Батыс
Қазақстан Облысы
Сырым
ауданы Құспанкөл ауылы
Құспанкөл
бастауыш мектебі
Журалиева
Акнур Жумагелдиевна
Сабақтың тақырыбы: Қос
сөздер
Сабақтың
мақсаты: Сөйлемнің ішінен бір сөздің
қайталануы арқылы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы қос
сөздерді табу. Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін, логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту. Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: жаңа сабақты
меңгерту
Сабақтың
түрі: жарыс
сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой
қозғау, топпен жұмыс
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, дидактикалық
ойындар
Сабақтың
барысы
І. Ұйымдастыру
бөлімі.
Психологиялық
дайындық
Мақсатымыз білім –
алу
Міндетіміз –
еңбектену
5-ке қолды
жеткізу
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру
6-жаттығу.
ІІІ.Жаңа
сабақ
Оқушыларды екі топқа бөліп,әр
топқа шаблондар үлестіру.
1-топ. «Әріп»
тобы
2-топ. «Дыбыс»
тобы
Кейбір сөздер екі сөздің
қосарлануы арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос
сөздің арасына дефис (-) қойылады. Мысалы: қора-қора, бүгін-ертең,
әке-шеше, үлкен-кіші, алыс-жақын.
ІҮ. Дәптермен
жұмыс.
Күннің жадын
жазу.
Терме
диктант
Қос сөздерді теріп
жазу.
Түйеқұс, ата-ана, үйір-үйір,
қосаяқ, бала-шаға, алабота, анда-санда, Темірқазық,
жалт-жалт.
Ү. Оқулықпен
жұмыс.
1- жаттығу. Төмендегі күрделі
сөздерді оқып, мағынасын түсіндір. Олардың қалай жасалғанын
айт.
Алуан- алуан, бақа-шаян,
үлкен-кіші, жап-жақсы, оқта-текте, былқ-сылқ, бүгін-ертең,
көре-көре.
2- жаттығу. Сөйлемдерді оқып,
көшіріп жаз. Қос сөздердің астын сыз.
1.Қазы-қарта, жал-жая қазанда
бұрқ-бұрқ қайнайды. 2.Үйге кірмеген жігіт-желең, кәрі-құртаңдар –
өз алдына бір топ. 3.Балконның есігін ашып еді, еденге тыпыр-тыпыр
етіп жатқан әлдебір құсты көрді. 4.Арбамыз толған азық-түлік,
киім-кешек, құрал-сайман еді. 5. Бақа шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаны
тілімен қағып жейді.
Кеспе қағаздармен
жұмыс
1-тапсырма
Өлеңнен қос сөздерді
тап.
Көк құтандар
көлбеңдеп
Көтеріле
алмайды
Жалғыз- жалғыз
ербеңдеп
Көк қояндар
зулайды.
2-тапсырма.
Мақалдан қос сөздерді
тап.
Көре-көре көсем
болады,
Сөйлей- сөйлей шешен
болады.
3-жаттығу. Суретке қарап,
заттардың атауларын қос сөзбен айт. Осы сөздерді қатыстырып,
сөйлемдер құрастырып жаз.
Ыдыс-аяқ, құрал-сайман,
газет-журнал
4-жаттығу. Төмендегі сөздерді
мағынасына қарай өзара үйлесімді сөздермен тіркестіріп, қос сөз
жаса. Қос сөздің мағынасын құрамындағы сөздердің жеке тұрғандағы
мағынасымен салыстырып, өзгешелігін айт.
Ү. Жұмбақтар
сайысы.
1.Қабат-қабат
киінген
Төбеден шашы
түйілген
Жеп көріп ем
өзінен
Жас шығарды көзімнен
(пияз)
2.Жерге тырс-тырс
тамады,
Сайға қарай
ағады.
Шешуін кім табады?
(жаңбыр)
ҮІІ.
Ой-толғаныс.
Үйрендік
Қос
сөздер
Ережесін айту. Мысалы:
қора-қора, бүгін-ертең, әке-шеше, үлкен-кіші,
алыс-жақын.
ҮІІІ. Үйге тапсырма
беру.
5-жаттығу, ереже
жаттау.
ІХ.
Бағалау.
Жеңген топты
марапаттау.
Сабаққа араласқан оқуларды
бағалау.