400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Қошақаны қойдың .Қой

Материал туралы қысқаша түсінік
Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қошақаны қойдың Қой

Мұғалімнің аты-жөні:Берікболова Д.Қ

Күні: 28.02.18

Сынып: 2

Пән:

Әдебиеттік оқу

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары





Міндеті:

2.1.3.1 - шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, мәнерлеп оқу;

Қошақаны қойдың Қой пірі Шопан ата туралы тереңірек түсіндіріп, пайдасы туралы әңгімелеу.


Білімділік. Білім беру мен білім алудағы ұлттық салт-дәстүрді, қой малының пайдасы жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамытушылық. Тіл байлықтарын, сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Ұлттық салт-дәстүрді, тағам түрлерін қадірлеп, малды ұрмауға тәрбиелеу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  интерактивті тақта, А³ әр топтық тапсырмалар, кері байланыс, гүл мен көбелектер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Түрі

Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

Уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут








Топтарға бөлу


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Керемет!

Сабаққа дайындықтарыңыз ше!

-Тамаша!

Ынталарыңыз ше?

-Керемет!

Ендеше бастайық

О-о бастасақ бастайық.


Жақсы балалар, тамаша отыра қойындар. Балалар сендерді топқа бөліп отырғыздым.

-Енді балалар әр топтын несі болады?


Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.

- Балалар мына сөз нені білдіреді?

1-топ: «Қошақан»

2-топ: «Ботақан»

3-топ: «Құлыншақ»

4-топ: «Бұзауқан»


-Ал, балалар топтын тағы несі болады?

- Иә, дұрыс балалар.

Топ ережесімен таныстыру.

Балалар бүгін біздің сабағымыздың сонында рефлексия болады.

Бағалау парақшасымен таныстыру


Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын орнатады.








Топтын аты болады


Топ аттары







Ережесі




Гүлге көбелектер қондыру

Тыңдалым







Жаңа білім

10 минут





Айтылым





Оқылым

2 мин

Оқулықпен жұмыс


Жаңа сабақ Жұмбақ жасыру.

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)


Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Қошақаны қойдың

Мақсаты: Қошақаны қойдың қой пірі Шопан ата туралы тереңірек білеміз.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Топпен жұмыс

Балалар біз 1 сыныпта төрт түлік туралы музыка, сауат ашуда өтіп таныстық. Естеріне түсіріндер. Мен сендерге 1 минут уақыт беремін. Әр топ өз топтарының атасын атап шығады.


-Балалар енді оқулығымыздың 54 бетін ашайық.Қой туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз.

Мақал-мәтелдер мен қой туралы жырды мұқият оқып шығайық.

Осы мақал –мәтел мен жырдың ішінде таныс емес көнерген сөздер бар.

Қойдың сүті қорғасын - қойдың сүті қою, майлы болғандықтан қорғасын деп атайды.

Қойды ұрған оңбасын - малды ешқашан ұрмайды, ұрса малын болмайды.

Жамыраған - қой мен қозының табысқан кезі.

Аңыраған - қойдың қозысынан айырылған кезі.




Оқушылар-

дың жауабы



Оқулық,

мәтіндер.













Оқулықпен жұмыс




Оқушылар-

дың жауабы


АКТ қолдану


Сергіту сәті

2 мин


Сергіту сәті Қошақаным қайда екен?


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Жазылым

Дәптермен жұмыс

10 минут

Мақал – мәтелді көшіру.



Дәптермен жұмыс

Аяқталуы



Бекіту


 Сұрақтарға жауап береді.

- Қойдың қандай пайдасы бар?
- Қойдың пірі қалай аталады?
- Қойдың төлі қалай аталады?

Топтық жұмыс
- Қойдың адамға тигізер пайдасы туралы постерге түсіру.

(Оқушыларға жаздыру)


Сұрақ жауап



Постермен жұмыс


Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Гүлге көбелектерді қондыру» атты стендке бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көбелекке жазғызып гүлге жапсырту.

Алған әсерлерін көбелекке жазып гүлге қондырып жапсырады.


Үйге тапсырма: 55 бет «Қой» туралы жырды жаттау.







«Курчатов қаласы №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

















Қошақаны қойдың Қой

Әдебиеттік оқудан ашық сабақ

2 сынып

Қойдың құйрық майын шыжғырып, жылы күйінде 100 грамм ішсеңіз жөтелді басып, қақырықты түсіреді
және одан жасалатын тағам
Қой құйрығынан дайындалған тағам.
Аты қалай екенін білмедім. (тақырыпты жәй жаза салдым) Өзіме ұнады. Бұны май жей алмаймын дейтіндер қалай жегендерін байқамай қалады. Сонымен дайындалуы:

Пісірілген құйрық майды салқындатып аламыз да жұқалап жалпағынан кесеміз. 
Майдалап сарымсақ турап аламыз да оған қызыл, қара бұрыш және майонез қосып 
жақсылап араластырамыз.
Енді дайын қойыртпаны тілімделген майға жағып қайта қатпарлаймыз. Арасына
қалауыңызша шұжық қоссаңыз да болады.
Соңында тоңазытқышқа саламыз да біраз уақыт салқындатамыз. Бітті. Пышақпен 
қыршып ал да жей бер. Қосқан бұрыш, сарымсақтар майдың жүрек айнытатын қасиетін 
азайтып тастайды. Тымау, сымаудың алдын алуға жақсы пайдасы бар.


Төрт түліктің пайдасы


Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы. 
Сынып: 5 
Сабақтың мақсаты: 
- төрт түлік мал және оның пайдасы туралы біліп, әңгімелеп үйренеді; 
- ойлау, танымдық қабілеттері, ойын жеткізе білу дағдылары артады; 
- еңбекті бағалай білуге тәрбиеленеді. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, жазба жұмыстары, тілдік жаттығулар; белсенді тақтамен жұмыс, тыңдау, бейнекөрсетілім, тест, жұмбақ шешу. 
Көрнекіліктер: ОТҚ-белсенді тақта, бейнекөрсетілім, суреттер. 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру: амандасу; 
оқушыларды түгендеу; 
сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру. 
«Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Төрт түліктің пайдасы. Біз өткен сабақтарда төрт түлік малға не жататынын айтқанбыз. Ал енді олардың адамға қандай пайдасы бар екені жайлы білетін боламыз, бейнекөрсетілім, оқулықтарың бойынша мәліметтер алып, солар бойынша өздерің сөйлеп үйренесіңдер, білімдеріңді ары қарай кеңейтесіңдер. Сонымен бірге ауызша, жазбаша жаттығулар орындап, Кімдікі? Ненікі? деген сұрақтарға жауап беру арқылы иелік формасын қайталаймыз». 
II. Үй тапсырмасын пысықтау. 
«Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, төрт түлік мал туралы білетінімізді еске түсірейікші. Менің жұмбақтарымды шешіңдер». (Жұмбақтар шешілген сайын белсенді тақтадан кезекпен төрт түлік малдың суреттері көрсетіледі). 
«Кішкен ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар» 
- Бұл не? 
- Бұл қой. 
- Қойдың төлі не? 
- Қойдың төлі - қозы (оқушылардың жауабынан кейін төлінің суреті шығып отырады). 
«Екі айнасы бар, Екі найзасы бар» 
- Ол не? 
- Ол сиыр. 
- Сиырдың төлі не? 
- Сиырдың төлі - бұзау. 
«Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ». 
- Бұл не? 
- Бұл жылқы. 
- Жылқының төлі не? 
- Жылқының төлі - құлын. 
«Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан». 
- Бұл не? 
- Бұл түйе. 
- Түйенің төлі не? 
- Түйенің төлі - бота. 
«Жақсы, балалар, енді иелік формасын қайталайық. Келесі суреттерге назар аударыңдар. Мұнда кімдер және нелер бейнеленген?» (Қозы, бота, сиыр мен бұзау, ат, әже, жігіт, қой, түйе суреттері кезекпен көрсетіліп, атауларын айтады. Содан соң келесі сұрақтарға жауап береді). 
- Қозы ненікі? (Белсенді тақтада қалам көмегі арқылы қозының суретін жылжытып қойдың жанына қояды, жауабын суреттің астына жазады, жұрнағын көрсетеді, қалған суреттер де осындай кезекпен орындалады). 
- Қозы қойдікі. 
- Бота ненікі? 
- Бота түйенікі. 
- Бұзаулы сиыр кімдікі? 
- Бұзаулы сиыр апанікі. 
- Ат кімдікі. 
- Ат жігіттікі. 
«Ал енді біз «Не істейді?» деген сұраққа жауап беру арқылы, төрт түлік малдың қайсысы қалай дауыстайтынын еске түсіреміз». 
- Сиыр не істейді? 
- Сиыр мөңірейді. (Әр малдың мөңіреген, маңыраған, кісінеген, боздаған дауыстары естіліп тұрады). 
- Қой не істейді? 
- Қой маңырайды. 
- Жылқы не істейді? 
- Жылқы кісінейді. 
- Түйе не істейді? 
- Түйе боздайды. 
III. Жаңа сабақ. 
1. «Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын біздің сабағымызға қажет болатын сөздермен танысайық». 
мата - ткань бесбармақ – бешбармак (национальное блюдо) 
көрпе - одеяло момын – скромный, тихий 
тері – кожа көлік - транспорт 
киіз - кошма жүн - шерсть 
алаша - дорожка қазы жасайды – делают казы 
серік - спутник маңызды – важный 
Сөздік жұмысы: сөздер оқылады, аударылады, қайталанады. 
2. Тақтадан «перде» нүктесін басу арқылы сөзді жабамыз да аудармасы арқылы табамыз. 
3. Сөздік дәптерлеріне жазады. 
4. «Енді біз осы төрт түлік малдың адамға қандай пайдасы бар екені туралы айтамыз. Мына бейнекөрсетілімге назар аударып, тыңдайық». Тақтадан төрт түлік мал мен олардың пайдасы жайлы хабар беретін бейнекөрсетілімді қараймыз, мәтін оқылып тұрады. 
5. Оқушылар мәтінді өздері дауыстап оқиды. 
«Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның жан серігі, айрылмас досы болған. 
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады. 
Сиыр - ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады. 
Жылқы - ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады. 
Төрт түліктің төресі - түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді». 
6. Сұрақтарға жауап береді. 
- Қой бізге не береді? 
- Ет, жүн, тері. 
- Сиырдан адамдар не алады? 
- Сүт, ет. 
- Сиырдың сүтінен не жасайды? 
- Сүттен айран, май, құрт жасайды. 
- Жылқының қандай пайдасы бар? 
- Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар. 
- Адамдар түйені қалай пайдаланады? 
- Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б. 
IV. Бекіту.1. Оқулық, дәптермен жұмыс. 80-беттегі 2-тапсырманы жазбаша орындайды. Мысалы: «Жүннен не жасайды? Жүннен киіз басады. т.б.» 
2. Жұмыстар оқылып, тексеріледі, қателері түзетіледі. 
3.Тестілеуші құралды пайдаланып оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді. 


V. Бағалау. 
VI. Үйге тапсырма. «Төрт түлік малдың пайдасы» тақырыбына шағын мәтін құрып келу. 
Сөздік жаттау.

Бастауыш сыныптарға арналған ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлыр. Қой.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға төрт түлік және қой туралы жан- жақты 
мағлұмат беру. Оның ерекшелңктері, пайдасы туралы 
білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың оқу дағдыларын сөздік қорларын
ойларын толық жеткізе білуге, есте сақтау қабілет-
терін, танымдылық, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, ұйымшылдыққа 
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,оқу, ойын, СТО 
стратегиялары.
Көрнекілігі: Төрт түлік суреттері, үлестірмелі қима қағаздары,
мақал-мәтел, интеративті тақта.
Болжамдап отырған нәтиже:Оқушылар төрт түлік туралы мәлімет
алады. Өлеңді мәнерліп оқи алады, өз
сөздермен мағынасын айта алады.
Сабақ жоспары: 
І Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Сабаққа назарларын аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1 Сұрақ-жауап. 
2 Оқимыз
3 Қорытындылау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
1 Ребус шешу.
2 Топтастыру
3 Қорытындылау
4 Негізгі тақырыпқа көшу
- Жұмбақ жасыру
- Қой туралы мағлұмат беру 
5 Сергіту сәті:
6 Оқулықпен жұмыс
а) Іргетасын қалау
- Мақал-мәтелдер мағынасын ашу
ә) Қабырғасын қалау
- Өлеңді оқу, оқыту, тізбектеп оқу,ырғақпен оқу, тауып оқу.
б Шатырын жабу
- « Ішіне-сыртына» стратегиясы
7 Дәптермен жұмыс:
Шығармашылық тапсырма:
Қой сой той,қой,қос,қон.
8 Есік орнату:
Кестемен жұмыс
ІV Сабақты бекіту : 
1 « Ой толғау» - СТО стратегиясы
2 Кесте бойынша қорыту
V Сабақты қорытындылау және бағалау.
VI Үйге тапсырма:
Сабақ барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі: 
1 Оқушылармен амандасу
2 Түгелдеу
3 Сабаққа назарларын аудару
4 Психологиялық дайындық
5 болсын алар бағамыз 
Білімнен бақыт табамыз
Өнер білім көп алып
Өсе берсін санамыз
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1 Сұрақ-жауап 
2 Оқимыз 
3 Қорытындылау 
« Ұрлық түбі-қорлық» мақалы кімдерге қатысты айтылған?
- Енді біздің алдыңғы сабағымызда осы үй жануарларға.
ІІІ Жаңа сабақ 
1 ребус шешу.
,, ,, ,,
4 түлкі 2 көл 
Төрт түлік 
- Төрт түлікті атау, пірлері, төлдері.
2 Топтастыру

