жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Қошақаны қойдың. Қой 2-сынып
|
Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп:Ақтөбе қаласы №60 ЖОББМ Ұзақ мерзімді сабақ жоспары:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Күні:26.02.20ж. Қатысқандар саны: 28 Сынып: 2 «Г» Қатыспағандар саны: 0 Мұғалімнің аты-жөні: Ералина Р.Т. |
|||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Қошақаны қойдың. Қой |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары : |
2.1.5.1 - өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу 2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру |
||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізе алады;мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыра алады. Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Төлдерін айта алады. Төлдердің иесін,пірін атай алады. Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||
|
Бағалау критерийлері: |
Өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізеді; мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастырады. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту: |
Тапсырмаларды топта орындай отырып,ынтымақтастық жүзеге асады; Бір-бірінің пікірлерін тыңдай отырып, құрмет көрсете отырып, «Кестені толтыр»ойыны арқылы зерттеу жасап,өмір бойы білім алуға жетелеу; «Жарнамалау» әдісі бойынша оқушылардың ашықтық құндылығы жүзеге асады |
||||
|
Пәнаралық байланыстар: |
Тірек сөздерді пайдалана отырып өз ойлары мен сезімдерін жеткізу; үлгі бойынша шағын әңгіме, дайын ұйқастарды қатыстырып өлең құрастыру арқылы қазақ тілі пәнімен; Психологияялық ахуал орнату үшін тақырыпқа сай музыка тыңдау арқылы музыка пәнімен; «Коллаж әңгіме» әдісі арқылы көркем еңбек пәнімен; Үй жануарларын,пірлері мен пайдасы туралы айта отырып жаратылыстану пәнімен байланысады. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары: |
https://imektep.kz/kz/tort-tulik-mal |
||||
|
Бастапқы білім : |
Ұзынсары. Қабдеш Жұмаділов. Құттықтау хат жасау. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарлан ған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 5мин |
Класс ішінде «Наурыз» әні баяу ойнап тұрады. Психологиялық ахуал орнату -Қане,балалар,сабаққа дайынбыз ба? Ендеше зейінімізді тұрақтандырып алайық. («Энергияны активациялау» жаттығуы жасалады) Музыканың сәл дыбысын шығарамын: -Сонымен,балалар,өткен жолы қандай тақырып өткен едік? -Наурыз қандай мереке? -Наурыз көжеге не қосып пісіріледі? -Олай болса,бүгін сабақта біз де наурыз көже жасаймыз. Әр тапсырма орындаған сайын көженің әр құрамын қазанға салып отырамыз. Өткен сабақты бекіту «Қалтадағы сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіреміз. Қызыл қалтадан әр топ асық таңдайды. Қандай нөмірлі асық түссе сол номерлі «Кір жаятын жіпте» ілулі тұрған сұраққа жауап береді.
Дискриптор:
Әр топқа жауаптары үшін «Асықтарың алшысынан түссін» деген тілек айтып, асық сыйлайды. |
https://matinder.kz/song/roza-rymbaeva/nauryz А-3 форматтағы суреттер
|
|||
|
Сабақтың ортасы 15мин |
Жаңа тақырыпты болжау: Жоғарыдағы суреттердің астынан шыққан суреттер тақтаға ілінеді. -Тура суреттер сіздердің алдарыңызда да жатыр.Сол суретке,тапсырмаға қараңыз.Ойлануға 1 мин.уақыт беремін.Осы сурет туралы не айтар едіңіз? Барлық топ өздеріне түскен суреттер мен сөздер тізбегін жобалап, ойларын айтады. 1-қазы: үй жануарларының суреттері 2- су: Мал шаруашылығы туралы мәтіннен үзінді 3- сүт:төлдердің суреттері 4- бидай: Киіз,тоқыма кілем,жүн 5- тары: Түлік иелерінің суреттері 6- жүгері: Артынан Ай мектептің белгісі шығады -Қане, тақтаға назар аударайық (Ай мектептен видео қарау) Ай мектептен «Төрт түлік туралы» видеосын көреді. Мұғалім: - Қане, осы мәліметтердің барлығына тән,ортақ қандай ұқсастық бар? Бала:-Барлығы да малға (үй жануарларына) байланысты Мұғалім: Дұрыс.Біздің бүгінгі тақырыбымыз – мал шаруашылығымен байланысты болмақ. -Осы төрт түлік малдың ішінен бүгін біз қандай түлікке тоқталатынымызды ашылмай қалған 7-суреттен білеміз.Яғни көжемізге тұз саламыз. (кітаптағы жұмбақ) Дискриптор:
Шешуін таптырып,сабақтың тақырыбын хабарлаймын.Оқушыларды алшы асықпен марапаттаймын. Сабақтың мақсатын бірге анықтаймыз.Бүгінгі сабақтың критерийімен таныстырамын. Жаңа білім Мәтінмен жұмыс. Оқып беремін.Топ ішінде хормен оқытамын. Ассоцация тәсілі арқылы өлеңді жаттауға дайындаймын(мазмұнына сай суреттерді,джестті қолдану арқылы) Сергіту сәті «Төлдер қалай дыбыстайды?» «Тосын сый немесе көненің көзі» Демонстрациялау әдісі арқылы қой өнімдерімен таныстыру. Топпен жұмыс 1-топ: «Ұйқасын тап» әдісі Дайын ұйқастарды қатыстырып өлең жолдарын қалпына келтіру ; 2-топ: «Кестені толтыр»Жүнінен жасалатын заттар,Терісінен жасалатын заттар, Сүтінен әзірленетін тағамдар кестесін толтыру 3-топ:«Коллаж әңгіме» әдісі Оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Әр түрлі қиып алынған суреттерден коллаж жасап,сол бойынша әңгіме құрау. 4-топ: Кітапта берілген мақал-мәтелдің мағынасын ашу.Жұмбақ пен мақалға сүйеніп қой малына сипаттама беру. 5-топ: Қой малынан алынатын өнімдерге жарнама жасау. Дискриптор:
-Жарайсыңдар, балалар,керемет!Асықтарың шынымен де алшысынан түсті. - Сонымен бүгін не білдік? Есімізде не қалды екен, тексеріп көрейік. Ай мектеп арқылы тест жұмысын орындау.
Нәтижелерін алшы асық арқылы марапаттаймын. |
А-4 форматтағы суреттер https://imektep.kz/kz/tort-tulik-mal
«Қошақаным қайда екен» әуені
https://imektep.kz/kz/game#quiz-973
|
|||
|
Сабақтың соңы 5мин |
-Бүгінгі сабақ қалай өтті?Ұнады ма? -Неге асық арқылы марапаттады деп ойлайсыңдар? -Асық малдың жасына қарай әр түрлі болады.Мал ересек болған сайын асық салмақты,пысық болады.Еркек малдың асығынан САҚА жасайды. Алдарыңда үш түрлі асық тұр. Сабақты түсіндім,мен үшін маңызды болды десек, алшы тұрған асыққа; Түсіндім,бірақ жауапсыз сұрақтар қалды десек, шік тұрған асыққа; Ал,түсінбедім,мен үшін маңызсыз десек, бүк жатқан асыққа стикерімізді жапсыра қояйық. |
Асық түрлері,оқушылардың аттары жазылған стикерлер. |
|||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік |
|||
|
Барынша қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма: «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру Орташа қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма: Суретке қарап тақырыпты болжау.Өз пікірлерін айту Аз қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма: Шығармашылық тапсырмалар орындайды. |
Кері байланыс «Алтын сақа» әдісі арқылы жасалады. |
Жұмыс жасау кезінде оқушылардың гигеналық талаптарды сақтауы. Интерб.тақтаны талапқа сай қолдану. Оқу құралдарын талапқа сай қолданып, бір-бірін және өзін сақтандыру. |
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||
|
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
| |||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген