400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қос сөздер" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұстаздарға өз септігін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№25 ЖОББМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Бишаева Асел Рамазановна

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 4

Сабақтың атауы

Қос сөздер

Мақсаты


Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен таныстыру. Бір сөздің

қайталануынан жасалатын қайталама қос сөзбен таныстыру. Қос

сөздердің сөйлемнің мағынасын байытудағы рөліне көздерін жеткізу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық.
Қазақ тілі – бал тілім,
Өзің барда шалқимын,
Тілімнен нәр табармын, 
Тіліме кім тағар мін

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Кейбір сөздер екі сөздің қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис (-) қойылады: қора - қора, бүгін - ертең, әке - шеше, үлкен - кіші, алыс - жақын.

Терме диктант.
Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, жалт - жұлт.

Сергіту сәті

«Ақ бұлақ» биі

Жаңа сабақ

-Қос сөздер тілімізде жаңа сөз жасаудағы басты тәсіл.

Мысалы:Бет-аузын екі білегімен кезек-кезек сүртті.

-Сөйлемдегі қос сөздерді атаңдаршы.

-Қалай жасалып тұр?

-Бетін сүртті деп айтсақ қандай мағынаны білдіреді?

-Бетін сүртті немесе аузын сүртті деп, бұларды жеке-дара күйінде айтсақ, тек бетін не аузын сүртіп қойғанын аңғарамыз. Ал бет-аузын сүртті деп қосарлап айтсақ, жалпы жинақтау, көптік мағынада жұмсалады.

Сол сияқты кезек сөзі түбір тұлғада бір ғана қимылдық ұғымды білдірсе, кезек-кезек дегенде, көптік ұғым, қимылдың әлденеше рет қайталанғанын білдіреді.

-Сол сияқты гүрс етті бір заттың құлағанын білдіреді, ал гүрс-гүрс етсе құлаудың бір емес, бірнеше рет үсті-үстіне болғанын білдіреді.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Күрлелі сөздерді оқытып, мағынасын түсіндіру.

Олардың қалай жасалғанын сұрау.


! Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз дейді. Қос сөздің арасына (-) дефис қойылып жазылады.

Мысалы: ата-ана, кәрі-жас, үп-үлкен, дүркін-дүркін, жарқ-жұрқ, бет-бетімен.

2-жаттығу.

Сөйлемдерді оқып, көшіріп жазу. Қос сөздердің астын сызу.


Қазы-қарта, жал-жая, бұрқ-бұрқ, жігіт-желең, кәрі-құртаң, тыпыр-тыпыр, азық-түлік, киім-кешек, құрал-сайман, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа.


-Қос сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Жасалу жолына назар аударайыық.

-Қос сөздің біріккен сөзден қандай айырмашылығы бар?


3-жаттығу.

-Суретке қарап, заттардың атауларын қос сөзбен айт.

*Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жазу.


Ыдыс-аяқ, құрал-сайман, газет-журнал.


4-жаттығу.

Төмендегі сөздерді мағынасына қарай өзара үйлесімді сөздермен тіркестіріп, қос сөз жаса.


алыс-жақын алпыс-жетпіс

арпа-бидай ағайын-туған

сарт-сұрт қант-шай

жоғары-төмен тату-тәтті


-Қос сөздің мағынасын құрамындағы сөздердің жеке тұрғандағы мағынасымен салыстырып, өзгешелігін айт.

Рефлексия

Кеспе қағаздармен жұмыс
1 - тапсырма
Өлеңнен қос сөздерді тап.
Көк құтандар көлбеңдеп
Көтеріле алмайды
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп
Көк қояндар зулайды.

2 - тапсырма
Мақалдан қос сөздерді тап.
Көре - көре көсем болады,
Сөйлей - сөйлей шешен болады.

3 - тапсырма
Осы өлеңнің ішінен қос сөздерді тап.
Сеңгір - сеңгір таулардан
Секіріп Бурыл гуледі.
VІ. Жұмбақтар сайысы.
1. Қабат - қабат киінген
Төбеден шашы түйілген
Жеп көріп ем өзінен
Жас шығарды көзімнен
(Пияз)

2. Жерге тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады.
Шешуін кім табады?
(Жаңбыр)

Үш топқа үш тапсырма
Берілген сөздерден қос сөздер жасау.
1 - топ ---------------- 2 - топ ----------------- 3 - топ
Дұп - дұрыс -------- қап - қара ------------- сап - сары
Қып - қызыл ------- моп - момақан ------- сүп-сүйкімді

Үйге тапсырма

5-жаттығу. (71-бет)


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Рисунок 796

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
614
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі