400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қос сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Мамандықтар әлемі

Күні: 12.12

Сынып: 4 «Д»

Мектеп: №141 ЖББ мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Еменакынова Шынарай

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қос сөздер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру


Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырып және жауап бере алады;

  • қос сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

Оқушылардың көпшілігі:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;

  • қос сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіре алады;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;

  • қос сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

Бағалау критерийлері

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;

  • қос сөздерді тауып, жасалуын түсіндіре алады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Қос сөз, шеген, шығыр, қауға

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Қандай мамандық түрлері бар?

  • Бұл мамандық иелері сіздердің үйлеріңде бар ма?

  • Қандай мамандық атаулары сендерге таныс емес?

  • Қойшы туралы не білеміз?

Құндылықтар


Мамандық иелерінің еңбегін құрметтей білу

Пәнаралық байланыстар


Әдебиеттік оқу, дүниетану

Алдыңғы білім


Біріккен сөздер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.


Ана тілім, 
Алтын ұям, құндағым, 
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. 
Сенің жырың, сенің әнің айтарым, 
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!



«Мені тап» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді .

Оқушыларды топқа бөлу

«Сиқырлы сандық» арқылы топқа бөлу

1-топ «Біріккен сөздер »

2-топ «Күрделі сөздер »


Топ ережесі

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!



Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін белгілеу.







1-слайд


Сабақтың ортасы

30 мин.


40-жаттығу

Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды.

«Түртіп алу» тәсілі арқылы түсінбеген сөздерін белгілеуін, белгіленген сөздерді «Түсіндірме сөздіктен» табуын ұйымдастырады.

Шеген, шығыр, қауға

Шеген –құдықты шегендейтін құрсау тас .

Шығар- өзен-көлден, құдықтан су тартып, егін суаруға арналған құрылғы . Шығар көбінесе ағаштан жасалады. Оны «ағаш шығар» деп атайды.

Қауға- малдың терісінен не басқа заттардан жасалған, құдықтан су тартып алуға арналған шелек.


1-тапсырма

Көпен Әмірбек туралы мәлімет

Көпен Әмірбеков (29 наурыз 1950 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылы) - журналист, сықақшы.

"Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы.

2-тапсырма

Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жазу.

Үлгі: Әке - шешем қойшы болды.

Жұпта жазған сөйлемдерін тексеріп, өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • сұрақтар құрастырып, жауап береді;

  • күрделі сөздерді тауып жазады;

imektep.kz




Екі сөздің қайталанып айтылуынан жасалған күрделі сөздерді қос сөздер деп атайды. Жазуда қос сөздің арасына дефис (- ) қойылады. Мая -мая, әке -шеше, құрал -сайман.

44- жаттығу. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазу

  • Қос сөздердің құрамындағы сөздерге назар аудару, олардың қалай жасалғанын түсіндіру;

  • Қос сөздердің үш түріне бөліп жазу

Мұғалім оқушылардың қос сөздері бар сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық талапқа сай орындалуын қадағалайды.

Жұптар өзара бір-бірін тексереді.

Бағалау дескрипторы:

  • қос сөздердің жасалуын түсіндіре алады;

  • қос сөздердің түрлерін ажырата алады;


45- жаттығу

Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

  • Қос сөз сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын байқау және қос сөзді құрап тұрған сыңарларын салыстыру

Топта оқушы жазғанын жұбымен тексереді, сонан соң бір оқушы топ алдында жазғанын оқып, дәлелдейді.

Қ.Б:топтар бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • қос сөз сөйлемге қандай мағына үстегенін түсіндіре алады ;

  • қос сөздің сыңарларын салыстыра алады;;


оқулық























imektep.kz















2-слайд



Қосымша№1







Қосымша№2



3-слайд



Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі ұялы телефон арқылы жедел хат жазу .

Үй тапсырмасы

46-жаттығу.

Кестеге қарап, түсіндіру



4-слайд



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі