Сабақтың
тақырыбы:
«Қош келдің, Наурыз!»
Сабақтың
мақсаты:
Лексикалық
тақырыпқа сүйене отырып, грамматикалық
білімдерін де дамыту, оқушылардың ойын
қазақ тілінде жеткізуге жетелеу.
Міндеттері:
1.
Грамматикалық тапсырмалар орындай
отырып, Наурыз мерекесінің қыр - сырымен
таныстыру.
2. Қазақ тілінде жүйелі
сөйлеу дағдыларын арттыру.
3. Ұлттық
салт - дәстүрімізді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
тақырып бойынша әңгімелеседі, тапсырмаларды
орындайды. Өз бетімен жұмыс жасап,
тәуелдеуді, септейді, фонетикалық талдау
жасайды. Сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібін үйренеді.Сабақтың түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың
әдіс - тәсілі:
топтық жұмыс, іздену, дәлелдеу,
қорғау
Керекті
жабдықтар:
кеспе қағаздар, суреттер
Сабақтың
барысы:
І.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу
-Сәлеметсіңдер
ме, балалар!
-Көңіл-күйлерің
қалай?
-Бүгінгі
сабаққа сендерге сәттілік тілеймін.
Бүгінгі
біздің сабағымыздың тақырыбы: құстар
және бұл тақырыпты наурыз мейрамымен
байланыстырамыз. Сабақта топпен жұмыс
жасаймыз, сабағымыз шығармашылыққа
толы болады. (зерттейміз, мазмұнын
айтамыз, қағаздан заттар жасаймыз)
ІІ.
Топқа
бөлу:
1
ден 3 ке дейін санау арқылы топқа бөлу.
Топқа баға беремін, топқа берілген баға
әр біреуіңе қойылатын болады.
III.
Үй
тапсырмасын тексеру. Құстар.
ҮI. Жаңа
сабақ «Қош
келдің, Наурыз!»
Наурыз
ай көктем мезгілінде келеді. Көктемде
күн жылынады, жылғалардан су ағады,
ағаштар бүршік атып құстар жылы жаққа
ұшып келеді. Қазақ халқының өмірінде
ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп,
келе жатқан мейрамның бірі – наурыз
күні. «Наурыз» деген сөз парсы сөзі.
Парсының нау – жаңа, рыз – күн, яғни
«жаңа күн» деген сөзінен шыққан.
Наурыз
–жыл басы. Наурыз - жаңа жыл. 22 наурыз
күн мен түннің теңесетін уақыты. 22 наурыз
күні адамдар бір-бірімен кездескенде
«Наурыз құтты болсын!», «Ақ мол болсын!»
деп тілек айтады. Әр үйде дастарқан
жасалады, ең басты Наурыз тағамы –Наурыз
көже пісіріледі. Би билейді, ұлттық ойын
ойналады, ән айтылады. Наурыз мерекесі
көңілді өтеді. Ақсақалдар бата береді.
Жаңа
сөздермен жұмыс (оқу,
көшіріп жазу,сөз тіркесін, сөйлем құрау
)
Жылынды
– потеплело
Құстар
– птицы
теңелу
– приравниваться
парсы
- персидское
көже
– коже
өткізу
– проводить
шақыру
– пригласить
ҮI.
Тапсырмалармен
жұмыс:
1-тапсырма,
барлық топқа бірдей беріледі.
Көкқұс
(наурызкөк)
Наурыз
айында көкқұс ұшып келеді, халық оны
наурызкөк деп те атайды. Ол наурыз
мейрамының белгісі іспеттес. Халықтың
айтуы бойынша көкқұс бақыт құсы болып
саналады. Адамдар оны тағатсыздана
күтеді, көрген бетте «Қош келдің,
Наурызкөк» деп тамақтандырып, үркітіп
алмауға тырысады.
Коккұс
- символ Наурыза. В месяц наурыз прилетает
и Синяя птица – коккұс, в народе ее еще
называют наурызкок. Она является ярким
символом праздника Наурыз. Согласно
народномуповерью Коккұс считается
птицей счастья. Люди ждут ее с нетерпением,
увидев – приветствуют словами «Добро
пожаловать, Наурызкок!», подкармливают,
стараются не спугнуть.
Наурыз
айында келетін құс қалай аталады?
Құс
ұшып келгенде қандай сөз айтады?
Халықтың
айтуынша ол қандай құс?
(сұраққа
жауап беріп жауабын дәптерге жазады,
құстың суретін жапсырады тақтаға) жақсы
жауап берген топқа ұпай беріледі.
2-
тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
I
топ:
Киіз
үйдің макеті
II
топ:
Домбыра
макеті
III
топ:
Ою
суреті
(көрмеде
тұрған заттарды түсіндіріп атап кету)
3-тапсырма.
Пазл
құрау.
1.
Пазл құрау. ( әр топқа пазл таратылады)
2.
Құралған пазл атауына грамматикалық
тапсырмалар орындайды.
(
Топтан бір оқушы тақтада орындайды,
басқа топ мүшелері дәтерлеріне орындайды.)
I
топ: «Асық» сөзін
жекеше тәуелдеу.
II
топ: «Тақия» сөзін
септеу.
III
топ: «Көже» сөзін
көпше түрде тәуелдеу.
VII.
Қорытындылау. «Дара диаграммасы»
. Наурыз
дегеніміз не?
VIII.
Үйге тапсырма.
Күнделікті
енді ашайық
Үй тапсырмасын
жазайық
Бүгінгі алған білімді
Ұмытпай
есте сақтайық
Сөздікті
жаттау. Жаңа
сөздерді қатыстырып шағын әңгіме құрау.
Бағалау: Мұғалім
ауызша айтады
Кері
байланыс: Смайликтер
арқылы
кері байланыс орнату