Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қоржын тігу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету. Қолөнер туындыларын зерделеуіне бағыт –бағдар беру, белсенділікке, шапшандыққа, өз бетінше ізденуге баулу. Қоржынды тігу технологиясын үйрете отырып шеберлікке баулу, әсемділік пен сұлулықты көріп бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қоржын тігу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық бұйым қоржынмен таныстыру

Білімділігі: .Ата - бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін

балаларға насихаттау. Қоржын пішу және тігін технологиясын үйрету.

Дамытушылығы:.Қолөнер туындыларын зерделеуіне бағыт –бағдар беру,

белсенділікке, шапшандыққа, өз бетінше ізденуге баулу.

Тәрбиелілігі: Қоржынды тігу технологиясын үйрете отырып шеберлікке баулу, әсемділік пен сұлулықты көріп бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтағы көрнекілік: Қоржын туралы әр түрлі суреттер, сұрақ жауап, тігілген әр түрлі қоржындар, ою түрлері

Сабақтың құрал –жабдықтары: ине, жіп, қайшы, мата, ою-өрнекке қолданылатын мата, лекало, әр түрлі жіптер.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сарамандық

Сабақтың барысы:

І-бөлім. Ұйымдастыру:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

б) Оқушылардың құралын тексеру, жағдайларын жасау

ІІ- бөлім. Оқушы білімін тексеру.


1.Қазақтың ұлттық бұйымдарын ата.

2.Ою-өрнектің түрлерін ата?

3. Киіз үйдің ішкі жабдықтарын ата?

4. Қазіргі кезде қоржын, аяққапты қолдануға бола ма?

5. Қазақтың ертедегі ыдыс аяқ түрлері.


Бүгінгі жаңа сабағымызда сөзжұмбақ шешуден бастаймыз. Сөзжұмбақ дұрыс шешсеңдер сабақтың тақырыбы шығады.

Сөзжұмбақ сұрақтары

1.Жүрмесе егер бірлесіп, жоқ оны керегі. (қайшы)

2. Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған.(бор)

3. Әжемнің қолында шыр айналар,шыр айналса өзіне шыр байланар. (ұршық)

4. Орана береді,орана береді,оранған сайын көлемі молая береді.(жіп)

5. Кестеге арналған мата. (шыт)

6.Алты қырлы,алты сырлы (қарындаш)







Қ

О



Р





Н

Ы

Ж












IІІ – бөлім. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау

Дұрыс айтасыңдар, балалар, жаңа сабағымыздың тақырыбы «Қоржын тігу» және сәнді тігістермен әшекейлеуді үйренеміз.


IҮ - бөлім . Жаңа сабақ.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар. «Өткенін білмеген болашаққа жол салып жарытпайды» -дейді дана халқымыз. Ендеше ата- бабамыздың бұрынғы тіршілігін, тұрмыс тарихын бүгінгі ұрпақ білу, атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнерін зерттеп, біліп, үйреніп, шеберлігін үлгі тұту әрбір ұрпақтың міндеті, парызы.
Қазақ халқының көшпелі тұрмысында киіз үй ішінде қолданылатын

бұйымдар өте көп. Бұрын бұл бұйымдарды кереге басына, қабырғаға ілетін болғандықтан, ол биязы жүннен тығыз, әрі жұқа басылып жасалады.
Қазақ халқында ыдыс-аяқ сақтайтын қазіргідей ағаш жиһаздары болмағандықтан, бұйымдарды мал терісінен, жүннен киізден дайындап, дәл сол кездің тұрмысына лайықтап жасаған.

Қоржын – иірілген жүннен тоқылған бұйым. Ертеректе түрлі заттар алып жүруге пайдаланған. Жай жолақты немесе түрлі өрнекті, сондай-ақ түкті кілемше түрінде болады. Басында тұрмыстық зат ретінде кәдеге жараған . Қоржын бүгінде қазақтың той-томалағының барлығында кездеседі. Бесік тойдан бастап, үйлену тойына дейін. Дегенмен, той түрлі болғанымен, қоржынның атқарар міндеті бір. Ол – арнайы сыйлықтың «сандықшасы» іспетті. Ізгі ниетпен, ақ тілекпен алып келген қоржынды той иелері сақтап қояды.