І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
нрп 

3 Қорытындылау.
- Жұмбақтар шешу
- Мақал-мәтелдер
- Тыйым сөздер
4 Негізгі тақырыпқа көшу
Мұғалім: Өзі мойын Шопан ата баласы
Жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар.
Аппақ қана сүті бар, шағаладай құртты бар,
Бұл қай жануар баласы?

Қой- қосмүйізді, аша тұяқты, момын мал. Оның сүйсініп жейтін шөптері; изен, жусан,ажырық. Жүннен киіз басады, жіп иіріп қолғап,шұлық тоқиды. Етін тағам жасайды.
Қойды жасына қарай: қозы, марқа қозы, тоқты,саулық, тоқтаған қой деп атайды.
ІV Сергіту сәті « Қошақаным»
- Қазір қай жыл мезгілі?
Ия, қылышын сүйретіп қыс келеді. Осы малдарға үлкен күтім керек. « Сыйға сыр-сырыға бал» деген мақал бар. Малға үлкен қора жай соғып. Тапсырмаларды орындасақ, мал атасы қуанып қалған болар еді. 
6 Оқулықпен жұмыс:
1 тапсырма 
- мақал-мәтел оқу, мағынасын ашу.
2 тапсырма 
- өлеңді оқу, оқыту, тізбектеп оқу, ырғақпен оқу, тауып оқу.
3 тапсырма 
- ішіне-сыртына стратегиясы: қойға қатысты ішіне жазу
Ішіне Сыртына

4 тапсырма
Дәптермен жұмыс:
-шығармашылық тапсырма: «Қой» бір дыбысын өзгерте отырып бірнеше сөз жазу, оқу.
5 тапсырма 
1 топтық жұмыс
- Қойдың пайдасы туралы жазу:
Жүнінен жасалатын заттар. Терісіннен жасалатын заттар Сүтінен әзерленетін тағамдар
Киіз, текемет,киім-кешек,аяқ киім, шұлық, төсеніш. Тон,мәсі, сырт киімдер,сөмкелер. Сүт, айран, ірімшік, құрт.

Біз тапсырманы орындадық. Қойларға әдемі қоражай соқтық
- пішіні қандай?
- -тік төрт бұрыш, шаршы
- Тік емес төрт бұрыш
V Сабақты бекіту: 
1 « Ой толғау» стратегиясы
- Қой дегенде не елестейді көз алдыңдарыңа?


2 кесте бойншы қорыту 
БҮҮ стратегиясы
№ Сұрақ Жауап
1

2




4
5
6 Сүттің қасиеті:

Мал атасы:


Мал төлдері:

Малдың сүйікті асы
Малдың пайдасы
Малды кім бағады Р

Т - сұйіқ, ақ түсті, тәтті үйыйтін қасиеті бар
- Шопан ата, Зеңгі баба, Шекшек ата, Ойсыл қара,Қамбар ата.
Бұзау, қозы, лақ, бота, құлын.
Жоңышқа, жаңқа, жусан
Еті, жүні, сүті, терісі.
Шопан, жылқышы, бақташы, түйеші.

VI Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау

VII Бағалау: Білім деңгейіне қарай бағалау

































































Пәннің аты:әдебиеттік оқу

Уақыты:28..2015ж

Кабинет:3

Мұғалім:Кенжебекова К.С

Сабақтың атауы

Қой

Мақсаты

Сабақ мақсаты: Оқушыларға төрт түлік және қой туралы жан- жақты мағлұмат беру, ерекшеліктері, пайдасы туралы 
түсінік қалыптастыру .
Оқытудың нәтижелері:
1 Оқушылар төрт түлік туралы мәлімет алады. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, өз сөздермен мағынасын айта алады.
2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.

Сабақтың түрі : аралас сабақ 
Көрнекіліктер: интертақта , 
Әдіс –тәсілдер : «Доп лақтыру » оқыта үйрету әдісі, «Сандықша » оқыта үйрету әдісі , « Ой толғау» стратегиясы .


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!.

2) Топқа бөліну
- Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.

1-топ: Қошақан

2-топ: Ботақан

3-топ: Құлыншақ

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру . Тақтадан ертегі түрлеріне байланысты суреттер көрсету. Суреттер арқылы ертегі түрлерін ажырату . «Доп лақтыру » оқыта үйрету әдісі

1-топ: Жан-жануарлар туралы ертегілерге қандай ертегілер жатады ?(Қасқыр мен түлкі, Аңқау арыстан )

2-топ: Қиял-ғажайып ертегілерге қандай ертегілер жатады ? (Ұр , тоқпақ, Шибұт , Қылмойын , Қарынбас )

3-топ: Шыншыл ертегілерге қандай ертегілер жатады ?(Сақина , Байлық пен ақыл )



Мағынаны тану

1.Жаңа сабақ . Жұмбақ жасыру

А)Өзі момын Шопан ата баласы
Жүні жұмсақ, сойсаң тәтті еті бар.
Аппақ қана сүті бар, шағаладай құрты бар,
Бұл қай жануар баласы?


Ә) Кішкентай ғана бойы бар ,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой )

Күн ретін жазу .

2. Сұрақтарға жауап береді. ҚОРЫТЫНДЫ

Қойдың қандай пайдасы бар?
Қойдың пірі қалай аталады?
Қойдың төлі қалай аталады?


3. Топтық жұмыс БЕКІТУ
- Қойдың пайдасы туралы постерге түсіру

1 –топ: «Қошақан» Жүнінен жасалалатын заттар
2 –топ: «Ботақан » Терісінен жасалатын заттар 
3 – топ: «Құлыншақ » Сүтінен әзірленетін тағамдар

4.Оқулықпен жұмыс

1 тапсырма 
- мақал-мәтел оқу, мағынасын ашу.
2 тапсырма 
- өлеңді оқу, оқыту, тізбектеп оқу, ырғақпен оқу, тауып оқу.

Сергіту сәті

Көңілді күн


Ой толғаныс

«Сандықша » оқыта үйрету әдісі

1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (Түйе)
2. Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой)

3. Екеу елеңдеп келеді,
Төртеу төбелесіп келеді. (Жылқы).

4. Туа сап жүріп кеткен
Енесін қуып кеткен. (Құлын)
5. Қамыс құлақ, тастаған тұяқ
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
6. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар
Екі шыбыртқысы бар. (Сиыр)
« Ой толғау» стратегиясы
- Қой дегенде не елестейді көз алдыңдарыңа?

Жоңышқа, жаңқа, жусан
Еті, жүні, сүті, терісі, Шопан ата . 


Үйге тапсырма

«Қой» жырды жаттау.


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







ІІ. Жаңа сабақ. 
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пйдасымен танысамыз. 
1. Сөздікпен жұмыс. 
Түйе – верблюд 
Жылқы – лошадь 
Сиыр – корова 
Қой – овца крау
Ешкі – коза 
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша) 
М: ақ ешкі, қара сйыр, үлкен түйе т.б. 
- Ал , енді олардың төлдерімен таныс болайық. 
Бота – верблюжонок 
Құлын – жеребенок 
Бұзау – теленок 
Қозы – ягненок 
Лақ - козленок 
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша) 
М: қоңыр қозы, ала бұзау, сүйкімді лақ. 
2.Мәтінмен жұмыс. 





Қошақаным қайда екен?! 

Өлеңін жазған: Сабырхан Асанов

Әнін жазған: Әсет Бейсеуов
 
Жазда апамның ауылына, 
Барып едім қыдырып. 
Бір қошақан алдымнан, 
Ойнап шықты жүгіріп. 
 
Қайырмасы: 

Ақ маңдайы ай ма екен?! 
Шекер ме екен, бал ма екен?! 
Кеттім оны сағынып, 
Қошақаным қайда екен?! 
 
Демалыста өзіңді, 
Тағы іздеп барамын. 
Бір қошақан бәрі бір, 
Сені тауып аламын. 

Қайырмасы:
 
Қозыларым жүр ме екен? 
Ерке сұлу сол ма екен?! 
Мені қашан келер деп, 
Сағынып ол жүр ме екен?! 

Қайырмасы:









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
1721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі