жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Қош келдің НаурызҰзынсары
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Мұғалімнің аты-жөні: |
Исламова Гульбану |
|||||||
|
Пән/Сынып: |
Әдебиеттік оқу 2-сынып |
|||||||
|
Қай аптаның нешінші сабағы |
-апта, 68-сабақ |
|||||||
|
Тарау немесе бөлім атауы: |
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Қош келдің, Наурыз! |
|||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қабдеш Жұмаділов. Ұзынсары |
|||||||
|
Оқу мақсаты: |
2.2.9.1. Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп,жоспар құру |
|||||||
|
Бағалау критерийі: |
|
|||||||
|
Саралап оқыту тапсырмалары |
||||||||
|
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі |
Бірлескен жұмыс Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
Жеке жұмыс Наурызға тілек |
||||||
|
Уақыты |
Кезеңдері |
Тапсырма |
Тапсырманың мақсаты |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
|
2 минут |
Ұйымдас тыру |
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Қазір әдебиеттік оқу пәні. Тақырыбы:Қош келдің Наурыз! Ұзынсары. |
Көңіл-күйлерін көтеру |
|
Презентация №1 |
|||
|
8 минут |
Білу және түсіну Қолдану Жаңа сабақ |
«Ой қозғау«Сұрақ-жауап» әдісі.
-Ұзынсары сөзін естігендерің бар ма? -Ұзынсары дегенде көз алдыңа не елестеді? Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Дескриптор: -Наурыз туралы өз ойларын айтады -Ұзынсары туралы өз ойларын айтады; ҚБ: « Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау Мәтінмен жұмыс: «Ұзынсары» мәтінін оқу. Мәтінді дауыстап оқып беру. 1 тапсырма .Мәтінге жоспар құру. 1.Томпиған сүйкімді шұжық 2.Ұп-ұзын сары кісінің қонаққа келуі 3.Апамның күлкісі 1.Мәтінде томпиған сүйкімді шұжық туралы қай бөлігінде айтылған тауып оқы. 2.Ұп-ұзын сары кісінің қонаққа келуі туралы айтылған бөлікті оқы 3.Апамның күлкісі қай бөлікте айтылған, тауып оқы. Дескриптор: -Мәтіннен томпиған шұжық туралы жазылған бөлікті тауып оқиды; -Ұп-ұзын сары кісінің қонаққа келуі туралы айтылған бөлікті тауып оқиды; -Апамның күлкісі туралы жазылған бөлікті тауып оқиды ҚБ: «Шапалақ» әдісі Сен білесіңбе? «Ұзынсары» – көктем мезгілі «Ұзынсары» – көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі күннің ұзара бастайтын уақыты. Үш ай бойғы қыстың суық ызғары кетіп, жер-дүние жаңарады. Халық арасында жылдың бұл мезгілін көкөзек шақ, деп те атайды. Әжелеріміз бен аналарымыз «ұзынсарыға», деп, сүрленген соғымның етін сақтап қояды. Авторы Қабдеш Жұмаділов туралы мәлімет
Сөздік жұмысын жүргізу. Тошала- қыста ет сақтайтын жеке үй. Атағаш- ат байлау үшін орнатылған кесінді ағаш. -Сонымен ұзынсары деген не екен? Дескриптор: Ұзынсары туралы нақты ақпарат алады Қабдеш Жұмаділов автор жайында мәлімет айтады. Мадақтау әдісі арқылы бағалау |
зерттеу дағдыларын қалыптастыру Жаңа тақырыпты түсіну Автормен танысу айдары Сызба |
5 балл Мадақтау 8 балл |
Презентация № 3 Презентация №4 Презентация №5-6 Презентация №7 |
|||
|
6 минут |
Тәжірибе |
Дәптермен жұмыс.
Дескриптор: Құттықтау тілек жазады ҚБ «Шапалақ » әдісі арқылы бағалау |
Берілген тапсырманы дәптерге орындау
|
«Шапалақ» әдісі
|
Презентация №8 |
|||
|
4 минут |
Бекіту Үйге тапсырма Кері байланыс |
ҚБ «Өзін –өзі бағалау » әдісі арқылы бағалау «Ұзынсары» түсінік айту.
Назарларыңызға рақмет! |
Тақырыпты меңгеру мақсатында бекітуге арналған жұмысты орындау. |
|
Презентация №9
Презентация №10 |
|||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген