15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Қос сөздер" 4 сынып
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 1 мин 4 мин 5 мин |
Таңғы шеңбер Көлдей шалқып жас
өмір, -Өлең не жайында? Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойындармен танысуды жалғастырамыз. Сөйлемдер құрап, сұрақтарға жауап береміз.
|
интерактивті тақта
аудиожазба
|
|
Сабақ ортасы 6 мин 7 мин 3 минут 1 минут 2 минут 7 минут |
1. (Ұ) «Көршіңе сұрақ қой» стратегиясы Мақсаты: сұрақ құрастырып және сұраққа жауап беріуге жаттығады. Жұптық жұмыс: - мәтінді оқы; - 2 сұрақ құрастыр, дәптерге жаз; - өзің құрастырған сұрақты келесі оқушыға қой; - келесі оқушының сұрағына жауап бер; Асық ату Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. (ҚБ) Оқушылардың сұрақтары мен жауаптарын тыңдай отырып бағалау. «Stop-кадр» әдісі арқылы тақтадан суреттер көрсетіп, балалардан дұрыс жауабын сұрау. Жауабын дұрыс тапқаннан кейін «Асық туралы» бейнежазба көрсетіледі. Мұғалім әрбір оқушыға асық таратады. Әр оқушы өз асығын тастап алшасынан түскендер 1-топ, бүк түскендер 2-топ, тәйке түскендер 3-топ және шік түскендер 4-топ болып бөлінеді.
Топтық жұмыс. 1-тапсырма «Істеп көрсет» стратегиясы. Топқа берілген ойынды көрсету. Мақсаты: оқығанды түсіну және ұлттық ойын жайлы білімдерін іс-жүзінде қолдану. Нұсқаулық: - мәтінді оқы және түсін; - топта ақылдас; - ортаға шығып көрсет;
1-топ Аударыспақ Бұл ойынға мықты жігіттер қатысады. Олар атқа мінеді. Аттың үстінде отырып тартысады. Аттан құлаған ойыншы жеңіледі. 2 – топ Ақсерек Ойын кең алаңда өтеді. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бір-бірін «ақ серек, көк серек, сізге бізден кім керек» деп сұрайды. Келесі топ «ақ серек, көк серек, сізден бізге (бір баланың атын айтады) керек»деп шақырады. Шақырылған ойыншы қолды үзіп өту керек. 3 - Орамал тастамақ Ойыншылар көздерін жұмып, шеңбер бойы отырады. Жүргізуші орамалды алып, бір ойыншының артына тастайды. Орамал тастағанын сезген ойыншы оны қуып жетіп, орамалмен соғады. Жеңілген ойыншы айыбын тартады. 4 – топ Сақина салмақ Ойыншылар екі-екіден отырады. Жүргізуші сақинаны білдіртпей бір ойыншының уысына салады. Жүргізуші «Сақинам кімде?» деген кезде сақина бар ойыншы атып тұруы керек. Ал көршісі ұстап қалуы керек. Жеңілген ойыншы айыбын тартады. (ҚБ) Әр топ ойынды кезекпен көрсетеді.
2-тапсырма. Сөйлемді аяқта: Сақина салмақ ойынында ойыншылар ...... отырады. (екеуден, төртеуден) Асық атудың бұл түрінде ойыншыда .... асық болу керек. (екі, төрт) Ақсерек ойынында қолды ..... ойнайды. (үзіп, аттап) Орамал тастамақ ойынында ойыншылар ....... отырады. (қатарға, шеңберге) |
Ұлттық ойын «асық» туралы бейнежазба Көңілді сергіту жаттығулары |
|
Сабақтың соңы 5 минут
|
Рефлексия -Кім бүгінгі ойындардың шартын түсінсе, сұрақ құрастырса және сұрақтарға жауап бере алса, екі қолын да көтереді - Жартылай білсе, қолдырын беліне қояды - Түсінбесе, қолын жай қояды.
|
«Қара жорға» биі
|






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген