ұшта» әдісі.

«Егер мен Қожа болсам...» тақырыбында шағын шығарма жазу

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»







Соңы


Кері байланыс

10 мин



«Ас мәзірі» әдісі. Оқушылар бос тұрған орындарға смайликтер жабыстырады. Смайликтердің артына не түсінгені, нені қорытқаны жөнінде жазады.

Менің асқазаным____________қорытты.

Әлі де___________тапсырыс беремін.

Менің асқазаным___________қорыта алмады.


Саралап оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»






Интербелсенді тақтаны уақытында сөндіріп отырамын.

Ширату жаттығуын жасатамын.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
2952
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12