жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Қош келдің - Жаңа жыл!"
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, Құрметті
қонақтар!
2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты
шәкірттер.
1-жүргізуші
О, жарандар, қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Тыңдамағандар тыңдаңыздар
Қызықтаңдар, сайрандаңдар,
Келді, міне , сағындырып далама
Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып
Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып
Кәне, кәне келіңіздер
Бір би салып беріңіздер!
Маскарадым басталды,
Би билеңдер, ән салып
Мейрамдаңдар, сайрандаңдар
Жаңа жылды қарсы алып
2-ші жүргізуші:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен келіп тұр!
Ойындағы бар мейірім, шуағын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.
2) Ел
байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.
Бұл
салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
2 сынып оқушыларын ортамызға.
1-жүргізуші
Бәрекелді, Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз
көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз
деген үмітіміз бар.
2-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, бүгінгі
кешімізді ашып беру үшін мектебіміздің басшыларына сөз
берейік
2-Жүргізуші: Балалар әлдебір дыбыс естіледі сырттан, жүгіріп келе жатқан аяқ дыбыстары естіле ме қалай өзі?
(Ақшақар жүгіріп кіріп келеді.) Балалар мен
алыстан жүгіріп келемін, қатты шаршадым, мені
үлкен бір
тышқан қуып келе жатыр, сендер маған көмектесіңдерші,
мені тығып қоя аласыңдар ма?
Балалар: Ия,біз сізді тығып қоямыз
(Үлкен
тышқан жүгіріп кірді): Қайда әлгі Қарша қыз, маған тез
тауып беріңдер, маған оның сұлулығы керек, тез тап, сендер оны
тығып қойдыңдар ғой я?!
О,о,о мынау не, бұл жерде не болып жатыр ал,
мен неге білмеймін?!
1. Әдемілеп тізілген,
Қауын-қарбыз ба ілінген?
Балалар: Жоқ, ойыншықтар
2. Әсем екен шыршамыз
Шауып оны аламыз. (шаппақшы болып жақындаса) балалар
жоқ! дейді.
1-Жүргізуші: Қане қонақ
біз сізбен келісіп ойын ойнайық, біз саған жұмбақ
жасырамыз, сен жауабын табасың, егер тапсаң бізбен бірге жаңа жылды
қарсы аласың. Ал, егер де жауабын таба алмасаң бұл жерден өз үйіңе
қайтасың.
Жалмауыз кемпір: Жарайды, қане кез келген жұмбақтарыңды жасырыңдар,
мен бәрін шеше аламын, мен ақылдымын.
5 - оқушы
Қабат – қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Пырағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін. (кітап)
Микки
маус: Қабат – қабат ол не екен?
Сөйлейді ме? Ол
радио!
2-Жүргізуші: балалар ол не? Дұрыс кітап.
Қысы –жазы суға тола. Ол не?
(Микки
Маус алдына шығып)
- Мен білемін. Ол
горшок!
Бәрі күледі.
2-Жүргізуші: Таппадың, ол құдық. Микки
Маус біз
жаңа келіскендей, сен жұмбақты шеше алмадың, енді өз үйіңе қайту
керек саған.
Микки
маус: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды
тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге
күшті ойын ойнатам. Сендерге күшті би билеп берем, мен қалайыншы
сендермен.
1-Жүргізуші:
Ал, қанеки достар келісеміз бе?
Балалар: Ия, келісеміз!
1-Жүргізуші: Жас
достар! Мынау өтіп бара жатқан жылда мол бақытқа жетіп, көп
қуанышқа бөлендіңдер ! Жаңаша қуаныш әкелетін Жаңа жыл да жақын.
Әне, көңілді уақыт та келіп жетті.
2-Жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп,
алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып
тұрмыз.
1-жүргізуші:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Аяз ата
,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
2-Жүргізуші: Айтыспай – ақ ән орындап, әнмен
шақырайық.
Хор: Жаңа жыл
әні
Аяз ата:
Сәлем саған өрендерім сүйікті!
(Басын иіп) Амансыңдар ма, балалар
Сәлеметсіздер ме? Қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!
Ал, балаларым, мен қанша күн жол жүріп келемін, қасымда ерген Қарша
қызымды жолда жоғалтып алдым. Жаман
адамдардың қолына түсіп қалды ма деймін,
ол мында жоқ, енді қайда жүр екен, сендер көрген жоқсыңдар ма
балалар?
(Ақшақар орнынан шығып келеді): Мен мұндамын ата, мені
балалар Үлкен
тышқаннан құтқарып қалды, рахмет сендерге балалар!
Аяз ата: Ой, қандай жақсы балалар, рахмет сендерге
балапандарым!
1-Жүргізуші: Аяз
ата қаншама жол жүріп келдіңіз, мына орындыққа отырыңыз!
2-Жүргізуші:
Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай ел, талай халық
Келген сайын көңілді өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы көшің
Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен
Қазақ деген халықтық несібесін!