Тіпті, бесік тойдан қалған қоржынды әжелеріміз немеремнің үйлену тойында қолданамыз деп сандықтың түбіне салады екен. Заман өзгеріп бүгінде киізден, текеметке арналған қатты матадан қоржын аса жиі жасала бермейді.

Басты қолданатын түстер: қою қызыл, ал қызыл болған. Қоржын әсем өрнектелген қос қалтаның бірігуімен тігіледі. Бір қарағанда пішіні де, түсі де ұқсайтын қоржынды тігіншілер ою-өрнектердің көмегімен бір-біріне ұқсамайтын ерекше дүние етіп шығарады.

«Өткенін білмеген болашаққа жол салып жарытпайды» -дейді дана халқымыз. Ендеше ата- бабамыздың бұрынғы тіршілігін, тұрмыс тарихын бүгінгі ұрпақ білу,атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнерін зерттеп, біліп, үйреніп, шеберлігін үлгі тұту әрбір ұрпақтың міндеті, парызы.



Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.

  1. Қайшымен ойнауға болмайды

  2. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды

  3. Инені арнайы қобдишада сақтау керек.

  4. Инені тістеп отыруға болмайды

  5. Қайшыны ұш жағын жоғары көтерме

Қоржынның тігілу тізбектілігі

Сәнді тігістермен әшекейлеу

Ою-өрнегін сызу

Үлгіні мата бетіне қойып қию

Қоржынды пішу үшін мата тандау























Үлгіні мата бетіне қойып қию

Матаны теріс бетіне бүктеп ,үлгіні түйреуішпен түйрей отырып бекітеміз, бор мен белгілеп алып оны қиып шығамыз

Ою-өрнегін сызу

Дайындалған ою-өрнектің сызбасын алып , қатты матаға түсіріп қиып аламыз да оны қоржынның қалтасына жапсырамыз, оның жан-жағын әсемдеп тігіп шығамыз

Сәнді тігістермен әшекейлеу

Қоржынның бүктелетін аузын сәнді тігістермен тігіп шығамыз. Шашағын тігеміз Кемшілігін тексеріп жұмысты аяқтаймыз


ӀIӀ бөлім. Машықтық жұмыс.


  1. Қоржын жасауға керекті

материалдарды дайындап

аламыз.


Picture 4
  1. Матаны теріс бетіне бүктеп ,үлгіні түйреуішпен түйрей отырып бекітеміз, бор мен белгілеп алып оны қиып шығамыз. Матадан қоржынды

пішіп аламыз.


  1. Қоржынды тор тігісімен

әсемдеп тігеміз.



Picture 6
  1. Қоржынды безендіруге шашақ,

ала жіп, ою дайындап аламыз.



  1. Қоржынды шашақ, оюмен

Picture 7

безендіреміз




  1. Қоржынның аспасын бекітіп

тігіп жұмысты аяқтаймыз.


Сергіту сәті.

Шебер адамға байланысты айтылған мақалдарды жатқа айту.

Шебердің қолы – ортақ, шешеннің сөзі – ортақ.

Шешеннің тілі, шебердің бізі.

Олаққа ағаш жақпайды.

Бекіту сұрақтары:

1.Қоржын,аяққап, кесеқап, керме дегеніміз не?

2.Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын киіз үй бұйымы?

3.Қазіргі кезде қоржын, аяққапты не үшін қолдануға болады?

4.Қоржынға салынатын оюдың атын ата,ою-өрнектің қай тобына жатады.


ІV. Қорытынды бөлім: Қазақта қыз баланың тәрбиесі бірінші орынға қойылған.

«Өмірдің жалғасы »-деп қарап қыз баланы «үй- ұйытқысы » үй ұстауға, отбасы тіршілігіне баулыған.Алты жастан бастап суыртпақ суыртып қол өнерге баулыған. Ендеше қазақ халқының еншісіне тиген қол өнер негіздерін үйренуде қыз балаларға, өнердің бағы қонсын деп тілеймін.


Үйге тапсырма: Қоржын тігу. Наурыз мерекесіндегі көрмеге бұйым дайындау.

Бағалау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2019
4030
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12