400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Қосарлама қос сөз" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ тақырыбы: Қосарлама қос сөз. 4 сынып. Қосарлама қос сөз туралы түсінік беру. Оның жасалу жолын түсіндіру. Қайталама қос сөзден айырмашылығын түсіндіру. Осы ашық сабақ арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру Және өткен сабақтарға шолу жасап білім деңгейін көрсету. Жұптық, топтық жұмыстар жүргізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер
Мақсаты: Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту, сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге, қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, суретпен жұмыс, салыстыру
Пәнаралық байланыс: әдебиет, сурет
Көрнекілігі: флипчарт.
Күтілетін нәтиже:
Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып, фонетикалық талдау жүргізеді

Сабақтың барысы
1 Психологиялық дайындық:
Қос сөздерден оқушылар бір - біріне тілек білдіреді
2 Қызығушылықты ояту:
Семантикалық карта. Семантикалық картада қос сөздер түрлері мен мысалдар беріледі, оқушылар орындарында орындайды.
3 Мағынаны тану
Экранда жазулы тұрған өлеңді бір оқушыға оқыту. Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық
Арасында құлын - тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары - төмен үйрек - қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз - келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап
Абай.
Құлын - тай, жоғары - төмен, үйрек - қаз, қыз - келіншек
/Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/

Құлын - тай
Жоғары - төмен
Үйрек - қаз
Қыз - келіншек
көре - көре
жарқ - жұрқ
Үйді - үйге
өз - өзіне

- Бұл сөздер қалай жасалып тұр?
- Неше түбірден қосарланған?
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді қосарлама қос сөздер дейміз.(Экраннан көрсету)
- Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз
Елу түйесі, екі жүздей қой – ешкілері тағы бар.
- Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет? / Екі түбірі де бір - біріне мағыналас сөз.
- Олай болса, қосарлама қос сөздер, мағыналары бір - біріне жақын (синоним) сөздер я қарама - қарсы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: қысы - жазы, жата - жастана, аға - іні, ауыл - аймақ, ағайын - туыс.
Ол үйдің бала - шағасына дейін тыным таппайды.
- Бір мағыналары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.
Мысалы: көйлек - көншек, жүн - жұрқа, қыз - қырқын т/б
- Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды. Себебі бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға» сөзі «Кішкентай, қызыл шақа» деген мағынаны берген т/б түсінік беріп кету.
Сандалып келе жатты ақсақ киік
Бір тоқтап, анда - санда есін жиып
Ақ бөкен сахараның ботагөзі
Атты екен қандай мерген көзін қиып.
Сәкен Сейфуллин.

- Екі сыңарыда мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: анда - санда, оқта - текте, ығы - жығы, некен - саяқ т/б.
Мұғалімдерге оқу - әдістемелік құралдар жіберілді.
- Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы. Олардың сыңарлары әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді. Мысалы: Оқу - әдістемелік, мәдени - ағарту, қазақша - орысша үгіт - насихат т/б.

Оқулықпен жұмыс
93 - жаттығу. Тізбектей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды 95 - жаттығу. Тақтамен жұмыс
Сөз тіркесін жасайды.
Ойын - тойдың сәні, көші - қон қамы т/б.
«Жалғасын тап» ойыны
дос -............
егжей -.........
..........- жарақ
сәлем -........
..........- насихат
..........- сарсаң
..........- келбет
әрі -...............
ығы -........

Фонетикалық талдау
3 топқа тапсырма
1 - топ: Дос - жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу
2 - топ: Кескін - келбет сөзіне
3 - топ: Ығы - жығы сөзіне талдау
Суретпен жұмыс
2 сурет беріліп, оқушылар өз таңдауы бойынша қос сөздерді қатыстырып әңгіме құрайды.

Бекіту: «Қосарлама қос сөздерге» топтастыру құру
Үйге тапсырма: Ереже жаттау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
867
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі