400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қорықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сабақ жоспары 9 сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдерге қажеті болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Есимбаева Салтанат Советхановна,
КГУ «Средняя школа №12», 
г.Риддер Восточно – Казахстанская область

Сабақтың тақырыбы: Қорықтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның қорықтары туралы танымдық білімін
арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін,
сұхбат арқылы қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісін, есте сақтау және шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты
қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Әдіс — тәсілдер: Саралап — деңгейлеп оқыту, Проблемалық-ізденіс әдісі, коммуникативтік
әдіс, сұрақ-жауап.
Жұмыс түрлері: жұптық, топтық жұмыс
Көрнекілік: Слайд-презентация, интерактивті тақтамен жұмыс, фотосуреттер, тірек-
сызба,коллаждар,бүктемелер.
Пәнаралық байланыс: география, статистика, әдебиет

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құру. Сөйлем
ішінен бастауыш пен баяндауышты табу. Өсімдік, табиғат аясында, қорғау, зиян
келтіру, жанашырлық, қамқор болды, қорықты аралау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ой толғау. Қорықтар неге керек? Қорық- дегеніміз не?
Оқушылардың жауабы (Кейбір жан — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи
тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет). Оқушылардың дайындап келген слайд-
презентациясын көру.

Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты — қорықтар деп

атайды.

IV. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді (Оқулық 49-бет) абзацка бөліп оқу.
Мәтін мазмұны бойынша әңгімелесу.
Мұғалім: Балалар, қазіргі кезде жануарлар мен өсімдіктердің құрып кету қаупі бар ма?
Елімізде табиғат байлығын қорғап сақтайтын қорықтар көп пе?
Саяхатқа дайындық кезеңі. Оқушыларға компьютер арқылы тыңдатамын:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған «№5 орта мектептің» әуежайы.
№5 мектептің әуежайынан Ақсу — Жабағалы, Наурызым қорығы, Қорғалжын, Марқакөл,
Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы, Алматы, Барсакелмес, Үстірт — Қызыл кітап
бағыттары бойынша сағат 14:50 – де «Эйр Қапшағай» компаниясының ұшағына
отырғызу басталады. «Егер Сіздер қорықтардағы өсімдіктер мен жануарлар жайында
тереңірек білгіңіз келсе, қорғау шараларына қатысамын десеңіз бізбен бірге саяхатқа
шығыңыз».

Қысқа мерзімді жобалау жұмыстарын қорғау

V. Мұғалімнің сөзі: Құрметті саяхатшылар, сіздерге демалысқа шығар алдында қысқа
мерзімді жобалау жұмысы берілді. Қанекей, сол жұмыстарынызды тыңдап бағалайық.
Жоба мақсаттары: Қазақстандағы қорықтар туралы шағын жобаларын қорғау.
1. Жұмыс әдісі: Жұптық, топтық жұмыс

2. Жұмыстың жүргізілуі: Қорықтар туралы кітаптар оқу.(Кітапханаға бару)
Интернет мәліметтерін жинастыру.
3. Презентация.
4.Рефлексия.
І топ Ақсу-Жабағалы қорығы (Петерс А, Рузняева Д.) Презентация
ІІ топ Алматы, Алакөл қорығы(Мищерякова С., Галиханова В.) Презентация
ІІІ топ Үстірт, Наурызым қорығы (Батирова К., Сухих Н.) коллаж, фотосуреттер.
ІV топ Батыс Алтай, Барсакелмес қорығы (Добровольская Р., Евдокимова Л.) коллаж,
фотосуреттер.
VI. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Ұшаққа отырғызу басталды. Билет алуларыңызды сұраймыз.
І класс, эконом класс, бизнес класс билеттерін алу үшін мына деңгейлік
тапсырмаларды орындауларың керек.
ІІІ деңгей (І класс билеттері, міндетті деңгей)
1. Берілген сөздердің түбірлерін анықтаңдар.
Өндіріс, елдерде, тіршілігінен, дамыған, құстар, табиғатын, күнде, орманы,
құрметтей, аңға, жан-жануарларға, өсімдіктерді, елімізде, мемлекеттік, байлығын.
2. Берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңдар.(ауызша)
ІІ деңгей (эконом класс, мүмкіндік деңгей)
1. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар.
1. Жан-жануар… мен өсімдік… дүниесі.
2. Құс… сайрап, көбелек…ұшып, гүл… гүлдеп тұруы үшін біз… Өз Отанымыз…
табиғатын қорғауы… керек.
3. Табиғат… ар-ұжданы таза,саналы адам… ғана қорғай алады.
4. Орман…мен өсімдіктер…, жануар… мен аң-құстар…қорғап сақтайтын қорық көп.
2 «Қорықтар неге керек?» деген мәтіннен бастауышы бар сөйлемдерді тауып, оған
сұрақ қойыңдар.
І деңгей. Монолог «Экологияны жақсарту үшін қандай шаралар өткізу керек?»
VII. Рефлексия
Адамзаттың несіз күні жоқ? Оны айтуға ненің тілі жоқ?

VIII. Сабақты қорытындылау. Сабақты оқушылар өздері қорытады. І топ
Сөзжұмбақ дайындап келіпті. ІІ топ сұрақ-жауап.
1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық (Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық (Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық аты (Ақсу-Жабағалы)
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық (Қорғалжын)
5. Наурызым қорығы қайда орналасқан (Қостанай)
6. Қылқанды тайга орманы орналасқан қорық (Батыс Алтай)
7. «Қызыл кітап» поэмасының авторы? (Қ. Мырза Әли)

ІІІ Инсерт картасын толтырды.
ІV Географиялық картадан қорықтардың орналасуын көрсетті.

Қ
қ О р ғ а л ж ы н
Р
А л м а т Ы
А Қ с у Ж а б а ғ ы л ы
Ү с Т і р т
Б А т ы с А л т а й
Р

ІХ. Үйге тапсырма: Оқулық 51-бет ,7-тапсырма. Берілген синонимдік қатарларды оқып
шығып, есте сақтаңдар. Қиындық, тапшылық сөздерінің антонимдерін жазыңдар

Х. Оқушыларды бағалау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
2487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі