400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қос сөздерді қайталау" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне өте қажет. Қос сөздер тақырыбын қайталауға таптырмас сабақ жоспарын ұсынып отырмын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі

Күні: 08.12.15

Сынып: 4 «а»

Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер. Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы ерекшелігін түсіндіру. Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуді, сөздерді қос сөздерге айналдыра білуді меңгерту, оқушыларды қос сөздер тақырыбынан алған білімдері бойынша топқа бөліп жарыстыру;

  2. Дамытушылық: оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды топ ішінде ұйымшыл болуға, ізденімпаздылыққа , ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Сабақтың формасы: жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық, жеке жұмыс, көрнекілік, слайд, ойын түрлерін пайдалану, талдау-жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, қима қағаздар, семантикалық карта, «паровоз» суреті, топтарды бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Психологиялық дайындық:

- Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым, дара тілім.

-Балалар, барлығымыз сабаққа дайындалып, оқу құралдарымызды дайындаймыз. -Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ. Бүгінгі сабағымызда біз өткен сабақтардан алған білімімізді тексеру мақсатында екі топқа бөлініп жарысатын боламыз. Топтарды мына бағалау парақшасы арқылы бағалайтын боламыз. Ең алдымен, топтарға бөлініп алайық, ол үшін барлығымыз келіп мына конфеттерден аламыз.

-Оқушылар конфеттерді( алғыр, тапқыр жазуы бар) алып екі топқа бөлінеді.

I топ: Алғырлар

II топ: Тапқырлар

Топ басшысын анықтау.

  1. Өткенді қайталау

-Балалар, қазір біз өткен сабақтан алған білімімізді тексеру үшін мына ұпай сандары бар ұяшықтарды таңдай отырып сұрақтарға жауап береміз.

Оң жақтағы 10: Қандай сөздерді күрделі сөздер дейміз? Мысал келтір!

Ортадағы 10: Күрделі сөздер нешеге бөлінеді? Оларды ата

Сол жақтағы 10: Қандай сөздерді біріккен сөздер дейді? Мысал келтір!

Оң жақтағы 20: Таскөмір сөзінің күрделі сөз екенін дәлелде!

Ортадағы 20: Ішінде қос сөз кездесетін мақал-мәтел айт!

Сол жақтағы 20: Өз сыныбыңда есімі біріккен сөз болатын оқушы барма? Бар болса, сол есімдерді ата!

  1. Білімді тексеру кезеңі:

Дәптермен жұмыс.
Күннің ретін жазу:
Сегізінші желтоқсан

Сынып жұмысы

Көркем жазу: Аа

Ата-ана
Терме диктант:
Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата - ана, үйір - үйір, қосаяқ, бала - шаға, алабота, анда - санда, Темірқазық, жалт – жұлт, Алатау, тып-тыныш, мап-майда.
Оқулықпен жұмыс.

34-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз.

Мекендеп құз-қияны,

Шыңға салар ұяны.

Қыран тасқа қонса да,

Мұқалмайды тұяғы.

Қос сөздің астын сыз. Оның екі сыңары екі түрлі сөзден жасалғанын байқа.

Оқушылар оқулықты жауып, өлеңді жатқа жазады. Оқулықты ашып, әр оқушы өз қатесін тексереді.

-Енді әр топ қос сөздердің жасалуына байланысты қорытынды шығаруы тиіс.

Қос сөздер бір сөздің қайталануы және екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы жасалады: айта-айта, кезек-кезек, ар-ұят, киім-кешек, сарт-сұрт.

Тақтамен жұмыс.

36-жаттығу.

-Балалар, қазір қыс мезгілі. Сендер қыс мезгілін ұнатасыңдар ма? Сендерге қыс несімен ұнайды?

- Олай болса, өзімізге ұнаған өте әдемі ұлпадай аппақ қарды таңдап алайық та аққала жасайық. Ол үшін біз қос сөздерден сөйлем құрастыруымыз қажет.

Әр топтан екі оқушы орындайды.

1-қар: үлгі-өнеге; 2-қар: ойлай-ойлай; 3-қар: жалт-жұлт; 4-қар: топ-топ.

37-жаттығу. Мәтінді оқып, қос сөздерді тап. Қос сөздердің жасалуын түсіндір.

Қос сөздерді теріп жаз, бірінші сыңарларының тұлғасына назар аудар.

Мөп-мөлдір, тап-таза, сап-сары, мап-майда, ап-анық, тіп-тік, судыр-судыр.

Бір оқушы мәтінді оқиды. Екі топ оқушылары қос сөздің тағы қалай жасалатынына назар аударып, қорытынды шығарады.

Сөздің алдынан күшейткіш буын қосу арқылы да қос сөздер жасалады: қып-қызыл, тап-тар, түп-түзу.

Сергіту сәті.

Семантикалық картамен жұмыс.

Қос сөздер

Бір сөздің қаталануынан жасалған қос сөздер

Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздер

Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер

Ата-баба

Кезек-кезек

Тау-тас

Күте-күте

Быт-шыт

Тап-таза

Қырқа-қырқа

Іркес-тіркес

Тп-тыныш

Салдыр-салдыр

Үп-үлкен






  1. Бекіту

Екі топқа да кезекпен лездеме оқылады. Топ оқушылары бұл сөзді тауып, ол сөздің күрделі сөздің қай тобына жататынын айтуы керек.

Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалады? Бірқазан (біріккен сөз)

Баққаным әрі құс, әрі түйе. түйеқұс (біріккен сөз)

Қалай шешен боласың? сөйлей-сөйлей (қос сөз)

Қоңыраудың даусы қалай шығады? Тыр-тыр (қос сөз)

Жаңбыр басылған соң аспанда көрінеді. Кемпірқосақ (біріккен сөз)

Сағаттың даусы қалай шығады? тық-тық (қос өз)

«Паровоз» ойыны. Ауызша.

Қос сөздері бар паровозға көптік, тәуелдік жалғаулары бар вагондарды тіркеп көр. Қос сөздердің бәріне көптік, тәуелдік жалғаулары жалғана ма? Дәлелде.

Әке-шеше көптік жалғаулар тәуелдік жалғаулар

Сарт-сұрт

Әп-әдемі

Ескі-құсқы

  1. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы:

- Балалар, біз бүгінгі сабақта не істедік?

- Топпен жұмыс істеген ұнады ма?

- Бүгінгі сабақтан өздеріңе не түйдіңдер?

  1. Үйге тапсырма: Қос сөздерді қатыстырып «Қыс кереметі» тақырыбында әңгіме құрастыру.

  2. Бағалау. Екі топтың ұпай сандары есептеліп, жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.




















«Көкпекті орта мектебі» КММ









Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Қос сөздер. Қайталау»


Өткізген: Абылбекова А.А.



















2015-2016 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
822
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі