400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ашық сабақ: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашқанын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу. Ой-өрісін дамыту. Сүйікті оқулықтары – Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өрнектерін таныту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашқанын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу. Ой-өрісін дамыту. Сүйікті оқулықтары – Әліппемен қоштасу кешінде оқушылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өрнектерін таныту.

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған сөдер. «Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, 1-сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін ғылым әлемінің алғашқы басқышы әліппені аяқтап, білім атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз.

Қымбатты балалар! Біз бүгін Әліппемен қоштаспақпыз. Сіздерді Әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтаймын. Әліппені аяқтау барлық әріптерді тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз. Әліппені жемісті аяқтауға көмегін аямаған ата-аналарға мың алғыс. Сүйікті Әліппенің арқасында сауатты адам қатарына ендік. Сондықтан Әліппемен қоштасу салтанатты мереке. Енді «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгімізді бастаймыз.

(Ән ұраны): Әліппе Хор.

Мұғалім: Іші толы әріпке

Білімдіге жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашқан

Ол сүйікті әліппе.

Мұғалім: Олай болса ортаға «Әліппені» шақырайық

Хормен: Әліппе, Әліппе! (ортаға «Әліппе» шығады)

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы халықтың.

Мұғалім: Ал, Әліппе саған мың алғыс, біздің балалар енді саған өз хаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.



1-оқушы: Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едім әріп те,

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреттің оны Әліппе.

2-оқушы: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа

3-оқушы: Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Қызығып қарай бердім әріптерге.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді

4-оқушы: Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық, тойладық

5-оқушы: Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен

6-оқушы: Барлық әріп бағалы

Айтық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды, қолдайды

Хор. «Мектебім»

7-оқушы: Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым апасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

8-оқушы: Қош бол, құтты «Әліппем»

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің

9-оқушы: Ақыл құйған санама

Жеткізер ол данаға

Білім берген біздерге

Алғыс айтамыз сіздерге

10-оқушы: Ұстазым – екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алсын, үйренсін деп

Таңертен күнде құшақ жаяды арман

11-оқушы: Шәкірттерін баптаған

Ұстазыма мақтанам.

Тәрбие берген біздерге

Көп рахмет сіздерге

12-оқушы: Жүрегіме ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,

Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Хор: «Ұстаз»

Мұғалім: Абай, Ыбырай аталарымыздың өмірімен танысып олардың өлеңдерін үйрендік.

13-оқушы: Бір аллаға сиынып,

Кел балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

14-оқушы: Сиса көйлек үстінде

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған.

15-оқушы: Ғылым таппай мақттанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

16-оқушы: Дән ексем, жерге достық егер едім,

Бұлт болсам, соған тамшы себер едім.

Жайнаған гүлден гөрі, ыстық құмға

Дос үшін жылда айналып келер едім.

17- оқушы: Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

18-оқушы: Дос дегенміз өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қаллдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін, қашан да қасымнан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

Хор: «Достық»

19-оқушы: Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол – ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

20-оқушы: Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

21-оқушы: Үмітіңдей көзіме,

Көп қарайсың үңіліп.

Еркелеген сөзімде,

Ертеңіңіз тұр күліп.

22-оқушы: Біліп тұрсың жан анам,

Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның!

23-оқушы: Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.

24-оқушы: Сен жалықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

Хор: «Ата-ананы тыңдаймыз»

Мұғалім: Ал балалар, әліппеден не үйрендіңдер?

  • Ендеше, «Білім еліне саяхат» сабағын өткізбекпіз. Бұл сабақта біз

барлық пәндер бойынша өз білімдерімізді сынға саламыз.

  • Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

  • Жақсы, енді мына нүктелерді қосу арқылы бір суретті бейнелеп көрейік

Shape1

6

Shape2

8 7 5 4

1 2 3

  • Сонымен, біз саяхатқа кемемен шығатын болдық.

  • Қане, барлығымыз кемеге отырамыз да, әр түрлі аралдарға саяхат

жасаймыз.

  • Біздің бірінші баратын аралымыз «Дүниетану» аралы. Екінші

«Әліппе», содан кейін «Математика» аралына барамыз. Әр аралда өзіндік бір құпия сыр болмақ, сол сырды ашу үшін бізге арнайы тапсырмалар болады. Сондықтан мұқият болуларыңызды сұраймын.

  • Біз «Дүниетану» аралындамыз.

  • Олай болса балалар, кемеден түсіп жағаға шығайық. Мынаны қараңдар,

үйрек торға түсіп қалыпты. Үйректің жанында хат жатыр, оқып көрейік.

  • Біз үйректі құтқару үшін, хатта берілген сұрақтарға жауап беруіміз

керек.



Сұрақтар:

1. Қоршаған дүние деген не?

Жауап (Айналадағы табиғат, нәрселер және заттар – бұл сені қоршаған дүние).

2. Өлі табиғатты ата?

Жауап (Күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз, бұлардың бәрі өлі табиғат).

3. Тірі абиғатты ата?

Жауап (Адамдар, жан-жануарлар, құстар, өсімдіктер, балықтар т.б. жатады)

4. Үй құстарына нелер жатады?

Жауап (Тауық, әтеш, үйрек, қаз).

5. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

Жауап ( 3 топқа бөлінеді, ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер).

6. Есту мүшесі не?

Жауап (Құлақ).

7. Көру мүшесі не?

Жауап (Көз).

8. Әр топқа жататын жануарларды табу (суретін ілу)

Қос мекенділер

Бауырмен жорғалаушылар

Бунақ денелер

Аңдар

Құстар

Құрбақа, бақа

Жылан, тасбақа, кесіртке, қолтырауын

Қоңыз, көбелек, шыбын, маса т.б.

Жолбарыс, арыстан, қоян, түлкі, қасқыр т.б.

Аққу, көгершін, тырна, ұйрек, қаз, т.б.

  • Жарайсыңдар, балалар, тапсырманы өте жақсы орындағандарың үшін

үйректе тордан босады.

  • Қане, саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Кемеге отырайық.

  • Құр отырмай әр топ мақал-мәтелдер айтып жарысайық.

  • Балалар, міне «Әліппе» аралына да келіп жеттік, қане жағаға шығайық.

  • Мұнда үлкен бөгет қойылған екен, біз келесі аралға қалай өтеміз?

  • Мұнда да бір хат жатыр, балалар, оқып көрейік.



Сұрақтар:

1. Әріп деген не?

Жауап (Көзбен көреміз, қолмен жазамыз).

2. Дыбыс деген не?

Жауап (Аузымызбен айтамыз, құлағымызбен естиміз).

3. Әріптен не құралады?

Жауап (Буын).

4. Сөзден не құралады?

Жауап (Сөйлем)

5. Елбасы кім?

Жауап (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

6. Мемлекетіміздің рәміздерін ата?

Жауап (Елтаңба, Ту, Гимн)

7. Қазақстан Туынды не бейнеленген?

Жауап (Тудың ортасында, көгілдір түс аясында бейбітшілік рәәмізі – күн

бейнеленген. Күннің төменгі жағында бостандықтың рәмізі – қыран

бейнеленген. Сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар)

8. Табиғат, көгершін, Аслан, қыран, бүркіт сөздерін жазбаша буынға бөлу.

9. Мәтіндерді мәнерлеп оқу.

  • Міне, балалар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, енді мына

бөгетті алып тастап, саяхатымызды ары қарай жалғастыруымызға болады.

  • Кемеде отырып бәріміз бірге ән шырқайық (хор. «Оқуда озат

боламыз»).

  • Міне, балалар, «Математика» аралына да келіп жеттік.

  • Балалар, мына гүлді қараңдаршы солып қалыпты, біз гүлге көмек

көрсетуіміз керек. Гүлге көмектесу үшін біз тапсырмаларды орындауымыз керек екен.



Сұрақтар:

1. Қазақ халқы қандай сандарды қасиетте деп есептейді?

Жауап (3, 5, 7, 9 себебі, бабаларымыз бұл сандарға ерекше мән берген.

Мысалы, Абай атамыз өз өлеңінде 5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, 5 асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым деп жазып кеткен).



2Shape4 Shape3 . Неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?

Shape5

Жауап (Үш үшбұрыш, үш төртбұрыш бар).



3. Сәуле дегеніміз не?

Жауап (Бір жағы тұйықталған екінші жағы тұйықталмаған сызық).

4. Кесінді дегеніміз не?

Жауап (Екі жағы да тұйықталған сызық).

5. Қосылғыштардың бірі 2 болатын қосындыларды жаз және мәндерін тап.

Жауап ( 1+2, 2+5,...).

6. Азайтқышы 2 болатын айырмаларды жаз және мәндерін тап.

Жауап ( 4-2, 5-2, 6-2,...).

7. Мәні 9 болатын теңдіктер құрастыр.

Жауап ( 4+5, 2+7, ...).

8. Мәні 10 болатын теңдіктер құрастыр.

Жауап ( 5+5, 4+6, ...).

9. Апта күндерін ата

Жауап (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

  • Жарайсыңдар, балалар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, енді

гүлді суғаруымызға болады.

  • Ал, балалар енді кемемізде әркім өз тобына отырсын.

Мұғалім: Әр топ берілген тапсырманын мазмұнын аша білді. Сендерге

көп рахмет.

Әліппе: Ал, балалар, рұқсат болса мен кетейін. Мені жақсы меңгерген

екенсіңдер! Рахмет сендерге.

Оқушы: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адамсанатына енгенім.

Оқушы: Әліппемен қош айтысып қалдық біз,

Енді қолға басқа кітап аламыз,

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Мұғалім: Балалар, Әліппемен қоштастық. Енді қандай оқулықты оқитын

боламыз?

Оқушылар: «Ана тілі»

Мұғалім: Олай болса, ортаға «Ана тілін» шақырайық

Ана тілі: Армысыңдар, жас достар! Менің атым – «Ана тілі». Енді мені

оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

Оқушы: Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз,

Ана тілін бағаласақ қалай біз

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе

Анасынан безген ұл деп қараңыз.

Мұғалім: «Қош бол, сүйікті Әліппем» ертеңгілігіміз аяқталды!

(құттықтау сөздер айтылады, қорытындылайды)











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі