400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қолайсыз атмосфералық құбылыстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып жаңартылған білім мазмұны бойынша географиядан сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Мерзімі:22.11.2017 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Нурбаева А. Т.


Мектеп:

№47 М. В. Ломоносов атындағы мектеп-лицейі

Сабақтың тақырыбы:

Қолайсыз атмосфералық құбылыстар

Сынып: 7

Қатысты:

Қатыспады:

Оқу мақсаты:

7.3.2.7 Қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)

Сабақтың

мақсаты:

Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың себеп-салдарлық байланысын анықтай алады.

Пәнаралық байланыс

Экология, физика

Тілдік мақсаттар

Мәтінді оқи отырып, қолайсыз атмосфералық құбылыстарды (шаңды дауыл, аңызақ, үсік, құрғақшылық, қуаңшылық) сипаттайды және кері әсерін түсіндіреді.

Лексика және терминология

Ауа-райы, үсік, анызақ, көктайғақ, жел, шаңды дауылдар, қуаңшылық, құрғақшылық.

Қалыптастыратын құндылықтар

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, талдау, қорытынды жасау .

Жетістік критерийлері

Оқушылар қолайсыз атмосфералық құбылыстардың түрлерімен танысады.

Оқушылар қолайсыз атмосфералық құбылыстарды суреттер бойынша ажыратып, себеп-салдарын анықтайды және топтастырады;

Атмосфералық қолайсыз құбылыстардың зияндылығына баға береді. Сақтану жолдарын ұсынады.


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер


Ауа-райы, үсік, анызақ, көктайғақ, жел, шаңды дауылдар, қуаңшылық, құрғақшылық.

Алдыңғы білім

Дүниетану, 6-сынып физикалық география курсы

Қолданылатын ресурстар

Қазақстанның физикалық картасы. Бейнематериал, слайд. Жұмыс дәптері. Үлестірме материалдар, постер. Оқулық, 7- сынып

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған шаралар

Ресурстар


Сабақтың

басы


5 минут



1 мин






1 мин



2 мин














1 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Жер бетіндегі температура +24º С. 7,2 км биіктіктегі температура неше градусқа тең?

Шешуі: 7,2*6=43.2 24-43.2=-19.2

Жауабы: 7,2 км биіктікте температура -19,2ºС

Бағалау: дұрыс жауап арқылы оқушылар бірін-бірі тексереді, жұлдызша арқылы бағалайды.


ІІІ. Ой қозғау және тақырыпқа шығу мақсатында «Миға шабуыл» әдісін қолданамын.

1.Қыста жылымықтан кейін суықтың қайта түсуінен жер бетінің мұз болып қатуы (көктайғақ)

2. Ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі (құрғақшылық)

3.Қоршаған ауаның орташа температурасының бірнеше күн бойы 10 және одан да астам градусқа артық болуын айтады. (Қатты ыстық)

-Бүгін далада қандай ауа райы?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбы және жетістік критерийлермен таныстыру. Лексика мен терминологиямен таныстыру. Жаңа терминдерді үш тілде айту. Ағылшын және орыс тілінде аудармасын дәптерге жабыстыру

PowerPoint

бағдарламасында жасалған презентация/


Қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыс дәптері (5-бет, №2 есеп)

















Терминдер (қима қағаздар)


Слайд

Ортасы


20 минут

2 мин



3 мин






13 мин









2 мин

ІҮ. «Таныстырылым» (қолайсыз атмосфералық құбылыстарға презентация арқылы анықтама беріп өтемін)

Бейнежазба көрсету. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Қуаңшылықтың себебі неде?

  2. Табиғи апаттың салдары қандай болуы мүмкін?

  3. Орын алған қуаңшылықтан шешу жолы бар ма ?

Ү. Топтық жұмыс: «Айналмалы бекет» стратегиясы. (Оқушылар үлестірмелі материалдардағы мәтінмен танысады. Құбылыстардың себеп-салдарлық байланысын анықтап, келесі топтар сақтану жолдарын ұсынады)

1-топ: Құрғақшылық

2-топ: Үсік

3-топ: Көктайғақ

4-топ: Шаңды дауыл

Топтар арасындағы өзара бағалау: «Ауызша комментарий беру»

PowerPoint

бағдарламасында жасалған презентация.



www.youtube.com сайтынан алынған бейне материал






7 сыныптың оқулығы

Постер, маркер

Үлестірмелі материалдар


Соңы


15 минут



















3 мин


7 мин


















2 мин


1 мин


2 мин

ҮІ. Сергіту сәті: «Ауа райы болжамы»

( Шығармашылық тапсырма)

ҮІІ. Жеке жұмыс: Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

1.Құрғақшылық, үсік, бұршақ, көктайғақ ұғымдарын төмендегі суреттермен сәйкестендіріңіз.

2. Өз жеріңізде жиі байқалатын қолайсыз атмосфералық құбылысты атаңыз

3. Қалай пайда болатынын түсіндіріңіз

4. Сақтану жолдарын ұсыныңыз.

Дескриптор Білім алушы

− ұғымдар мен суреттерді сәйкестендіреді;

− өз жерінде болатын қолайсыз атмосфералық құбылыстарды анықтайды;


− қолайсыз атмосфералық құбылыстардың пайда болу себебін көрсетеді;


− қолайсыз атмосфералық құбылыстардан сақтану жолдарын ұсынады.

Бағалау: Оқушылар дескрипторларға сүйене отырып, бірін-бірі смайлик арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма: «Атмосфера» бөлімшесін қайталау.

Кері байланыс: «Рефлексия тақташасы»

Қазақстанның физикалық картасы

Қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыс дәптері (7-бет)






















Рефлексия тақташасы


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?


Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?


Пәнаралық байланыс. АКТ-ны қолдану


Қалыптастырушы бағалау арналған жұмыс дәптеріндегі дифференциалды тапсырмалар

  • Дұрыс жауаптар кілті арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауы

  • «Ауызша комментарий беру» арқылы топтар арсындағы бағалау

  • Дескриптор бойынша бағалау

Экология, физика,химия.

Бейнежазба және презентация

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

Оқушылар нені білді?

Қандай оқу жағдайы қалыптасты?

Оқу дифференциациясы тиімді дайындалған ба?

Уақытты ұтымды пайдана алдым ба? Мен жоспарыма неліктен және қандай өзгерістер енгіздім?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия

жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ

бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.







Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай екі сәті сәтті өтті (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?


Сабақтың тиімділігін қандай екі жағдай жақсартар еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?



Сабақты жүргізгенімде сынып туралы және сол сыныптың оқушылары туралы қандай ақпарат алдым, бұл ақпараттың келесі сабақты жоспарлауымда қандай көмегі тиеді?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
4703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі