Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қоректік тізбектер және қоректік торлар." 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Қоректік тізбектер және қоректік торлар.

Мұғалімнің аты-жөні: Талипова Фариза

Күні: 18. 09. 2017 ж

СЫНЫП: 7


Қатысқаноқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары


7.3.1.2 - табиғи қоректік тізбектерді салыстыру;


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.

Бағалаукритерийі

Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Өсімдікқоректілер,жыртқышжануарлар,паразиттер,сапрофиттер, қоректік тізбек, қоректік тор,экожүйе.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Зертханалық жұмыс «Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)».

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек.


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.


1-топ

2-топ

3-топ



Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.


Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.


«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)



Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

Микрафон

Ортасы

5 минут







Қолдану

Биологиялық факторлар – тірі ағзалардың бір-біріне әсер етуі. Тірі ағзалар бір түрге жатуы мүмкін. Бұл жағдайда олар үйір немесе тұқымтоп түзеді. Көптеген омыртқасыз жануарлар жеке тіршілік етеді. Бірақ оларға ұрпағын жалғастыру үшін серіктес керек, осы кезде олар жұп құрады. Ара, құмырсқа, термиттер сияқты жоғары құрылымды омыртқасыз жануарлар тұрақты бірлестік – тұқымтоп құрады. Бұл тұқымтопта әрбір ағза өзіне бөлінген биологиялық рөлді атқарады және өз тобындағы басқа ағзалармен үйлесімді әрекеттеседі.

Барлық жануарлар қоректенуі керек, себебі олар қорек арқылы өз денелерін түзуге қажет материалдар мен тіршілігін қамтамасыз ететін энергия алады.

Әртүрлі жануарлар түрлі қорекпен қоректенеді. Олардың барлығын жалпы 3–4 топқа бөлуге болады. Өсімдіктермен қоректенетін жану- арлар өсімдікқоректілер деп аталады. Басқа жануарларды жейтін жануарлар жыртқыштар немесе етқоректілер деп аталады. Өлген жануарлардың қалдықтарымен немесе басқа ағзалардың зақымдалған бөліктерімен қоректенетін ағзалар бар, оларды өлексежегіштер немесе сапрофит- тер деп атайды. Басқа ағзалармен қоректенетін, бірақ оларды бірден өлтірмейтін жануарлар бар, олар – паразиттер. Өсімдіктердің паразит жануарларына көптеген жұлдызқұрттар, жапырақжегіш қоңыз, біте т.б. жатады. Жануарлардың паразиттері – бүрге, бит, маса, қандала, сондай- ақ әртүрлі паразит құрттар. Кейде экологтар өсімдіктердің паразиттерін шөпқоректілермен, ал жануарлардың паразиттерін сүтқоректілермен (жыртқыштармен) біріктіреді. Сондықтан жануарлардың үш не төрт қоректену типін ажыратады.Әртүрлі қорекпен, өсімдікті әрі жануартекті қорекпен қоректенетін жануарлар да бар. Оларды талғаусыз қоректенетіндер деп атайды. Оларға аю, егеуқұйрық, шошқа, шимпанзе т.б. жатады.

Қорек неғұрлым қолжетімді болса, ағзаға тіршілік ету соғұрлым оңай. Ағзалардың барлығы қорек табуға ұмтылады, сондықтан олардың арасында бәсекелестік туындайды. Ең күшті қоректік бәсекелестік қажеттіліктері ұқсас ағзалар – бір тұқымтоп, үйір т.б. мүшелері арасын- да болады. Бәсекелестікті азайту үшін жәндіктердің көптеген түрлері тіршілігінің әртүрлі кезеңінде түрлі қорекпен қоректенеді. Инеліктің дернәсілдері тұщы суқоймада тіршілік етіп, ұсақ су жануарларымен қоректенеді, ал ересек инелік ұшатын жәндіктерді жейді (3-сурет). Басқалар жемейтін қорекпен қоректенетін жануарлар да бар. Мысалы, ағаш сүрегін қорытатын термиттер немесе басқа тұяқтылар жей алмай- тын жантақты жейтін түйелер.


ТВ шоу

(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады. Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)

  1. «Өсімдікқоректілер», «жыртқыштар», «өлексежегіштер» деген түсі- ніктерге анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер.

  2. Қоректік тізбек дегенімізне?

  3. «Биоалуантүрлілік» деген түсінікке анықтама беріңдер.

Қоректік тізбек. Сызбадан көріп тұрғандай жануарлардың қорек- тенуін қамтамасыз ету үшін бәрібір өсімдіктер қажет. Тірі ағзалардың тұрақты жоғары дамыған бірлестігі өсімдіктерсіз тіршілік ете алмайды. Тіршілігін қамтамасыз ету үшін тірі ағзалар қоректік тізбек түзеді.

Қоректік тізбек – қоректік затпен энергияны бір-бірінен ретпен ала- тын тірі ағзалар тобы. Ең қарапайым қоректік тізбек: шөп  шегіртке

торғай  кезқұйрық (коршун).

Қоректік тор. Басқа қарапайым тізбекті де құруға болады: өсімдік тұқымы  тышқан  түлкі балдыр  өсімдікқоректі балық  жыртқыш балық және т.б. Бұлардың барлығы жай үлгі. Шынында табиғатта бір қорек типімен ғана қоректенетін ағзалар болмайды. Шегірткенің өзі бірнеше шөп түрін, ал шегірткені торғай ғана емес, кірпі, құстардың басқа түрлері жейді. Сондықтан шынайы табиғатта қоректік тізбек болмайды, оның орнына күрделі қоректік тор түзіледі. Қоректік тор – әртүрлі қоректік тізбектен тұратын күрделі құрылым.


Талдау


Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі

(Суреттер беріледі. Оқушылар суреттерді сөйлетеді. )




Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді.


Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер.


Сергіту сәті

2 минут

https://www.youtube.com/watch?v=ArT_O6eZxm8

Миды шынықтыру тапсырмасын орындайды.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез Топтық тапсырма



Сызылған дайын кластерлер



Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут


Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

ТВ шоу

«Стоп-кадр» әдісі

Кластер

Топтық жұмыстарды қорғау

Балл






































Рефлексия


«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)




Бағалау парақшасы













Түрлі –түсті стикерлер

Қосымшаақпарат


Саралау – Сізқосымша

Көмеккөрсетудіқалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілетіжоғары

оқушыларғатапсырманы

күрделендірудіқалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

Үйренгенінтексеруді

Қалайжоспарлайсыз?

Пəнаралықбайланыс

Қауіпсіздікжəнееңбекті

Қорғауережелері

АКТ-менбайланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгіноқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандайболды?

Мен жоспарлаған

Саралаушаралары

тиімдіболдыма?

Мен берілген

Уақытішінде

үлгердімбе? Мен

өзжоспарыма

қандайтүзетулер

енгіздімжəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетінсұрақтарғажауапберіңіз.

Қорытындыбағамдау

Қандайекінəрсетабыстыболды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандайекінəрсесабақтыжақсартаалды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақбарысында мен сыныпнемесежекелегеноқушылартуралыменіңкелесісабағымды

Жетілдіругекөмектесетінне білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1824
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12