400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қос сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары


Тақырыбы: Концерттік бағдарлама « Аман бол – асыл қарттарым! »


Мақсаты: 1 – қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып,

жақсы қасиеттерді бойына сіңдіру.

Міндеттері: 1.Оқушыларды үлкенді сыйлап, тыңдай білуге үйрету.

2.Оқушыларды қарттарға әрқашан көмектесуге және іскерліктерін дамыту.

3.оқушыларды үлкенді құрметтеуге, қамқорлық жасауға, мейірімділікке , инабаттылыққа тәрбиелеу.


Ресурстары: (материалдары, көздері)




Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1.Кіріспе :

Жүргізуші: Туркменбаева Гульмира

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Біздің халқымыз ежелден адамгершілікті, инабаттылықты сыйластық пен сыпайылық қасиеттерді өз бойына сіңіре білген, қарттарымызды әрқашан құрметтей білетін дана халық! Бүгінгі «Аман бол – асыл қарттарым!» атты шағын концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер. Құрметті ата - әжелер қазіргі айтылар әнде, би де тек сіздерге арналады.

2.Жүргізуші сөздері :

I жүргізуші: Маткерим Ақылбек

«Үйіңде қартың болса,

Жазулы тұрған хатпен тең

Үй артында төбе болса

Ерттеулі тұрған атпен тең»

IІ жүргізуші: Сынып жетекшісі

«Жаңбыр жаумаса жер жетім

Қарттары болмаса ел жетім

Ұқпаса айтқан сөз жетім.»

I - II жүргізушілер бірге

Аман бол - асыл қарттарым

Азаймасын айтпағың

Қош келдіңіз ортаға

Сәлем бердік баршаға.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1990 жылдың желтоқсан айындағы кезекті отырысында 1 қазан — Қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіп, қарияларымызға құрмет көрсетіледі.

Бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.

Талдау




Іс-шараны өткізудің жоспары

1.Қарттарға арналған оқушылардың тақпақтары, әндері және қойылымдар.

2.Қарттар туралы нақыл сөздер айту.

3.Қонаққа келген қарттарға сөз беру, алғыс айту және марапаттау.

Ақниет:

Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.


Дастан:
Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.


Ақбота:

Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.


Абзал:

Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем


Сымбат:

Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Би: «Қамажай»

Көрініс: Атасы мен немересі

Автор: (Жасмина)

Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:

-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.

- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.

Әкесі өзінің қателігін түсініп, әкесінен кешірім сұрады.

Ән: «Әжем айтқан ертегі»

В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»

Махмуд Қашғари: «жақсы үлкенді қадірлесе – құт болар.»

Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»

Өткен менен кеткенді,

Көп жасаған қарт білер.        Шал ақын.

Ән: «Қасиетті домбыра» Дастан

Көрініс: « Әке мен бала»
Би: Өзбек би (бір топ кыздар)

Қонақтарға сөз беріледі.

І жүргізуші:

- Біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!

ІІ жүргізуші:

Осымен бүгінгі «Аман бол – асыл қарттарым» атты кештігіміз аяқталды.

Сіздерге зор ден – саулық тілейміз!

Қош, сау болыңыздар!




Мұғалім: Туркменбаева Г.Ж.

Директор: Еңсегенова А.У.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.12.2019
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі