Қазақ
тілі
Тақырыбы:Қос
сөздер
Мақсаты:
Білімділігі:Күрделі сөздердің
барлық түрлерімен таныстыру.Қос сөздің екі түрі болатынын және
олардың жасалу жолдары туралы мағлұмат беру.Оларды ажырата білуге
машықтандыру.
Тәрбиелілігі:Шапшаңдылыққа,ұқыптылыққа,әдептілікке,аңғарымды
болуға баулу. Өз ойын,пікірін еркін дәлелдеп жеткізіп айта білуге
дағдыландыру.
Дамытушылығы:Есте сақтау және
жатқа жазу қабілеттерін жетілдіру.Сызбамен жұмыс істеу арқылы
шығармашылық ойлау деңгейін дамыту.
Түрі: Жаңа
сабақ
Әдісі: дәлелдеу, салыстыру,
топтастыру, сызба құрастыру, ойын, жатқа
жазу,
шығармашылық
тапсырма.
Көрнекілігі: интерактивті
тақта, слайдтар, сызбаға қажетті кеспе
парақшалар.
Жүрісі:
I.Ұйымдастыру
Психологиялық
дайындық
Біз білімді
боламыз
Айтқан тілді
аламыз
Сабақты үнемі жақсы
оқып
Кілең бестік
аламыз.
II.Жаңа
сабақ
1.Жеке парақшаларға жазылған
сөздерді пайдаланып сызба құрастыру.
Күрделі
сөздер

Біріккен сөздер Қос сөздер
Қысқарған сөздер Тіркескен сөздер

Қайталама қос сөздер Қосарлама
қос сөздер
Сұрақ: -Күрделі сөздердің
барлығына ортақ анықтаманы айтып
берейікші.
Ой қозғау: -Қайталама қос
сөздер мен қосарлама қос сөздер дегеніміз қандай сөздер? Атынан
аңғаруға бола ма?
2.Олардың жасалу жолдарын
түсіндіру
|
Қайталама қос
сөздер
|
Қосарлама қос
сөздер
|
|
1)үлкен-үлкен,
тікен-тікен
2)көзбе-көз
,бір-біріне
3)қалт-құлт,жалт-жұлт,сатыр-сұтыр
4)қоп-қою,ап-ащы
|
1)ашу-ыза,тәлім-тәрбие
2)үлкенді-кішілі,ілгері-кейін
3)бала-шаға,көрші-қолаң,емін-еркін
4)ығы-жығы,бірен-саран,оқта-текте,
анда-санда
|
3. «Байқап көр»
49-жаттығу
Қора-қора қой
жатыр
Қарын-қарын май
жатыр
Түйе-түйе жүн
жатыр
Ауыл-ауыл ел
жатыр
Тапсырма: Күрделі сөздерді
тап.Олардың қалай жасалып тұрғанын байқа.Мағынасын түсіндір.Күрделі
сөздің бір сыңарын алып тастап айтып көр.Сонда нені
байқадың?
Сұрақ: Қос сөздер қандай
сөздермен тіркескен?Сөз тіркесін табайық.
4.Ереже қорытып
шығару.Оқулықтағы ережені оқып,жатқа айту.
5. «Жатқа жаз»
50-жаттығу
Көре-көре көсем
боларсың
Сөйлей-сөйлей шешен
боларсың.
Тапсырма: Қос сөздердің астын
сыз.Қос сөздердің бір сыңарын алып тастаса,сөйлем мағынасында
қандай өзгеріс болады?
6.Сергіту
сәті
Орнымыздан тұрайық Артқа қарай
бір адым
Шеңбер жасап алайық
Жоғары-төмен қарайық
Алға қарай бір адым Орнымызды
табалық.
7. Тақтамен жұмыс. «Топтай
біл» 51-жаттығу
Берілген қос сөздерді тақтаға
екі топқа бөліп жазады.(қайталама және қосарлама қос
сөзге)
Биік-биік,ыдыс-аяқ,кіп-кішкене,анда-санда,қарқ-қарқ,жап-жасыл.
Тапсырма: Қос сөздердің
құрамындағы сөздерге назар аудар.Өздері қалаған қос сөздерді
қатыстырып сөйлем құра.
III Жаңа сабақты
бекіту
1.«Салыстырып үйрен»
52-жаттығу
Тапсырма: Қарамен жазылған
сөздерді қос сөзге айналдырып,сөйлемдерді көшіріп жаз.Қос сөз
сөйлемге қандай мағына үстегенін байқа.Қос сөз құрап тұрған
сыңарларды салыстыр.
2.Шығармашылық тапсырма
«Ойлан,тап!»
Анасына баласына
.............. шаршады.
Мектеп жанына .............
жиналды.
Асқар ағаштарды
............... етіп кесті.
Тапсырма: Керекті бірнеше қос
сөздерді ойлап тауып көр.
IV Сабақты
қорытындылау
1.Ойын: «Өз орнын
тап»
Тапсырма: Кестеде берілген
сөздерді сызбадағы күрделі сөздерге апарып
орналастыр.
Берілген сөздер: км, тасбақа,
әке-шеше, топ-топ, көзді ашып жұмғанша.
2.Ереже
қайталанады.
V Үйге
тапсырма
82-бет 53-жаттығу.Қосымша
тапсырма: Тұрақты тіркестер жазып келу.
VI
Бағалау.