1-Жүргізуші: Қане достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға
саламыз деп келіскенбіз! Олай болса, Жаңа жылды қарсы алып өз
туындысынан шығарған ақын жігіттерімізді шақырсақ
1-оқушы
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған барша жан бәрімізге
2-оқушы
Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт –береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
3-оқушы
Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Армысың, аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ит
жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
4-оқушы Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз.
Билейміз де ойнаймыз,
Балғын ұл-қыздармыз
Жаңа жылдай жайнаймыз
Жарқын жұлдыздар
7-оқушы:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
8-оқушы:
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
9-оқушы:
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды.
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды.
10-оқушы:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз.
11-оқушы:
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын !
2-Жүргізуші:Жас
достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік
болсын. Бұл жылы да елімізде тыныштық болып ырыс –құтымыз
азаймасын!
Ортаға биші қыздарыңыздың биін тамашалаңыздар!
Би:
Қуыршақ
1-Жүргізуші: Айтпақшы, балалар бізге Микки
Маус уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, қане сол
ойынды ойнайықшы.
Микки Маус:
Бұл ойын «Алдау ойыны» деп аталады.Мен сендерді алдаймын, сендер
қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап
қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.
Мен мұрынымды ұстадым! 1,2,3! ( өзі құлағын ұстайды)
- Мен басымды ұстадым 1,2,3! (иығын ұстайды)
Мен құлақты ұстадым 1,2,3! ( бетін ұстайды)
Мен қолымды жасырдым 1,2,3! ( өзі қол соғады)
Микки
Маус:
Балалар, ішімізде алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, қане
өздері шығып айбын өтесін.
Би: Батырлар
Хор: Шырша әні
12-оқушы:
Жаңа жылға арналады жаңа жыр
Жаңа жылда шақырады бар өмір
Бақыт болып жаңа жылым келді ғой
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл
13-оқушы:
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл
Қарсы аламыз біз сені
Ақ көңілмен, ақ пейілмен
Баршамыздың төрінде .
14-оқушы
Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа
Қадам басты, ұрлана да нұрлана
Жүректерде лүпілдейді жас үміт.
Ашылады – шашылады бүр жаңа
Кәне. Достар, көтерейік иықты
Аңсайықшы қыран самғар биікті
Би: Сарбаздар
Ойын: «Қолшатыр кімге тиеді?» Ойын шарты: Ортада бес қолшатыр қойылады. Алты оқушы ортаға шығып, музыка әуенімен билейді. Музыка тоқтаған сәтте бір-бір қолшатырдан ұстап қалу керек. Кім қолшатыр ала алмай қалса, сол ойыннан шығады.
2-Жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-Жүргізуші:
Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейміз бәріміз
Ән: Жаңа жыл әні
Би: Көңілді күн
Ойын: Кім жеңімпаз болады?
3 сыныптан үш оқушы шығады
2-Жүргізуші:өтіп бара жатқан Тауық жылы қандай жақсылық әкелді, ал,
Жаңа жылдағы «Ит» бізге не жақсылық әкеледі?
Ендеше, ортаға «тауық жылы мен
ит жылын» шақырайық.
Тауық:
Ит: –
Сәлеметсіздер ме! Биыл менің де жылым келіп жетті сіздерге. Мен
сіздерге бар жақсылықты әкелдім! Сіздерге қысқаша айтып өтейін.
Биыл, жылан жылы, бұл жылы еліміз тыныш болады, ақ мол болады, ауа
райы бір қалыпты жылы қалпында болады.
1-Жүргізуші: Рахмет тауық!
Тауық:
Қош келдің, Жаңа жылым,
Көп болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый еттім.
Жаңа нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын !
Жаңа Жыл:
Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
2- Жүргізуші:
- Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен
Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім
Мен саған әнім менен гүл өрейін
Осы сәт кімге бақыт тілеймін.
Халқымның амандығы саулығы үшін
Көңілді бір көтеріп жіберейін.
Ойын: Ата-аналармен
ойын
-
Сандықшадан сөздер алып, сол сөздерді мимикамен түсіндіріп жеткізеді, балалар оны табуы тиіс(алғыс айту, ұрысу, өкпелеу, ескерту, жақсы көру, шақыру, жылау)
-
Тағы да сөздер таратылады, ата-аналар сол сөздерге қатысты мақал-мәтелдер немесе ән орындап береді
-
Ойынға қатысқан ата-аналардың аяқтарына шар байланады. Музыка қойылып, ата-аналар билеп жүріп қарсыластарының шарын жарулары тиіс
Ән: Арысымның арулары
Би: флешмоб
Аяз ата: Ал, балаларым, біраз сендердің өнерлеріңді тамашаладық,
бізді тағы да сендер сияқты балалар күтіп отыр, оларды да
қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет сендерге балалар. Енді
сыйлығымызды алайық.
1-жүргізуші:Ал,
Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар
жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік
Балалар: Сау болыңыз!!!
2-жүргізуші Қымбатты достар, қонақтар!
Міне, Жаңа 2018жыл
да келді. Ал 2017 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды.
Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке.
Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра
отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты
күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін
беретініне сенеміз.
1-жүргізуші:
Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен
береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы
қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл
баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген